Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Сауда серіктестігіне серпін

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Жұрт жадындағы Есім төре

Жұрт жадындағы Есім төре

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Есім төренің есімі Жетісу жұртына, соның ішінде Лепсі өңірі халқына жақсы таныс. Арғы атасы – Тәуке хан. Тәукеден Болат, одан Әбілмәмбет, одан Әбілпейіз, одан Ағадай тараған. Құрбанғали Халиди «Тауарих-и хамса и шарқи» («Шығыстың  5 мемлекетінің тарихы») кітабын­да: «Әбілпейіздің қарақалпақ әйелінен семіз найман еліне төре болатын Ағадай туды. Ағадайдың үш әйелінен жалпы жеті ұлы болып, олардың әулеті Жетісу мен Лепсі бойында», деп жазған еді. Сол жеті ұлдың бірі Бөкей еді. Есім төре – осы Бөкейдің ұлы. Ол 1852 жылы қазіргі Алматы облысының Алакөл ауданында өмірге келді. Деректерде Есімнің Лепсі аймағына белгілі болыс болғаны айтылады. Сондай-ақ ел-жұртқа дәулетімен, мәрттігімен танылды. 1916 жылы өмірден өтіп, денесі қазіргі Жыланды ауылына жерленді. 2017 жылы белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспановтың бастамасымен Есім төренің кесенесі қайта жаңғыртылды.

Туыстарының айтуынша, Есім төре жоғарыдағы суретке Романовтардың 250 жылдығын тойлау үшін Петерборға барғанда түскен көрінеді. Алайда бұл қате мәлімет секілді. Себебі Романовтар әулетінің 250 жылдығы 1863 жылы өтті. Бұл кезде Есім – әлі онға толмаған бала. Соған қарағанда бұл сурет 1913 жылғы Романовтар әулетінің 300 жылдығы қарсаңында түсірілсе керек. Түркістан өлкесінің губернаторы Александр Самсонов, Жетісу облысының әскери губернаторы Михаил Фольбаум бастаған өкілдермен бірге Жетісудың жомарты Есім төре де Петерборға барған болуы мүмкін. Алайда бұл нақтылауды қажет етеді.

Біздің ойымызша, бұл сурет Петерборда емес, Вер­ный­да (қазіргі Алматы) түсі­рілген секілді. Себебі сурет авторы ретінде көрсетілген А.Топа­лев верныйлық фотограф Александр Туполев болуы мүмкін. Верныйдан шыққан «Семиреченские областные ведомости» газетінде фотограф Туполевтің жарнамалары жиі жарияланып тұрған. Мәселен, осы газеттің 1892 жылғы №25 санында: «Фотосуретке қатысты тапсырыстарды қабылдау және дайын жұмыстарды беру 7 маусымнан бастап менің Тас алаңдағы Червяковтың үйінде орналасқан фотосалонымда тек жексенбі және мереке күндері, сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін жүргізіледі. Фотограф Александр Туполев», деген жарнама басылған. Соған қарағанда Есім төренің суреті осы Туполевтің Верныйдағы фотосалонында түсірілген болуы мүмкін.

Енді Есім төре туралы деректерге тоқталайық. «Семиреченские областные ведомости» газетінің 1899 жылғы сәуір айындағы санында Лепсі қаласының сайлау жиналыстарына қатысу құқығы бар адамдардың тізімі жарияланған. Осы тізімдегі 156 адамның ішінде Есім сұлтан Бөкейұлының да есімі бар. Бұл кезде оның жылжымайтын мүлкінің бағасы 1870 рубль болғаны көрсетілген. Петербордан шыққан «Русский инвалид» газеті Есімнің қайырымдылығына қатысты қысқа хабар жариялапты. Аталған газеттің 1900 жылғы №222 санында «Әскери қажеттілік үшін» деген хабар басылған. Хабарда былай деп жазылған: «Түркістан ведомостарының» хабарлауынша, Жетісу облысы Лепсі уезі Батыс Шынжылы болысының сұлтаны Есім Бөкеев Қытаймен болып жатқан соғыс қимылдарына байланысты әскери мұқтаждықтарға 500 рубль садақа берген. Өлке басшысының бұйрығына сәйкес, бұл қаржы Ресейдің «Қызыл Крест» қоғамының Түркістан бө­лімшесіне тапсырылып, Қиыр Шығыстағы сырқат және жа­раланған жауынгерлерге көмек ретінде жұмсалады». Мәлімет үшін айта кетейік, 500 рубль деген қазіргі бағам бойынша шамамен ­20 миллион теңгеден асады. Осын­ша қаржыны қайырымдылық­қа жұмсағанына қарағанда Есім­нің ел айтып жүргендей жомарт болғаны рас секілді. Сондай-ақ бұл хабардан Есім төренің Лепсі уезіне қарасты Батыс Шынжылы болысын басқарғанын да байқаймыз.

Ел аузында «Есім төренің жылқысы көп болғаны сондай, жағалай су ішкенде өзеннің өзі тартылып қалады» деген әңгіме бар. Соған қарағанда төренің негізгі кәсіп көзі жылқы шаруашылығы болса керек. Одан бөлек сауда-саттықпен де айналысқан секілді. Сауда-өнеркәсіп орындары туралы мәліметтер жинақталған «Ресей империясы. Мәскеу-Сі­бір» анықтамалығында Есім сұлтан Бөкейұлының да аты аталады. Кітапта Есім төренің 1908–1912 жылдары Лепсі өңіріне қарасты Степановское станицасында (қазіргі Үшарал қаласы) бакалея, мануфактура және шетелден әкелген тауарлар сататын кәсібі болғаны көрсетілген. Бұл деректер Есім төренің ел аузындағы аңыз кейіпкері ғана емес, мерзімді баспасөз материалдары арқылы нақты өмір жолы айқындалатын тарихи тұлға болғанын көрсе­теді. Сондай-ақ алдағы уақытта мұрағат қорларын жүйелі түрде зерделеу Есім төренің өмірі мен қызметіне қатысты беймәлім деректерді ғылыми айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Жетісу өңірінің тарихын, төре әулетінің тағдырын және қазақ қоғамының ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси өмірін тереңірек тануға жол ашады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 10:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see142

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see140

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see128

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see122

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see122

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see121

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see121

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see121

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see120

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see120

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see118

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see117

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see117

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see117

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see115

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see115

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see115

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see115

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see114

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары