Русана Сулаймонова: Биоалуантүрлілікті сақтау ортақ міндет
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Русана Сулаймонова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COP17 саммитінде көтерген экологиялық мәселелеріне тоқталып, табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы жөнінде пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Депутат еліміздегі сирек кездесетін жануарлар санын көбейту мен табиғи экожүйелерді қорғау бағытындағы жұмыстарға назар аударды.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 саммитінде табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Жаңа Конституцияда қоршаған ортаны қорғау қағидаттары бекітіліп, «Таза Қазақстан» бастамасы жалпыұлттық деңгейде жүзеге асырылуда.
Елімізде ақбөкендер саны 4,7 миллионға, қар барысы шамамен 190 басқа жетті. Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекет басшысы Каспий экожүйесін сақтауға және саны азайып бара жатқан итбалықтарды қорғауға халықаралық күш-жігерді біріктіруге шақырды.
Табиғатты сақтау – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз! – деді Русана Сулаймонова.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:98
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 16:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















