Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Республика күні мемлекеттің тәуелсіздік символы

Республика күні мемлекеттің тәуелсіздік символы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Республика күні – Қазақстан тарихындағы ерекше күн. 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияға негізделеді. Aikyn.kz осы құжаттың рәсімдік сипаты мен маңызына арналған талдауын ұсынады.

Егемендік декларациясы – өз тағдырын өзі шешуге деген қазақ халқының ұмтылысын заңды түрде паш еткен жаңа заманның белгісі. Сондықтан Республика күнін күнтізбедегі белгі емес, тәуелсіздікке бастар жолдың алғашқы, әрі шешуші қадамы деп атауға болады.

1990 жыл – Кеңес Одағының саяси және экономикалық дағдарысқа ұшыраған кезеңі еді. Осындай тарихи сәтте Қазақстан Жоғарғы Советі еліміздің егемендігін жариялады. Бұл шешім қазақ халқының өз жерінде билік жүргізу құқығын, табиғи байлықтарға иелік етуін және ұлттық мәдениетті еркін дамытуын заңдық негізде бекітті. 

Декларация 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Тәуелсіздік туралы заңның құқықтық алғышарты болды. Сондықтан Республика күні – Қазақстанның егемен мемлекет болып қалыптасуының бастауы саналады.

1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік декларациясы. Фото adebiportal.kz сайтынан алынды

«Республика» сөзі латын тілінен аударғанда «жалпыға ортақ іс» дегенді білдіреді. Яғни, мемлекет билігі белгілі бір топтың қолында емес, халықтың өзіне тиесілі. Қазақстан үшін бұл ұғымның маңызы зор. Тарихта талай қиындықтарды бастан өткерген халқымыз үшін өз жері мен ел тағдырын дербес шешу – ең үлкен құндылық. Республика күні осы идеяны іске асырып, әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін көрсетеді.

Неліктен дәл осы күн мемлекеттік тәуелсіздіктің символына айналды? Өйткені Республика күні тәуелсіздікке дайындық емес, тәуелсіз ел болудың саяси ерік-жігерін жариялаған күн болды. Бұл – қазақ ұлтының өзіндік болмысын, тілін, дінін, мәдениетін сақтап қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтеруге ұмтылған кезеңнің бастауы.

Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі. Астана, Ақорда. 25 қазан 2025 жыл. Фото akorda.kz сайтынан алынды

Егер 16 желтоқсан күні тәуелсіздіктің нақты жарияланған датасы болса, 25 қазан – оған апарар рухани әрі құқықтық іргетас болды. Осы тұрғыдан алғанда, Республика күні – тәуелсіздіктің идеялық символы, ал Тәуелсіздік күні – саяси мойындалуы деп айта аламыз.

Декларацияның финалдық нұсқасын Қазақ ССР-нің 12-ші рет шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаттары мен білікті заңгерлер бірнеше ай бойы дайындаған. Қызу әрі ұзақ талқылаулардан өткен құжат 1990 жылдың қазан айының соңында дайын болады.

Құжат 25 қазан жұма күні түстен 18 сағат 55 минутта Жоғарғы Кеңесінің отырысында көпшілік дауыспен қабылданады. Декларацияны 261 депутат қолдап, 71 депутат қарсы дауыс береді. 2 депутат қалыс қалып, 1 депутат мүлде дауысын бермейді.

Бүгінгі Қазақстан – әлем таныған, халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі, бейбітшілікті насихаттайтын мемлекет. Дегенмен тәуелсіздіктің әр жетістігінің артында үлкен еңбек, реформа және ұрпақ жауапкершілігі жатыр. Республика күні – сол еңбекті бағалау, өткенге тағзым ету және болашаққа сеніммен қарау мерекесі.

Бүгінгі жастар үшін бұл күн – тарихты еске алу емес, елдің болашағын қалауға шақыру деп түсіну керек. Себебі республика құндылығы – билік пен жауапкершіліктің әр азаматқа ортақ. Тәуелсіз мемлекеттің тірегі де білімді, саналы, отаншыл ұрпақ.

Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі. Астана, Ақорда. 25 қазан 2025 жыл. Фото akorda.kz сайтынан алынды

Қазақ елінің тәуелсіздік жылдарында ұлттық мәдениет жаңғырып, тарихи тұлғалар мұрасы қайта жаңғырып, ұлттық сана жаңаша сипат алды. Білге қаған дәуірінен бастау алатын, Абай, Шәкәрім, Әлихан Бөкейхан мен басқа да алаш тұлғаларының идеялары – егемендіктің рухани тірегі. Республика күні олардың еңбегін қадірлеуге де бағытталған.

Бұл мереке халықтар арасындағы келісім мен бейбітшіліктің маңызын көрсетеді. Қазақстан – жүзден астам этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан мемлекет. Бұл – республика рухына тән толеранттылық пен өзара құрметтің айқын көрінісі.

Сондықтан осы ұлттық мереке – егемен ел болудың мәнін түсіндіретін, елдікті сақтауға шақыратын және болашаққа сенім ұялататын күн. Мереке құтты болсын, берекелі Қазақ елі!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 16:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары