Сайында SkyTrain қоршаулары пайда болды: Алматы әкімдігінің түсініктемесі
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматыдағы Саин көшесінде Sky Train деген жазуы бар қоршаулар мен бұрғылау қондырғысы байқалды. Әлеуметтік желі қолданушылары әкімдік болашақ желінің құрылысын бастап кетті деп болжады, десе де жұмыстың ресми басталуы тек 2027 жылға жоспарланған. Жол инфрақұрылымы басқармасы Tengrinews.kz-ке аталған учаскеде нақты не болып жатқанын түсіндіріп берді.
Саин көшесінде не болып жатыр?
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Саин көшесіндегі – Елемесов пен Марғұлан көшелерінің аралығындағы алаңның фотосуреттері пайда болды. Sky Train Almaty деген жазуы бар қоршаудың артынан қала тұрғындары бұрғылау қондырғысын көріп, ол жерде эстакада тіректеріне арналған орындар дайындалып жатыр деген болжам жасады.
Threads-тегі @kukusyonok пайдаланушысының фотосы
Алайда жол инфрақұрылымы басқармасы Tengrinews.kz-ке SkyTrain құрылысы әлі басталмағанын хабарлады..
SkyTrain эстакадасы тіректерінің орындары анықталды ма?"Жүргізіліп жатқан жұмыстар инженерлік ізденіс және жобалық құжаттаманы дайындау кезеңіне жатады. Қазіргі уақытта SkyTrain жобасы аясында осы учаскеде инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады басқарма.
Әзірге жоқ. SkyTrain-нің болашақ тіректеріне арналған нақты орындар жобалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін анықталады.
SkyTrain эстакадасының тұрғын үйлерге қаншалықты жақын өтетіні де әзірге белгісіз. Басқарма бұл арақашықтық құрылыс нормаларын ескере отырып белгіленетінін мәлімдеді.
"Жобаны іске асыру кезінде жасыл желектерді сақтау және қалпына келтіру мәселесі ескеріледі", – деп атап өтті ведомство.
Алматыдағы SkyTrain туралы не белгілі?SkyTrain – жоғары жылдамдықты монорельсті көлік, ол эстакадалар бойымен қозғалады. Қозғалыстың орташа жылдамдығы сағатына 35 шақырымды құрайды.
Қазіргі жоспарларға сәйкес, жүйе жалпы ұзындығы 46,4 шақырымды құрайтын екі желіден және және 27 аялдамадан тұрады.
Ұзындығы 22,5 шақырым болатын бірінші желіні Райымбек даңғылының бойымен – "Барлық" Көлік-ауысып міну торабынан (КАТ) "Шығыс" КАТ-қа дейін жүргізу жоспарланған. Онда 13 аялдама қарастырылған. Екінші желінің ұзындығы 23,9 шақырымды құрап, 14 аялдамасы болады, алайда оның соңғы бағытын билік әлі нақтылаған жоқ.Анықтама: Бұл параметрлер бұрынғы жоспарлардан айтарлықтай өзгеше. Бұған дейін ұзындығы 29 шақырым болатын бірінші желіні Райымбек, Саин, Әл-Фараби көшелері мен ШАЖЖ (ВОАД) арқылы, ал ұзындығы 13 шақырым болатын екінші желіні Райымбек бойымен өткізу көзделген еді.
Екі желіні де жер үстімен – орташа биіктігі 8–12 метр, ал жекелеген учаскелерде 14 метрге дейін жететін эстакада бойымен салу жоспарланып отыр.
Бұған дейін Алматы әкімдігі SkyTrain құрылысын 2027 жылы бастау жоспары туралы хабарлаған болатын.
Екі желіні де бір уақытта салу жоспарланып отыр. Алайда қазірше тек бірінші желінің мерзімі аталды – жұмыстарды 2029 жылы аяқтау көзделген.
"Екінші желі бойынша жұмыстардың аяқталу мерзімі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде анықталады", – деп хабарлады басқарма.
Анықтама: SkyTrain трассасының түпкілікті бағыты, эстакада тіректерінің орналасуы, жолдардағы өзгерістер мен жер телімдерін иеліктен шығару қажеттілігі жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін анықталады. Әзірге билік жобаның түпкілікті құны мен болашақ жол жүру ақысын да атаған жоқ.
Болашақта SkyTrain желілері Алматы шекарасынан тыс – Талғар мен Қаскелең бағыттарына қарай ұзартылуы мүмкін.
SkyTrain үшін BRT жобасы өзгертілді2026 жылдың маусымында болашақ SkyTrain-ге байланысты биліктің Райымбек даңғылындағы BRT жобасының бір бөлігінен бас тарту туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Өтеген батыр көшесінен Емцов көшесіне дейінгі учаскеде BRT-ның орнатылып қойған элементтерін демонтаждау ұйғарылды.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдаған болатын. Мемлекет басшысы Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Осы жылдың маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі. Жиын барысында ол Алматы агломерациясы ішіндегі көлік байланысын нығайту және жылдамдықты қоғамдық көлікті белсенді дамыту қажеттігін атап өтті. Президент Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп 1 тамызға дейін SkyТrain желілерінің құрылысы жобасын, сондай-ақ Алатау мен Алматыны байланыстыратын жылдамдықты қоғамдық көлікті дамыту мәселесін пысықтау тапсырылды.Қыркүйек соңында Алматы мәслихаты қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына енгізілген түзетулерді де қолдады. Жаңартылған жоспарда метро, LRT және SkyTrain желілерін Қаскелең, Талғар және Құлжа бағыттарына қарай созылатын перспективалы бағыттармен бірыңғай көлік жүйесіне біріктіру көзделген. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов мәлімдеді. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
Tengrinews.kz Алматының қоғамдық көлік жүйесіндегі өзгерістерді бақылауды жалғастырады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















