Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мұнайдың әлемдік бағасы кезекті межеден асты

Алешка Симкич: Конституция халық таңдауы

Қазақстанда дәрілік заттарды сақтау қағидалары өзгерді

Президенттің әл Фараби атындағы ҚазҰУ да ғылыми қоғамдастықпен кездескен жиында сөйлеген сөзінің мәтіні

Жүргізуші куәлігін сату: өңірлердегі жемқорлық схемасы анықталды

Қазақстанда биология мен физикадан олимпиаданың шешуші кезеңі басталды

Астанада айып тұрағын ақылы ету шешімін депутат түсіндірді

Ресейде пастереллездің таралуы: Қазақстан бақылауды шараларын күшейтті

Көпвекторлық 2.0: Президент Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатын қалай қайта құрды?

Қазақстанда АҚС шарттарын енді еңбек шарттарының орнына пайдалануға болмайды

Бозымбаев болашақ мансабы жөнінде: өңірлерде үш рет әкім болдым, жастарға жол беру керек

Күш атасы Қажымұқан көтерген алып тастар

Еліміздің балабақшалары мен колледждерінде дау дамайларды реттейтін медиация қызметтері құрылады

Ақтөбеде жастар арасында жаппай төбелес болып, біреуі көз жұмды

Әділет министрі, ҚМГ, ҚТЖ және Freedom басшылары Тоқаевтан марапат алды

Робототехника білім берудің өзекті бағыты: Маңғыстау жастарының инженерлік ізденісі

Депутат энергия қауіпсіздігі саласындағы кемшіліктерді атады

Қазақстандағы су тапшылығы: ертең қандай қауіп күтіп тұр?

Украина бейбіт келіссөздерді қайта бастауға талпынып отыр

Қазақстандық гимнастар Грекиядағы халықаралық турнирде өнер көрсетеді

Роза Мұқанова, жазушының жары: Жанымда мәңгілік серігі Күнделігі қалды

Роза Мұқанова, жазушының жары: Жанымда мәңгілік серігі Күнделігі қалды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

«Жазушылықтың азап екенін сезінбей, шын жазушы бола алмайсың» дейді қаламгер. Оны халық шын жазушы деп бағалайды. Әр туындысынан халыққа деген махаббат пен адалдықтың, достыққа берілген шынайы үлгінің иісі аңқып тұрады. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әкім Тарази жайлы жылы естеліктерді еске алып, жары, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқановамен сұхбаттасқан едік. 

– Әкім Тарази – қазақтың ғажайып тұлғасы еді. Әдебиеттегі биігі бір бөлек, адамгершілік келбеті бір басқа, ғажап адам бол­ғанын қатарластары да, әде­биеттегі іні-қарындастары да жиі жазады. Сіз үшін (жарыңыз ре­тінде) Әкім аға қандай тұлға болды?

– Әкім ағаңды мен ЖАЗУ­ШЫ деп қараймын. Кез келген адам  әке бола алады, жар да бола алады, біреуге аға, біреуге іні болады.  Бірақ екінің бірі жазушы бола алмайды.  Жазушы  деген – тағдырдың сыны да, сыйы да. Жазу – ләззат қана емес, даңқ қана емес, белесі бар, төбесі бар, кедір-бұдыр бұ­ра­лаң жолы бар. Сол жолда қа­лам­ды ғана місе тұтқан тағ­дыры бар. 

Көпшілік жазушының за­тын танығанымен, өзін таны­майды. Әкім Тарази мені өзіне ұқсатты, мен де Таразиды өзіме ұқсаттым.

«Бес тапал» қызық адамдар еді

– Әдебиеттегі бес тапалдың достығы туралы аңыз да, әңгіме де көп. Әсіресе, Сайын Мұрат­беков пен Қалихан Ысқақ туралы естеліктерін оқығанда, сүйсініп те, қызығып та қаламыз. Әде­биет­тегі бес алыпты жақын қыл­ған, дос қылған қандай қасиет еді?

– Әкім Тарази мәңгілікке аттанған соң, менің сырласым, ең жақын  досым, ақылшым ол кісінің күнделіктері болды. Сол күнделіктерінде  «бес тапал» жайлы өте көп жазылған.  Әкім ағаңның Сайын мен Қалихан­сыз бір күні өтпегендей. Бәрі бірге бір үйде тұрғандай, бірге өмір сүргендей, бір үйдің бала­сындай, бір қолдың сағасындай болғаны.  Бір-біріне жанашыр­лығы, әзіл-қалжыңы,  кешірімі, сағынышы, мойындауы... Осын­шалық жақындықтарын оқи отырып, еріксіз ойланасың, елжірейсің. 

Әкім ағаңның «Негртепкен» деген эссесі бар. «Ол негрді те­бу­ге арналған аяқ емес еді, ол Рамазан Тоқтаров деген  досы­мызға арналған аяқ еді» деп майор Сариевке Әкім ағаңның түсініктеме жазатын тұсы осы.  Бұл іске Димекеңнің өзі ара­ласып, ол кісіге Мәскеуден Гро­мы­ко телефон шалып, Қазақ­станда ұлтшылдықтың бар екені «әшкере» болып, іс әбден насырға шапқан ғой. Сөйтсе, әлгі тебілген негр Мозамбик республикасының кәсіподақ ұйымының төрағасы екен. Сайын ағам бір жігіт ар­қы­лы  Әкімге телефон шалады: «Мен Фрунзе ауданындағы ми­лицияда қамаудамын. Шашым­ды тақырлатып алып тастады» десе керек. Ол кезде қызметтегі адамның шашын сыпырып алып тастау деген қорлық, тра­гедия. Содан Әкім, Рамазан, Қа­ли­хан үшеуі де шашты тақырлатып алдыртып, бір шелек көже жасатып,  қамаудағы Сайын ағама алып барған  ғой. Жалғыз өзі  шаштан  да, беделден де айы­рылып қамауда құлазып отырған Сайын ағам үш досын көріп күлімдеп қарсы алады. Бұлар со­дан бастап, жаз шыға шаштарын сыпырып алып тастауды әдетке айналдырған. Бұл әрекетті партия ұйымы  да, Жазушылар одағын­дағы коммунист ағалары да ұнат­пай, «хувейбиндер!!!» деген атқа телінетіндері осыдан шыққан.

«Бес тапал» расында қызық адамдар еді. Әкім ағаларың он төрт жылдай салт жүріп, өзінен 31 жас кіші маған үйленді. Ол кезде қоғам мұндай «жаңалықты» қа­былдай алмайтын, «феодализмнің сарқыншағы», «қараңғылық», «жүгенсіздік», «оңба­ғандық», тағы бас­қа гу-гу әңгіме, бірі қол­дап, бірі жамандап, бүгінгі әлеу­меттік желіде танымал тұлғаларды су түбіне жіберіп жатады ғой, біз де сол кезде елдің аузында қалдық. Сондай бір сәтте бас қосып отыр­ған бес тапал (Сайын Мұратбеков, Қалихан Ысқақ, Рамазан Тоқ­таров, Бек Тоғысбаев) оқыс ше­шім шығарады.

«Әй, Әкім! Біз сені мұндай сәтте жалғыз қалдыра алмаймыз. Біз де қатындарымызды тастай­мыз. Болды, шешім осы! Әкеңнің...  бұ қатындардың құтырынғаны қашан?! Давно пора!» деп, «айды аспанға шы­ғарып» әркім өз әйелінің кем­шілігін баса айтып, әбден талқыға салып, кезек-кезек өз әйелдерін сынға алып, әп-сәтте айнып шыға келеді. Содан бәрі қуанып, қол алысып, терлеп-тепшіп, әйел­дерін тастайтын болып тарқасады. Әкімнің де көңілі масайрап, үйге көңілді келеді. Ертеңінде тым-тырыс, одан арғы күні де тым-тырыс. Әншейінде таң атпай тастаяқ қағыстырып, тау кезіп кететіндер жым болған сыңайлы. Ақкөңіл, адал ағаларым аңқылдап барып, жеңгелеріме ашығын айтып қалып, ауыздары күйіп, Әкім Тарази досымен араласудың өзі мұң болып қалған жайы бар. Жеңгелерім «Әкімге ермейсің, бұзыласың!»  деп қанша қақпа­қылдаса да, олар жасырынып келіп, біздің үйде болатын, арқа-жарқа әңгіме құратын.

