Ресей суасты қайықтарын дрон шабуылынан қорғауды күшейтті
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ресей Новороссийскідегі Қара теңіз флотының бірнеше суасты қайығына дрондардың соққысынан қорғайтын металл қорғаныс қаңқаларын орнатты. Бұл туралы Business Insider Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің барлау мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.
Британ барлауының дерегінше, маусым айының басында түсірілген спутниктік суреттерден «Кило» жобасындағы үш суасты қайығына осындай қорғаныс орнатылғаны анықталған. Жақын уақытта бұл жабдық тағы бір қайыққа қойылуы мүмкін.
Сарапшылар мұны Украинаның майдан шебінен алыс орналасқан әскери нысандарға дәл соққы беру мүмкіндігінің артуына байланысты қабылданған сақтық шарасы деп бағалайды. Соғыс басталғаннан кейін Ресей Қара теңіз флотының негізгі күштерін Севастопольден Новороссийскіге көшірген болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:30
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 18:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















