Роналду 1000 голға жақындады: португалиялық жұлдыз тағы бір тарихи рекорд орнатты
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
41 жастағы «Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының жаңа маусымындағы алғашқы ойынында гол соғып, футбол тарихындағы жаңа рекордтың авторы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Португалиялық жұлдыз чемпионаттың екінші турында «Аль-Рияд» қақпасын дәл көздеп, командасының 4:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.
Бұл Роналдудың кәсіби мансабындағы 25-маусым қатарынан гол соққанын білдіреді. Ол ересектер арасындағы мансабын 2002 жылы «Спортинг» клубында бастап, содан бері әр маусымда кемінде бір рет гол соғып келеді.
Криштиану Роналду мансабында «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид», «Ювентус» сынды алпауыт клубтардың намысын қорғаған. 2023 жылдан бері португалиялық шабуылшы Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасында ойнап жүр.
«Аль-Риядқа» соққан голынан кейін Роналдудың кәсіби мансабындағы жалпы гол саны 977-ге жетті. Енді ол 1000 голдық межеге жету үшін тағы 23 гол соғуы керек.
Бұған дейін футболшы қазіргі маусым кәсіби мансабындағы соңғы маусым болуы мүмкін екенін айтқан еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Тамыз 2026 13:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