– Қалихан Ысқақтың «Келмес күндер елесінде» осындай қызық­ты күндерін, достықтарын әдемі береді. Әкім аға ше? Бес алып туралы не айтатын еді?

– Рамазан Тоқтаров: «Әкім – біздің кеменің капи­таны» дейтін. Кеме капитаны достарына қам­қор, достарының ауыртпа­лығын өз мойнына жүктей­тін, жауап­кершілік артқан тұлға  ғой. Әкім ағаңнан достарының бәрі  көп қолдау көрді. Себебі Әкім жоғары қызметте болды, қолында билігі болды. 

 «Менің қызметім­нің қызы­ғын көрген Қалихох пен Рам­зай» деп  әзіл­дейтін.  Көлігі бес тапалдан босамай, өзі жаяу жүре­тін. Достары­ның бәрі Әкім­нің алдында өмір­­ден кет­ті. Ол кемеде жалғыз қал­ған капитандай құла­зыды. Дос­тарын сағынғанда олардың кітаптарын қолына алып, алақанымен аялап, әр сөйлемін шұқшия оқып, астын сызып, іштей сөйлесіп отыратын. Кейбір тұстар­да жымиып, дос­тары­ның  дауысын естіп отыр­ған­дай көңілденетін. 

– Сайын Мұрат­беков «Басында Үш­қараның» деген әңгімесін Әкім досына арна­ғанын білеміз. Ағаның дос­тарына арна­ған көркем дүниесі болды ма?

– «Басында Үш­­қараның» әң­гі­месін неге Әкімге деп арнағанын оқырман қауым  да, әдебиет зерттеушілері де біле бермейді. Оның сыры бар. Әкім Таразидың «Аяз бен Бибі» әңгімесін оқыған адам «Басында Үшқарамен» ұқсастықты байқайды. Мұндағы диалогтар кино тілінің тәсілінде жазылған. Диалог табиғатын образ жасауға шеберлікпен енгізуді прозаға әкелген – Әкім Тарази. Бұл менің сөзім емес, Әкім Тарази шығармаларына қатысты Мұхтар Мағауиннің сөзі. Расында да, солай. М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» повесінің киносценарийін жазған Әкім ағаңның стилінен де мұны айқын аңғарасың. Оқиғаны диалогқа құру шеберлігі  кинода бүгінге дейін күрделі. Әкім Тарази сарыла  баяндаудан, әспеттеп суреттеуден, сөзден-сөз тудырғанды қызықтап кетпейді. Сондықтан дәстүрлі әдебиеттің бағытынан өзге жол тапты. Бәлкім, оқырман үшін  сонысымен де ерекше.  Сайын аға «Басында Үшқараның» әңгімесін­де Әкімнің осы диалог құрудағы шеберлігіне  еліктеген. Аталмыш әңгімені Әкім Таразиға арнауының шынайы себебі «Аяз бен Бибі» әңгімесінің Сайын Мұратбековке әсері болғандығы. 

Жаны жалғыздықты жақсы көрді

– Әкім ағаның Андрей туралы әңгімесінде айтылмай қалған ойлар жоқ па?

– «Андрей» арқылы Әкім Тара­зи өте күрделі мәселені қозғады. Қазақ әдебиетінде көтерілмеген тың тақырып. Бірақ байқайсыз ба, тақырыпты жалаулатпайды, гено­цид деп алаулатпайды, инемен ша­бақтағандай, төбе-құйқаң шы­мырлайтындай жазылған. Ұлтқа жасалған қиянатты Манана­ның образы арқылы көрсетеді. Мана­наның трагедиясына ортақ­тас­қан болып,  бір ұлттың басынан өткен нәубеттің сырын ашады.    

«Андрейден» ұлттың жан жара­сын, ұлтты жоюдың небір қитұрқы әдісін, аз ұлттардың  басынан кеш­кен ортақ  трагедиясын көреміз. Автор екпінді қайда қою керек­тігіне, қалай қою керектігіне шебер. Автор қазақ жайлы бірде-бір сөз айтпайды, Манананың образы  арқылы қазақты танисың.  Бұл шығарманы Тарази 80 жасында жазды. Неге осынша жадында ұзақ ұстағанын кім білсін... Кеш жа­зыл­са да, қазақ әдебиетінің  ол­жа­сына айналғаны рас. «Андрей» – спектакльге де, киноға да сұра­нып тұрған өзекті тақырып.  

– Отбасынан жырақ, Сайын ағаның үйін паналап, біраз уақыт жалғыз жүрген екен. Сізді сол уа­қыт­та кездестірді ме? Екі бірдей шы­ғар­машылық адамын табыс­тырған не нәрсе?

– Әкім ағаң: «Тәкен аға (Әлім­құлов) екеуміздің бағымызға Жа­зу­шылар одағының шығарма­шылық үйі салынды» деп есіне алатын. Негізі, Әкім Тарази басшы қызметте болғандықтан, тұрмысы өте жақсы  болған. Ол кісіде бәрі болды, қызмет те, үй де, күй де, бедел де... Бірақ сол өміріне көңілі толмады, жаны дауаламады, үнемі қашып жүрді, жалғыздықты жаны жақсы көрді, бәлкім,  жазушы болғандықтан болар. 

«Жігіт ағасы атанып, қырық жеті жасқа толғанда тағы қаштым, елу төрт жасымда стандарттан құ­ты­луға және бір құлшыныс жаса­дым: Алла жар болып, бұл талпы­нысым мақсат биігіне анық жол ашқан сияқты. Өмірлік серігім де өзіммен кәсіптес, өзіммен арман­дас. Сонымен бар ғұмырым қашу­мен өтіп келеді. Қашқанда – құ­тылып, іздегенде – тауып жүргенге не жетсін! (Әкім Тарази «Тәж» кітабы, «Өзім туралы», 2003 ж). 

Ол кісі жалғыздыққа құмартты, жалғыздықты қызықтады, өзін сақ­таудың жолы – жалғыздық деп түсінді. Ақырында жалғыздықтан да қашты. Қашу, қашу... Адам ақиқатты іздеп қашады. Сана түкпірінде өтірік өмірді, алдамшы  тіршілікті, көзбояушылықты, сатқындықты анық сезінген кезде қашатын болар. 

Өзінің айтқаны бар еді, «елде мұғаліммін, жас отбасымын... Еш­кімге айтпай, ата-анамнан да жасы­рып, әскерге сұранып кетіп бара жатқан жерімнен папамның досы: «Әй, сен Үкеңнің баласы­мысың?» деп, папама хабарласып, мені жолдан түсіріп алып қалды. Сонда әкем: «Отбасыңнан қашу­дың жолы бұл емес, балам!» деді. Ұстаздық қызметімді тастап, ауыл­дан Алматыға қаштым, Алма­ты­дан  Мәскеуге қаштым...» дегені бар.

– Ағаның жазу машығы қандай еді? Күндіз, түнде?..

– Күніне жарты бет болса да, тіпті екі сөйлем болса да жазатын. Жасы  тоқсан екіде болса да, со­ңғы сағатқа дейін қолынан кітабы мен қаламы түспей кетті. Ғажап адам.  

Жай жатып, ерте оянатын. Серуен­дегенді жақсы  көрді. Өзін-өзі қатты сынға алатын. Дастарқан басында отырып алып ұзақ сөй­лей­тіндерге ыза болатын, уақытты өлтіріп отырғандарға күйінетін. Сөйте тұра,  өзінің ерекше жақсы көретін, ұғысатын адамдары бол­ды, оларға уақыт өлшемін ая­май жомарттық жасайтын. Оның ішін­де мен де бармын...

Арманы – қазақтың санының өсуі болды

– Толстойдың «Ясная поля­насы» орыс жазушыларының ортақ әдебиет үйіне айналды. Қазақ жазу­шы­ларында сондай ортақ үй болса деген ой  болды ма?

– Қазақ жазушыларының тұр­мысының мүшкіл болғанына қат­ты намыстанатын. Мүшкіл дегенді «мүсәпір» деген мағынада айтып отырмын. Қазақ жазушыларына ешкім пана болған жоқ. Қазір ойлап қарасам, 100 жылда музей боларлық дәрежеде бірде-бір жазушының өзі тұрған, өмір сүрген тұрмыс салтын көрсететін ҮЙІ жоқ екен. Өйткені оларға  үй салып алатындай еңбекақысы,  қаламақысы  берілген  жоқ. Клас­сиктердің барлығы дерлік билікке алақан жайып өткендер. Мұқағали Мақатаев, Бердібек Соқпақбаев, Тәкен Әлімқұлов, Кемел Тоқаев, Әкім Тарази, Сайын Мұратбеков, Қалихан Ысқақ, Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғар­сынова «коммуналка» үйлерде көпшілікпен бірге ортадан төмен, қоңыр күй кешкендер. Намысына тырысып, бәрі де «бөрі арығын білдіртпей» ғұмыр кешіп өтті дү­ние­ден. Тоғышарлардан мемле­кетке не қалады, қаймана қазаққа тоғышарлардың қандай еңбегі қалды?.. Ал жазушылардан қалған мұра – балабақшадан, мектеп оқушылары мен студенттерге дейін жетіп, халықтың мұрасына айналып кетті емес пе? Арасы Жер мен Көктей емес пе?..  

Жазушы  өлгеннен кейін оның есімін  ұлықтап, мәңгі есте сақтау үшін  тұрған үйі қайта салынбайды ғой, «Өлдің Мамай, қор бол­дың...», жазушыны тіршілігінде қолдау керек.  

Жазушыларды мемлекет жалға алған жоқ!!! Жазушы  күнде тумай­ды. Жазушы елу жылда бір туса туар. Жазушыны  құндылық деп ұққан жөн.

Әкім Тарази 75 жасқа дейін (62 шаршы метр) екі бөлмелі үйде тұрды. Шығармаларын жазу үшін пәтер жалдайтынбыз. Ол кезде Мемлекеттік сыйлықтың лауре­аты, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Кафка» сый­лығының лауреаты еді ғой. 

Әкім ағаңның «Қорқау жұл­дыз» романының ағылшын тіліне ау­дарылуын және Англияда жа­рық көруін қамтамасыз еткен Қасым-Жомарт Кемелұлы болды. Ол кісі Сыртқы істер министрі еді. Бүгінде қайсы Сыртқы істер ми­нистрі жазушыға осындай мүмкін­дік жасай алды? 

«Қорқау жұлдыз» романы әй­гілі Amazon баспасында жарық кө­ріп, алғашқы айларда-ақ мил­лионнан аса тиражбен дүниежүзіне тарады. Демек, қазақ әдебиеті, қазақ жазушысы әлемдік сұра­нысқа ие! Бірақ оның құнын кім біліпті, кім сұрыптапты, кім ба­ғалапты... 

Егер Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы болмағанда, Әкім Таразидың «Еңбек Ері» атағын алуы да неғайбыл еді. 

Әлі есімде, Әкім Таразидың 90 жыл­дығы қарсаңында бір минис­тр­дің шабына шоқ түскендей, «мұндай іс-шараны өткізе алмай­мын» деп бас тартқаны. Ол, тіпті біздің классик жазушыларымыз­дың  затын да, атын да, шығарма­ларын да  білмейтіні көрініп тұратын. 

– Шынымен, жазушының ең үл­кен арманы қандай еді? «Арман­сыз адам – ақымақ адам» дейтіні бар екен. 

– Арманы қазақтың санының өсуі болды. Әкім ағаңның маған жиі қоятын бір ғана сұрағы бола­тын. «Қазақтың саны қаншаға жетті?» Ол кісінің жазу үстелінде қалған мына жазуларды мысалға келтіре аламын, қарап көріңіз: 

«Ресейде 667 мың, Өзбекстанда 2 млн, Қытайда 1 млн 462 000, Қазақстанда 11.750.000, Орын­борда 136 мың» деген жазбалар. Қазақ –21.942.000. (Өсім – 289.363) 2020 жыл»  деп қолын қо­йыпты да қағаздың бір бұры­шына «Зейнетақы: 168 мың 182 тенге» деп көрсетіпті.  

Міне, Таразидың арманы. Ол халқын сүйді. Халқының тағды­рын өз тағдырынан, беделін өз беделінен жоғары қойды. Мұндай адамдар өте сирек. Ұлтты сүюден гөрі пайдалануға, тұлғаны құрмет­теуден гөрі қорлауға бейім қоғамда өмір сүріп жатырмыз.

– Ал ағаны не қуантатын еді?

– Алпамыс пен Арузаның, менің жетістіктеріме қуанатын.

– Әкім Таразидың пьесалары театрларда  көп қойылмай кетті. Неге? 

– Өткен жылы Мәдениет ми­нис­трлігіне ұсынысымды айттым, театрға қаржы бөлер деп үміт­тенемін.  Өкінетінім, өзі бар кезде «Махамбет» пьесасы қойылмады. «Махамбет» жаңа драматургияның бастауы еді. «Махамбет» – қазақ­тың санасына сілкініс жасаған шы­ғарма. «Махамбеттің» жазыл­ғанына 20 жылдан асып барады. 

Маған оның күнделіктері ұнайды

– Жазушының «Әдебиетті ұлықтағанда ұлт ұтады» деген әдемі сөзі бар. Әкім ағаның шығармалары жиі ұлықталып жүр ме? 

– Қазақ халқы аман болса, қазақ өз тілінде сөйлейтін болса, Әкім ағаңның шығармалары ұлықталады да әрі мәңгі жасайды да. Қазіргі қоғамда жазушылардан гөрі жазармандар басым. Біздің билік басындағы жігіттер жазушы мен жазарманды ажырата алмай­ды, құлақтарына кім сыбырласа, соның сыбырынан әріге аса ал­май­ды.  «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды – Әдеті надан адам­ның» (Абай).

– Ағаны аялап, ардақтап күт­тіңіз. Бабын жасадыңыз, бағын да аштыңыз деуге болар (Еңбек Ері атанды). Қазір ол кісі жоқ. Артында қалған мол мұрасын насихаттау тарапында қандай да бір іс-шаралар бар ма?

– Мен кейде ойлаймын, жа­зу­шының құны оның отбасы­ның ғана құндылығы емес қой. Ол кісінің күнделіктерін рет­тестіріп жатырмын, қолжазбаны компьютерге теру де оңай жұмыс емес. Денсаулығыма бай­ланысты бірде жұмыс жүреді, бірде тоқырап қалады. Күнделік – жазушының сыры, табиғаты, болмысы. Ол жас жазушылар үшін, киносценаристер үшін құнды. Жазушының көркем шығармасы бөлек, күнделіктері мүлде бөлек. Маған ол кісінің күнделіктері өте қатты ұнайды. Өзі бар кезде де айтатын едім. Бәлкім, өзім туралы өте көп жазылғандықтан болар. Мен, тіпті Таразидың күнделіктерін жариялауды оқырманнан қыз­ғанамын. Себебі КҮНДЕЛІК – тірі, жанды, эмоциялы... 

– Ағаның жазам деген дүние­сінің бәрі қағазға түсті ме?

– Иә, ол кісі он үш том шы­ғар­малар жинағын толық шы­ғарды. Әңгіме, повесть, роман­дары, драматургиясы, ки­­но­­­сценарийлері, аударма­лары. Өзі он үш санын жақсы көретін. Ал мақалалары мен сұхбаттары, күнделіктері жа­рық­қа шыққан жоқ. Ол кісіге: «Күнделік­теріңізді жариялауға рұқсат бересіз бе?» деп сұра­ғаным бар. «Жариялауға болар, саған сеніп тапсырамын!» деді, бірақ  ол күнделіктерді қалай шығаруға болады, оған кім демеуші болады, білмеймін... Үлкен жұмыс. Орыс әдебиетінде де, әлем әдебиетінде де жазушы­ның күнделіктері ең құнды шығармасы ретінде бағаланады. Көрерміз...  

– Ұлы мен қызының жазу­шылық жолды жалғағанын қа­лай­тын ба еді?

– Алпамыстың  мамандығы инженерия болғанымен, бала кезінен әдебиетке, тарихқа құ­мар. Бірде бізге шетелден көте­ріңкі  көңіл күйде хабарласты. Қуанышының себебін сұра­ғаны­мызда, жазып жүрген шы­ғармасы жайлы айтып қалды. Әкесі екеуміз Алпамыстың жаза­тынын сонда бірақ білдік, ол өзі де байқамай айтып қалды. Ағылшын тілінде жазады. Мә­селе жазушы болар, болмас, бі­рақ жаза білу, жазудың  ләззатын сезіну, құдіретін сезіну ерекше қасиет деп білемін. Балалардың жазушы болғанын ағаң да, мен де қалаған жоқпыз. Ғылымға ден қойғанын, нақты  ма­мандық иесі болғанын қала­дық. 

– Ал Алпамыс пен Арузаның бо­йынан ағаға тән қандай қаси­етті көресіз?

– Екеуі де ағаңа қатты ұқ­сай­­ды. Салмақты, сабырлы  балалар. 

– Тарази мектебі ше? Жал­ғасып жатыр ма?

– Шәкірттеріне ризамын. «Шәкіртсіз  ұстаз – тұл!» деген. Ағаңның шәкірттері Әкім Та­рази шығармаларымен ауыз­данды, тереңірек оқып таныды, ұстаздың алдын көріп өсті. Жақында TARAZI club құрылды. Бұл игі бастамаға себепкер бол­ған  ұйымдастырушы, мемлекет және қоғам қайраткері – Әлихан Бәймен. Болашақта осы клуб­тың төңірегінде игілікті жұмыс атқарамыз деп ойлаймыз.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен 

Гүлзина БЕКТАС

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:38
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 06:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мұнайдың әлемдік бағасы кезекті межеден асты

19 Наурыз 2026 14:48see112

Алешка Симкич: Конституция халық таңдауы

19 Наурыз 2026 12:09see112

Қазақстанда дәрілік заттарды сақтау қағидалары өзгерді

19 Наурыз 2026 09:55see111

Президенттің әл Фараби атындағы ҚазҰУ да ғылыми қоғамдастықпен кездескен жиында сөйлеген сөзінің мәтіні

19 Наурыз 2026 19:33see111

Жүргізуші куәлігін сату: өңірлердегі жемқорлық схемасы анықталды

19 Наурыз 2026 14:47see110

Қазақстанда биология мен физикадан олимпиаданың шешуші кезеңі басталды

20 Наурыз 2026 16:26see110

Астанада айып тұрағын ақылы ету шешімін депутат түсіндірді

20 Наурыз 2026 12:30see110

Ресейде пастереллездің таралуы: Қазақстан бақылауды шараларын күшейтті

19 Наурыз 2026 18:52see110

Көпвекторлық 2.0: Президент Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатын қалай қайта құрды?

19 Наурыз 2026 14:28see109

Қазақстанда АҚС шарттарын енді еңбек шарттарының орнына пайдалануға болмайды

19 Наурыз 2026 15:00see109

Бозымбаев болашақ мансабы жөнінде: өңірлерде үш рет әкім болдым, жастарға жол беру керек

20 Наурыз 2026 13:06see109

Күш атасы Қажымұқан көтерген алып тастар

19 Наурыз 2026 12:08see109

Еліміздің балабақшалары мен колледждерінде дау дамайларды реттейтін медиация қызметтері құрылады

19 Наурыз 2026 10:03see108

Ақтөбеде жастар арасында жаппай төбелес болып, біреуі көз жұмды

20 Наурыз 2026 12:50see107

Әділет министрі, ҚМГ, ҚТЖ және Freedom басшылары Тоқаевтан марапат алды

20 Наурыз 2026 16:44see107

Робототехника білім берудің өзекті бағыты: Маңғыстау жастарының инженерлік ізденісі

19 Наурыз 2026 17:04see107

Депутат энергия қауіпсіздігі саласындағы кемшіліктерді атады

19 Наурыз 2026 14:25see107

Қазақстандағы су тапшылығы: ертең қандай қауіп күтіп тұр?

20 Наурыз 2026 19:47see106

Украина бейбіт келіссөздерді қайта бастауға талпынып отыр

20 Наурыз 2026 15:52see106

Қазақстандық гимнастар Грекиядағы халықаралық турнирде өнер көрсетеді

19 Наурыз 2026 19:11see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары