Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Абыройы асқақтаған аудан

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

Жұрт мақтаған Жанна

Жұрт мақтаған Жанна

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Сағатына 235 тоннаға дейін жоғары сапалы асфальт-бетон өнімін шығаратын заманауи қос асфальт-бетон зауыты бар «ДСК Приоритет» компаниясын нәп-нәзік Жанна Кенжина басқарады. Үлкен ұжымда 300-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Олар барлық жағдайы жасалған жұмысшы қалашығында тұрады.

Жанна Кенжина қазыналы Қара­шығанағымен әйгілі Бөрлі ауда­нының орталығы Ақсай қала­сында туып-өскен. Ата-анасы қарапайым жұмысшы болды. Еңбек жолын теміржол стансасында пойыз диспетчері болып бастаған Жанна ес білгелі еңбекпен шыңдалған жан. 2004 жылдан кәсібін үздіксіз дамытып, 2008 жылы «ДСК Приоритет» атты ЖШС құрды.

– Біз заманауи стандартқа сай қауіпсіз, ұйымдасқан еңбек ортасын құра білдік. Сондай-ақ қызметкерлерді оқыту мен кәсіби дамуға ерекше мән беріп келеміз. Жұмысын жаңа бастаған мекеме сенімге ие болып, толыққанды тапсырыс алуға біраз уақыт керек. Алғашқы кезде түрлі мекеме ауласындағы ішкі жолдарды жасап жүрдік. Кейін «Самал» шағын ауданына барар жолды, Асан ауылы мен Жұлдыз шағын ауданына дейінгі Тәуелсіздік көшесіне төсеп шықтық. Үлкен жауапкершілікпен атқарылғандықтан болар, бір қабат қана асфальт төселген сол көшелерге әлі ешқандай сызат түскен жоқ. 2011 жылы Орал қаласының көп бөлігін су басқанда қазылып қалған бөліктері болмаса, жақсы сақталды, – дейді компания басшысы.

Содан бері қиындығы мол, сы­нағы көп жиырма жылға жуық уақыт өтіпті. «ДСК Приоритет» Ба­тыс Қазақстан облысында жол салатын ірі компаниялардың біріне айналды. Бүгінге дейін компания жалпы ұзындығы 1000 шақырымнан астам республикалық, облыстық, ауылдық маңызы бар автокөлік жол­дарын күрделі жөндеп, салып шыққан. Өңірдегі инфрақұрылым­ды дамытуға бағытталған мемлекет­тік бағдарламаларды іске асыруға, сондай-ақ республикалық, облыстық, қала­ішілік маңызы бар автокөлік жолдарын салу, жөндеу жұмысына белсене қатысатын компания кәсіби біліктілігінің арқасында жол құрылы­сы саласында тұрақты әрі жауапты мердігер ретінде танылды.

Компания жолдар мен автома­гистральдар салып қана қоймай, жол-құрылыс материалдарын өндіреді. Жол құрылысы саласында зертханалық сынақтар жүргізу, арнайы жол-құрылыс техникасымен қамтамасыз ету секілді қызметтерді де қоса алып жүрген үлкен ұжымның көлік паркінде қазір жол құрылысы жұмысына арналған 100-ден астам арнайы техника бар. Ұйым өндірістік қажеттілікке сәйкес техникалық паркті жыл сайын жаңартып, толықтырып отырады.

Компания осы кезге дейін «Қаз­АвтоЖол» ұлттық компаниясының, «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» альянсының, Батыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының, Орал қаласы, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі, Тасқала аудан­дары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің тапсырысын орындап, республикалық маңызы бар «Подстепное – Федо­ровка – Ресей шекарасы» автомобиль жолының біраз бөлігін қайта жаңғыртты. Облыстық маңызы бар «Тасқала – Аққурай – Болашақ – Ресей шекарасы», «Ақсай – Шыңғырлау», «Теректі – Ақсай» автокөлік жолдары орташа, күрделі жөндеуден өтті. Орал қаласында, Зашаған, Деркөл, Круглоозерное кенттерінде көшелер қайта жаңғыртылып, күрделі, орташа жөндеу жұмысы жасалды. Бәйтерек ауданы ауылдарына, сондай-ақ Бөрлі, Теректі, Тасқала аудандарының елді мекендеріне кіреберіс жолдары салынды.

Негізінен ер-азаматтар қызмет ететін үлкен компанияны басқару әйел адамға қиын емес пе? Осындай ой оқырманға да келетін шығар.

– Өзімді бұл саласыз елестете алмаймын. Жасыратыны жоқ, қиын. Бірақ ұжымды әйел адам басқарғанның артықшылығы да бар. Мен әр қыз­меткердің ішкі дүниесіне үңілуге тырысамын. Жұмысқа құлшынысын, қабілетін байқап жүремін. Қалада, далада жол салу – екі түрлі. Оған қыз­меткерді де лайықты таңдай білу керек. Ұжымда көбі ер адам болған соң мені құрметтеп, әрқашан қолдап жүреді, – дейді қайсар қыз.

Тақтайдай тегіс жол батысқазақ­стандықтардың бағзыдан келе жат­қан бас ауруы. Өйткені өңірдегі рес­публикалық маңызы бар 1 349 км жолдың 17%-ы, жергілікті маңызы бар 4 834 км автожолдың 44%-ы қалыпқа сай келмейді. Кейде мемлекеттің миллиардтаған теңгесі жұмсалып жөн­делген жолдың сапасы да сын көтер­мей жатады. «Ақсай қаласына айына екі рет баратын адам ретінде айтайын, 31 млрд теңге қаражатқа «Қазкомсервис» салған жол мен 15 млрд теңгеге «ДСК Приоритет» салған жолдың айырмасы жер мен көк­тей» деп жазды жақында әлеуметтік желіге Орал қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Жұматаев.

Жанна Тәжіғұлқызы басқаратын компанияның атына желіде айтылған осындай жылы пікір өте көп. Компания басшысы көпшілік сынына сергек қарайды, үнемі ықыласпен жауап береді. Екі ұлдың анасы, шаңырақтың ұйытқысы болып отырған жанның таусылмас ішкі қуаты таңғалдырады. Ол Іскер әйелдер қауымдастығының белсенді мүшесі, 2018 жылдан бері «Amanat» партиясының қатарында. VII шақырылған Орал қалалық мәсли­хатының депутаты. Ел Тәуелсіз­дігінің 30 жылдығы қарсаңында Жанна Кен­жина «Ерен еңбегі үшін» медалі­мен марапатталды. Облыс көлемінде қайырымдылық қызметінің дамуына ерекше үлес қосқаны үшін «Жомарт жүрек» сыйлығына ие болды. Жалпы, «ДСК Приоритет» компаниясы білім, мәдениет, спорт саласы, абаттандыру жұмысына тұрақты қолдау көрсетеді. Тек 2024–2025 жылдары ғана компания қайырымдылық шаралары, әлеуметтік жобаларға 50 млн теңгеден астам қаржы бөлді.

«Құрылысшы – ең бейбіт мамандық» деген сөз бар халықта. Оның үстіне құрылысшы ана, нәзік жанды әйел болса, бұл кәсіптің қадірі биіктей түсетін сияқты. Әдетте әйел жаны әдемілікке жақын, үйлесімді қалайды, махаббат-мейірімге мол болады. Жаннаның үнемі елдің шаруасында жүретіні, тыным таппайтыны, соның ішінде құрылыс саласындағы түрлі түйткілді талмай айтып, мәселе көтеретіні – туабітті мінезінен. Батыс Қазақстан облысының, Орал қаласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігінде кейіпкеріміздің айқын қолтаңбасы бар.

Батыс Қазақстан облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see117

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see117

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see114

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see114

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see114

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see112

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see112

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see111

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see110

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see110

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see109

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see108

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

13 Шілде 2026 17:04see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары