Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қызылжар төріндегі татар әуені

Қызылжар төріндегі татар әуені

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Татарстан Республикасының делегациясын Республика Раисы Рустам Минниханов бас­тап келді. Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласында болған Қазақстан мен Ресейдің ХХІІ өңіраралық ынтымақтас­тық форумында өңірлер арасын­дағы өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықты нақты мазмұнмен толықтырып, тату көршілік байланыстарды нығайтудың маңызды тетігі екенін атап өткен болатын. Петропавлдағы кездесу – осы ұстанымның нақты көрінісі.

Ресми делегацияны облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған топ қарсы алды. Қарсы алушылардың ішінде татар этномәдени орталығының мүшелері, қоғам белсенділері болды. Солтүстік Қазақстан облысы мен Татарстанды ғасырлар қойнауынан жалғасқан ортақ тарих, рухани жақындық және өзара сыйластық байланыстырады. Татарстан делегациясының құрамында 200-ден астам татар мәдениетінің көрнекті өкілі жүрді.

Сапар аясында Петропавл қаласында көрнекті татар ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Ғабдолла Тоқайдың ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Ғ.Тоқайдың әдеби мұрасы – түркі дүниесінің баға жетпес рухани қазынасының ажырамас бөлігі, ұрпақтар сабақтастығының, бірлік пен рухани тұтастықтың айқын рәмізі. Сонымен қатар делегация қаладағы «Дін-Мұхаммед» атты татар мешіті мен «Мағжан орталығы» мәдени-ағарту орталығына соқты.

Татар зиялылары қазақтың ұлт ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеуге, насихаттауға, сақтауға елеулі үлес қосты. Бұл халықтар арасындағы мәдени және рухани байланыс тамырының тереңдігін көрсетеді. Татарстан Республикасы – Солтүстік Қазақстан облысының негізгі экономикалық серіктестерінің бірі. Өнеркәсіптік, ғылыми және инвестициялық әлеуеті жоғары өңірмен ауыл шаруашылығы, машина жасау, медициналық жабдықтар, электр техникалық өнімдер және құрылыс индус­триясы салаларында бірлескен жобалар табысты жүзеге асырылып келеді.

Кездесу барысында дамудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды, ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар бірлескен жобаларды іске асыруға, сауда-экономикалық байланыс­тарды кеңейтуге, Солтүстік Қазақ­стан облысы мен Татарстан Респуб­ликасы арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеру­ге берік негіз болады.

Татарстаннан келген қонақ­тарға арналған «Қызылжар сабантойы» мерекесі ашық аспан астында мерекелік көңілді жағдайда өтті. Мұнда қазақ пен татардың әндері шырқалып, билері мен ойындары халықтың көңілін шат-шадыман қылды. Дәстүр мен мәдениетті дәріптеген бұл айтулы іс-шара халықтар арасындағы достықтың, туыстықтың, өзара құрмет пен рухани байланыстың жарқын көрінісіне айналды.

Сабантой аясында ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен насихатталып, театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар, қолөнер шеберлерінің көрмелері, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. «Осындай ауқымды іс-шаралар халықтар арасындағы достық байланысты нығайтып, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, Қазақстан мен Татарстан арасындағы бауырластық қарым-қатынастың нығаюына одан әрі серпін береріне сенемін», деді мерекелік ­жиынды ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

ПЕТРОПАВЛ 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 09:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары