Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

14 мың қазақстандық есім сойын өзгертті

14 мың қазақстандық есім сойын өзгертті

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Өзге де жаңалықтар. Биыл елде 15 мыңға жуық адам аты-жөніне өзгеріс енгізді. Бірі грамматикалық қатесін түзесе, бірі тегін өзгертеді немесе қазақшалайды. Ал кей жан тіпті есім сойын толық ауыстырып жатыр. Бұған не себеп? Заң не дейді?

Атын өзгертуге көбіне қыз-келіншектер әуес. Ұлбала, Ұлту, Ұлжан, Ұлболсын сияқты есімдерге көбінің көңілі толмайды. Әрине, мұның артында ұзақ жыл ұл күткен ерлі-зайыптының үміті жатқаны белгілі. Дегенмен қарапайым ырым қыздың тағдырына кері әсер етеді, - дейді мұндай есімді иеленгендер. Олардың пікірінше, қоғамда өздерін жайсыз сезініп, психологиялық қысымға тап болады. Сондықтан кейінгі жылдары есім сойын заңды түрде ауыстыруға өтініш беру жиілеген. Астаналық Ұлжан Досжан 30аты жастан асқанда есімін Бегім деп өзгертіп, бала күнгі арманы орындалғанын айтады.

Бегім Досжан, Астана қаласының тұрғыны:

- Әлі күнге дейін анам Ұлжан деп айтып қалады. Бірақ ақырын-ақырын ортам, достарым жаңа есімімді «Бегім» деп айта бастады. Сондықтан мен еш өкінбеймін. Қазір жаңа танысқан адамдар есімімді естіген кезде «мә, не деген күшті есім» деп айтады. Сосын мағынасын сұраған кезде одан сайын тамсанады.

Неке және отбасы туралы Кодекске сәйкес, кез келген қазақстандық аты-жөніне өзгеріс енгізе алады. Балалар үшін ата-ана өтініш береді. Ал 16 жастан бастап әрбір азамат өзі таңдау жасайды. Өтініштердің көбі сосын тегіндегі -ов, -ев жұрнақтарын алып тастауға қатысты болып отыр. Енді бірі ескі құжаттағы қателіктерді түзетуге ниетті. Әлгіндей есімін түбегейлі өзгерткісі келетіндер де көп. Осындай себептердің барлығын қоса алғанда, былтыр 26 мыңнан астам адам, ал биыл 9 ай ішінде 14 мыңнан астам адам аты-жөніне өзгеріс енгізген.

Меңтай Сатыбалдина, «Азаматтарға арналған үкімет» МК тіркеу қызметі департаментінің бас менеджері:

- Есімді көбіне адамдардың аты оғаш естілген жағдайда немесе ата-анасының ұлттары өзгеше болса, сол таңдаған ұлтына сай немесе өмірде қалыптасқан есімін алғысы келген жағдайда атын өзгертуге өтініш бере алады.

Құжатта басқаша жазылып кеткен, ал күнделікті өмірде басқаша есіммен жүрген азаматтар аз емес. Қаласа олар да кең қолданыстағы атын заңды түрде қолдана алады. Алайда бұл үшін жақын-жуығынан қолхат талап етіледі.

Талғат Уәли, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:

- Осындай жағдайларда кез-келген азамат өзінің есімін өзгертуге құқылы. Ол үшін таныстарынан, туыстарынан қолхат алып келеді. Шын мәнінде, оның есімі былай және құжатта басқаша жазылғандығы жазбаша расталады. Содан кейін 5 жұмыс күні ішінде бұл мәселе қарастырылып, кез келген азамат өзінің есімін өзгерте алады.

Өтінішті халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе азаматтық хал актілерін тіркеу орталықтарына тапсыруға болады. Аты-жөніне өзгеріс енгізілген соң, жеке куәлік пен төлқұжат ауыстырылады. Ал өзге құжаттарды жаңарту үшін тиісті мекемелерге қайта өтініш жазу керек немесе ішкі істер органдарынан анықтама, яғни ілеспе анықтама алу қажет.

Авторы: Еркебұлан Смадияров

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 07:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары