Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Жазушының жұрт білмейтін сырлары

Жазушының жұрт білмейтін сырлары

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мағира Қожахметова апайды оқушы кезімнен білемін. 80-жылдардың басында «Лениншіл жас» газетінен етектей-етектей мақалаларын сүйсініп оқитынмын.

Диплом

Мектеп бітіргенде, бағым жанып ҚазМУ-ге түсіп кеттім. Бұл кезде Мағира апай «Қазақстан әйелдері» журналы бас редак­торының орынбасары болып істейтін. Дипломдық жұ­мы­сыма Мағира апайдың жур­на­листік қызметін арқау етіп, сол арқылы қазақ қыздарының қо­лынан журналист болу келеті­нін дәлелдегім келді. Ұсынысым­ды кафедра жетекшісі құпта­­ды. Сонымен Мағира апайдың шы­ғармашылығымен жіті таныс­тым. Өнер, мораль тақырыбы­­­на жазғандары көркем дүниедей оқылады. Мағира апайды із­деп «Қазақстан әйелдері» редакция­сына бардым. Апай «қосымша деректер керек болар, мынау менің күнделігім, сосын қайта­рып бересің» деп қалың блокнот ұстатты. Сөйтіп, «Мағира Қо­жах­метованың журналистік қыз­меті» атты дипломымды абыроймен қорғадым. Комиссия­ның төрағасы жазушы-публицист Камал Смайылов «Мағира Қожахметованың журналистік шеберлігін ашып, пайдалы мағ­лұматтар беріпсің» деп бестік баға қойғанда, қуанып кеттім. 

Жыр болған журфак

Көкшетау облысы Зеренді ­ауданы Қошқарбай ауылында ­­1946 жылы 5 ақпанда туған жазу­­шы мектепті қазақша бітіріп, Көк­­ше­тау кітапхана техникумына тү­сіп, оқуын орыс тілінде жалғасты­рады. Алматыға барып, журналис­тика факультетінде оқу үшін үш жыл жұмыс істеу керек екен. Сөйтіп, Журфактың күндізгі бөліміне құ­жат тапсыра алмайды. ЖенПИ-дің кітапхана факультетіне сырттай оқуға түседі. Бірде Әсемгүл есімді әдемі қызбен танысады. Ол «менің әкем Журналистика факуль­теті деканының досы Тұтқабай Тілепбергенов», дейді. Үшінші курсты сырттай бітіргеннен ке­йін Әсемгүл курстасы журналис­тика факультетінің деканы Тау­ман Амандосовқа алып барады. «Не жазасың?» деген сұрағына «Күнделік жазамын» деп жауап береді. Күнделігінде музыка, өнер туралы жазғаны, өлеңдері бар. Декан күнделікті алып қалып, кафедрада істейтін Есберген Естаев деген оқытушыға оқуға тапсырма береді. Ол кісі «ой өрісі өте кең» деп бір бет арқылы жазады. Сол рецензия бойынша Тауман аға екінші курсқа қабылдайды. Университет­ті бітіргеннен кейін жолдама­мен Көкшетауға радиоға жібе­реді. Бірақ республикалық «Ленин­шіл жас» газетінде жұмыс істесем ­деп армандайды. 

Атын әйгілеген «Лениншіл жас»

Газеттің бас редакторы Шерхан Мұртазаға кіреді. Сынақ мерзімімен 1969 жылы күзде жұмысқа қабылданады. Алғаш рет Талдықорған облысы жақ­тағы Гвардия ауданына іссапарға жібереді. Орталығы Қоғалыға барғанда Шоқан Уәлиханов­тың зиратына соғады. Біздің ел перзенті ғой деген оймен сол жерден бір уыс топырақ салып алып, кейін Көкшетауға әкеледі. Бірінші бар­ған іссапардан жазған мақаласына ­бас редактор Шерхан Мұртаза екі ­есе қаламақы қояды. Жалақымен ­қоса көтерме қаламақы алға­ны, кейін газеттің бас редакторы Сейдах­мет Бердіқұловтың пәтер бергені де ­әлі жадында.

Мағира Қожахметова музыка десе ішкен асын жерге қояды. Жас кезінен классикалық музыкаларды, күйлерді сүйіп тыңдады. Л.Бетховеннің №32 сонатасы, симфонияларын сағаттап тыңдай­тын. Оларды қазақ музыкасымен салыстырып, әуен арасындағы ұқсастықтарды байқайтын еді. Бұлар қаламгерге шабыт берді. Мәселен, әлемге әйгілі балерина Майя Плисецкаядан сұхбат алуға телефонмен келісіп, енді опера театрына барғанда әйгілі биші көзіне ілмей өте шығады. «Майя Михайловна, біз келісіп едік ғой» дегенде, «Көп тиражды әрбір басылым менен сұхбат алғысы келеді. Менің уақытым жоқ», дейді. «Майя Михайловна, Сіз балетте «Карменмен» революция жасадыңыз» деген кезде ғана мойнын бұрады. Ол туралы жан-жақты біліп барған. Опера театрынан қонақүйге жеткенше көтеріңкі көңіл күйде шешіліп сөйлесіп кетеді. Суреттерін береді.

Мағира Қожахметова ел-жұртты көп аралады. Халыққа қызмет етті. Мораль тақырыбына жазылған мақаласымен талай адамды түрмеден арашалап алды.

Жазушының өзі «атымды шығарған, мені адам қылған «Лениншіл жас» газеті. Ондағы бас редакторым Сейдахмет ағама «Аға менің екі ғана ағам бар, біреуі Шерхан аға, біреуі сіз» деймін ғой. Сонда «Әй, қу қыз, осыны басқа жерде айғайлап айтып жүрші» деуші еді» деп мақтанады. Оралхан Бөкеев Мағира апай­дың табиғатын түсініп, «Мағаш» деп еркелетіп, қадірледі. Қарын­дасы Мәншүк қайтқанда әріп­тесі Дидахмет Әшімханұлымен Қатонқарағайға барды. «Ленин­шіл жаста» 1982 жылға дейін істеді. Сол жылы «Қазақстан әйел­дері» журналының бас редакторы Мария Қарақонақова журналға шақырып, алдымен әдебиет бөлі­мінің меңгерушісі, кейін бас редактордың орынбасары болды. 

Баукеңнің алдына барғанда...

Мағира Дәулетбекқызы қа­зақ­­тың хас батыры Бауыржан Момышұлы тағдыры жайында «Тосын сыр-сұхбат» атты драма жазамын деп ойлаған жоқ.

1970 жылы Екінші дүниежүзі­лік соғыстың 25 жылдығына орай бас редактор Шерхан Мұртаза соғыс ардагерлерінің жолдауына Бауыржан Момышұлының қолы керек деп тапсырма береді. Барса, ол кісіні дәрігерлер аурухана­ға алып кетейін деп жатыр екен. «Бауыржан аға, сіздің майдан­да­ғы ерлігіңіз жер жүзіне аңыз болып тарады. Жеңіс мерекесінің ­25 жылдығына орай сіздің қолы­ңыз керек» деген журналист қыз­ға: «Қайдағы Бауыржанды айтып тұрсың, мені ме? Мен Бауыржан емеспін. Бауыржан жоқ қазір. Әне, Бауыржан, нағыз Бауыржан, әне» деп қолын қабырғада ілініп тұрған ақбоз атпен түскен суретіне сілтеп, «бар да, сонымен сөйлес», деп қысқа қайырады. Бұл бірінші жүздескені еді. Батыр 70 жасқа толатын жылы «Қазақстан әйелдері» газетінде жұмыс істеді. Сегізінші наурыздың нөмірін жасап жатыр. Белгілі адамдар қазақтың әйелдері туралы бір ауыз тамаша сөз айтып, қолтаңбасын қалдыру керек. Соған Бауыржан Момышұлының үйіне баруды Мағира апайға жүктеді. Есікті батырдың өзі ашады. Үстін­де қара тон, түлкі тымақ, тон­ның сыртынан қызыл белбеу, қызыл етік, қызыл сөмке, қаздиып тұра қалған журналиске: «Кругом!» деп айғай салады. Кет дегені. Мағира апай әскери тәртіппен тік тұра қалады. Батыр «Шагом марш в мой рабочий кабинет!» дейді. Жұмыс кабинетіне өтіп «қазақ әйелдеріне қатысты пікіріңізді жазып беріңізші, қолыңызды қойып» деп өтінеді. Батырдың айтқанын жаза бастағанда қағазы таусылып қалады. «Блокнотың жоқ, не қылған журналиссің, тіпті қағазың да жоқ па?» деп бір бума ақ қағазды әкеліп, «сиди, пиши» деп бұйырады. Б.Момышұлына тұңғыш рет жарық көрген «Күн­нің алтын сынығы» деген кіта­бын ұсынады. «Оны неге жазып әкел­мейсің?» деп кітабын лақты­рып жібереді. Сол жерде журналист қолтаңбасын жазып береді. Соңынан бет қаратпаған батырдың жүзіне мейірім ұялап, шешіле сөйлесіп кетеді. Осының бәрі батырдан да беті қайтпаған қайсар журналист Мағира Қожахметованың драмасында жазылған. Қарымды қаламгердің бұл драмадан өзге де республикалық байқауларда орын алған «Көшім хан – Сүзге», «Мен, Иманжүсіп!», «Мәншүк – ғұмыр», Қазақстанның Халық әртісі Роза Әшірбекованың тағдырлы өмі­рінен өрілген «Роза» атты драмалары бар.

1992–1994 жылдары Мағира апай «Денсаулық» журналында бас редактордың орынбасары бол­ды. Журналды Бейбіт Қойшы­баев басқарды. Осында жүргенде құмалақ ашу әдістерін алғаш жү­йеге түсірді. Бір күні этнограф, ға­лым Мардан Байділдаев редак­цияға құмалақшы, емші Камал­бек Арыстанбекұлын алып келді. Қарап отырса әлгі адам дұға­мен, Құранмен емдейді екен. «Ден­саулық» журналына нөмір сайын шы­ғарғанда, оқырман жылы қа­был­дады. Құмалақты насихат­таудың арқасында «Денсаулық» журналының тиражын 14 мыңнан 140 мыңға көтеруге себі тиді.

Әуелден тылсым сырды жақсы көретін. Көрген түсін қағазға түсіретін. Ол кезде Новосібір университетінен парапсихология туралы, тибет медицинасы жайында шағын кітапшалар шығатын. Соларды сатып алып оқыды. Қазақтың түс жоруындағы қаншама ырымдарды тауып алды. Адамның ішкі жан дүниесіндегі иірімдер, қалай дәрісіз емделуге болады, адам мүгедектіктен қалай сақтанады деген сияқты сұрақтарға жауап беретін әдебиетті іздеп жүріп оқыды. Осы ізденістер нәтижесінде «Адам – құпия» кітабы дүниеге келді. Сонымен қатар түс туралы «Түс-құпия», «Түс-саяхаттар» дүниесін жаза бастады. 2005 жылы «Денсаулық» журналында жинаған тәжіри­бесі және әрбір тірі адам басына түскен қиындықтан өзін-өзі емдеп алып шығу керек деген ұстаныммен «Дертке дауа» газетін шығарады. 

Бала десе жанын береді

1994–1996 жылдары «Ай», 1996 жылдан «Ақ желкен» журна­лында қызмет етеді. Балалар әле­міне берілгені сондай, 2002 жылдан бастап балаларға арналған «Балбұлақ» журналын өз күшімен бүгінге дейін шығарып келеді. Мағира апайдың суретшілермен бірігіп жасаған түрлі-түсті бояумен безендірілген «Қуыршақтарды киіндіру», «Балаларға арналған текшелер (кубик)» ойын жинақтары дайын тұр. «Батырлар жырынан» берен, дулыға, сәукелеге қатысты шумақтарды алып, суретші суретін салады. Осы жобасы қолдау таппады. Оның патентін аламын деп жүгіріп, қомақты қаржысын жұмсады. Мағира Дәулетбекқызы Қазақстанда балаларға қатысты балабақша, басылым, үйірме тегін болуы керек деп ойлайды. Биліктен қолдау тапса балғындарға шағын театр, үйірме ашып, өздерінің жазып-сызғанынан хрестоматия жасасам деп армандайды.

Мерейтой иесінің жазушы­лық жолы өз алдына бір төбе. «Күннің алтын сынығы», «Әлем-әуен», «Жылы шырай», «Адам құпия», «Жантәсілім», «Жападан жал­ғыз», «Ұзақ жолдың бойын­да», «Менің шашылған энцикло­педиям» кітаптары туралы ұзақ толғауға болады. Ол Қазақ­стан­ның Халық жазушысы, ақын Мәриям Хакімжанованың ІІІ том­дық шығармалар жинағын құ­растырды. 2024 жылы Мағира апай жөнінде қаламгерлердің жаз­ған мақалаларын топтастырған «Таланты – ерек, табиғаты – бөлек» атты кітап жарық көрді. Бұл кітапқа 350 мақала енген. Әйгілі сыншы Зейнолла Серікқалиұлы, Тұтқабай Иманбеков, Темірбек Жанәбілов, Сәбит Досанов, Қанипаш Мәді­баева, Сара Мыңжасарова, Жанат Ах­мади, Гүлзира Серғазы, Қалам­пыр Кенжеғалиева және тағы бас­қа қаламгердің шығармашы­лы­­ғы­нан жазған дүниелерінен Мағира Қожахметова апайдың қазақ ­руха­­ниятына шексіз үлес қосқа­нын жазбай тануға болады.

Соңғы жаңалықтар

Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Өнер • Бүгін, 23:40

Президент шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады

Президент • Бүгін, 23:26

Апаттан құтқарған оқушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында

Саясат • Бүгін, 08:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: Татуласу – мықтылықтың белгісі

Саясат • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді

Саясат • Бүгін, 08:00

Қонақта – Асқар Алтай

Қоғам • Бүгін, 07:55

Көнеден жеткен сарын

Өнер • Бүгін, 07:50

Аю шаңғы

Жәдігер • Бүгін, 07:45

Баянсыз бақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді

Үкімет • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

Президент • Кеше

Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды

Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді

Президент • Кеше

Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары