Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Рухани алаяқтар : Айдос Сарым эзотериктер мен тренер коучтерді сынға алды

Рухани алаяқтар : Айдос Сарым эзотериктер мен тренер коучтерді сынға алды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Депутат соңғы уақытта елде кеңінен таралып кеткен эзотерикалық, псевдопсихологиялық жалған ілімдер мен секталардың әсіре белсенділігі қатты алаңдатып отырғанын жеткізді.

Оның айтуынша, жалған диплом жасатып, атағы жер жаратын «академиялардың», әлемдік «ұйымдардың» атынан сөз сөйлеп жүрген бақсы-құшнаштың, тренер-коучтердің шараларының саны күн санап артып келеді.

– Қай бір сайтты, әлеуметтік желіні ашып қалсаң, әлемнің барша құпиясын меңгерген, адамның жан дүниесінің бүкіл кілтін беліне байлаған мамансымақтар көпшілікпен кездесулер, курстар, семинарлар өткізіп жатады. Өкініштісі, бұны жекелеген адамдардың өз таңдауы, жеке құқығы деп те айта алмаймыз. Рухани алаяқтар мемлекететтік мекемелерге, квазимемлекеттік сектордағы ұйымдарға дейін жетіп, мемлекеттік, қоғамдық проблемаға айналғанын байқап отырмыз, – деді А.Сарым Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутат «Сюцай» деп аталатын курстарды мысалға келтірді.

– Бұл бағыт «адамның ішкі әлеуетін ашатын сандық психология» деп таныстырылғанымен, іс жүзінде ғылыми негізі жоқ, эзотерикалық және діни сипаттағы коммерциялық жобаға айналып отыр. Бүгінде «Сюцай» атауын жамылған топтар жабық форматтағы шаралар өткізіп, өз уағыздарын кеңінен таратып жүр. Олардың басым бөлігі – лицензиясыз, сертификатсыз, тіркелмеген тұлғалар. Жалған ілімнің басты мақсаты – азаматтарды «рухани даму» ұранымен иландырып, сандар мен символдарға сүйенген псевдотеория арқылы материалдық пайда табу. Нәтижесінде көптеген адам, әсіресе әйелдер мен жастар, қаржылай шығынға ұшырап, психологиялық тәуелділікке түсуде, ал кейбірі отбасылық және әлеуметтік күйзеліске тап болып отыр, – деп толықтырды депутат.

Мәжіліс депутаты бұл үрдісті «рухани індет» немесе «менталдық эпидемия» деп атады.

– Мемлекеттік органдар мұндай ұйымдардың қызметіне мониторинг жасап отыр ма? Осындай ұйымдар мен коуч-тренерлер тарапынан жастарымызға, әйелдерге және өзге әлеуметтік топтарға келтіріліп жатқан психологиялық, материалдық және басқа да зияндарды жүйелі түрде зерттейтін тәсілдер мен сараптамалар бар ма? Меморгандар бұл деструктивті қызметке қатысты заңнамалық немесе нормативтік деңгейде шара қабылдауды жоспарлап отыр ма? Халық арасында БАҚ арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіле ме? Мұндай жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті ғылыми, кадрлық әлеует пен құралдар бар ма? – деп сауал қойды А.Сарым.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан азаматтарынан коуч қызметіне 900-ге жуық шағым түскен.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 15:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see132

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see130

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see126

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see125

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see122

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see119

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see119

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see119

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see119

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see117

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see116

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see116

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары