Ресейден жүк көліктерін заңсыз тіркеуге қатысы бар қылмыскер экстрадицияланды
Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
видеодан скриншотҚазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шетелден әкелінген жүк көліктерін Жетісу облысында заңсыз рәсімдеумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесін Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Күдікті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ-ның маманы бола тұра, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 2022-2023 жылдар аралығында автокөлік иелерін іздеп тауып, алғашқы тіркеу алымдары бойынша төлемдер туралы көрінеу жалған мәліметтерді ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы олардың көлік құралдарын заңсыз тіркеген.
Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде 481 көлік құралы заңсыз есепке қойылып, бюджетке міндетті төлемдердің түспеуі түрінде 3,7 млрд теңгеге аса ірі мөлшердегі мемлекетке залал келтірілген.
Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
Биылғы жылдың наурыз айында ол Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес оған тағылған айып бойынша мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бас прокуратура шетелде жасырынып жүрген тұлғаларды іздестіру және оларды жауаптылыққа тарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Бүгін, 09:33
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 09:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















