Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қоқан лоққы, атыс және өлген ит. Семейде қарулы ер адам кезіп жүрді

105 елдің азаматы Қазақстанға электрондық визамен кіре алады

Гүлзира Айдарбекова денсаулығы сыр бергенін айтты

ҚР Ұлттық экономика вице министрі тағайындалды: Бекболат Молдабеков жайлы не белгілі

Алматыға халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс көрме қажет министр

Қазақ қытай ғалымдары шегірткемен күрестің жаңа әдісін ұсынды

Тоқаев ЕАЭО ның кедендік транзиті туралы заңға қол қойды

Министр Алматының не нәрсеге қатты мұқтаж екенін айтты

Бектенов әкімдерден туристік инфрақұрылымды күшейтуді талап етті

Бюджеттің қыруар қаржысы есепшоттарда игерілмей жатады Смайылов

​Көпірде қарсы бағытқа шығып, көлікке соқтығысқан жүргізуші 5 жылға сотталды

Ұшқыш туған күнінде қаза тапқан: Павлодар облысындағы Ан 2 апатына қатысты жаңа мәліметтер айтылды

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды

Жас кәсіпкер бір сәтте бірнеше баланы оқытатын жүйе ойлап тапты

Бекіре 2026 : Батыс Қазақстанда 890 миллион теңге шығын келтірген браконьерлер ұсталды

Атырау мен Құлсарыда заңсыз қоқыс полигондары анықталды

Құнды экспонаттар жеткізілді

Атырау облысының екі ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

Сапарбаев тұлғасы елге қызмет етудің өнегелі жолы

Абай облысында шетелдік көліктер 2,5 миллион теңге қарыз жинады

Салттың сыны сахнада

Салттың сыны сахнада

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Дәл осы шығарма желісімен жақында Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры комедияның премьерасын қойды. Күлдіру үшін емес, күлкі арқылы көрерменді оятуға бағытталған қойылымды біз де тамашалап қайттық. Қойылым барысында қоғамдағы өзекті мәселелер – ұлттық құндылықтардың әлсіреуі, салт-дәстүрдің мәнін жоғалтуы, тіл мен ұлттық болмысқа деген немқұрайдылық секілді тақырыптар астарлы юмормен жеткізіледі. 

Ол әңгіме жазылғаннан бері жарты ғасыр уақыт өтсе де, сол замандағы мә­се­лелердің күрмеуі әлі күнге шешіл­мей, елдің деңгейі де сол құралпылас күйінде. Спектакль барысында әр кейіпкердің образына күле отырып, дәстүріміздің ұмыт болып қалатынына іштей қын­жылып та алдық. Есімі қазақ топырағына жат Бонапарт деген өзіміздің қазақтың қара баласы. Қойылым осы жігітті үйлендіру кезіндегі шытырманға толы оқиғаны баяндайды.  Қысқасын айтқанда, бір айдан кейін келіншек әкелетін боп отырған он бір баланың арасында өскен Бонапартты ата-анасы сүндетке отыр­ғызуды ұмытып кеткен. Онысы ұлы жігіт болып «үйленемін» дегенде ғана есіне түседі. Бұл күтпеген оқиға еді. Оны да еске түсірген – ауылдан келген Дөр­жан мен Испания мемле­кетінің құрметіне Испанәлі есімін ал­ған жас жігіт. Қойылымда осы екі кейіпкер ғана қазақ дәстүрінің аяқасты болуына араша түсіп, келер ұрпаққа сақталуы жолында күрескер образдарда көрінеді. Әбді­әшімнің ағасы бұл іске ерекше алаңдап, Бонапартты қалайда сүндетке отырғызу керек деп қатты күйіп-піседі. Ақыры, қазақтың салтына сай сүндетке отырғызу рәсімін де жасайды. Нағыз қызық пен әбігер дәл осы жерден бас­талады. Оқиға барған сайын шие­ленісе түседі. Сүн­дет­телген Бонапарттың жа­ра­сы оңай­лықпен жазылмай, оның жағдайы бәрін әбігерге салады. 

Қойылымда салт-дәстүр тек Дөр­жанға керек сияқты. Шетелде тұрып, шетелде білім алған, тамырынан баяғыда ажырап, қазақы болмыстан ада болып үлгерген ағайыны үшін ұлттық құнды­лықтардың маңызын түсіндіруге тыры­сады. Бұл образды сахнаға алып шыққан Ерлан Малаев сомдаған кейіпкерінен біраз нәрсе үйренгенін айтты.

– Дөржан – қазақтың салт-дәстүрін сақтап қалуды мақсат етіп, оның ұмы­тылып кетпеуін алдымен өз туған-туыс­тары арқылы бастауды жөн көрген кейіпкер. Жақындарына бүгінгі жоғалып бара жатқан дәстүрдің барлығын үйретеді. Сондықтан кішкене ауылдың ақсақалы рөлін ойнау үшін біраз ізденіп, өз деңгейінде сомдап шығуға тырыстық. Өзім білмеген дүниені кейіпкерім үйретті. Қазіргі дәстүрдің көбі ұмытылып бара жатыр: отқа май құю, сәлем салу, беташар, құда күту, құйрық-бауыр тарту. Мұндай салттар кей өңірлерде ұмыт бола бастаған. Бұлар біздің тарихымыз, кодымыз ғой. Сондықтан қазақы болмы­сымызды сахнадағы отбасымыз арқылы көпке жеткізуге тырыстық. Миссиямыз кішігірім болса да орындалды деп ойлаймын. Көп жағдайда театрға келген адамдар шық­қаннан кейін ойланып кетсе екен дейміз, – дейді актер Ерлан Малаев. 

«Бонапарттың үйленуі» – күлкі арқылы күрделі мәселелерді көтеретін комедия. Қойылымның инсценировка авторы және қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Айтуынша, әңгіменің театр тіліне сай жазылуында бірнеше өзгеріс қосылған. Біріншісі, шығарма­дағы негізгі оқиға ауылда өрбісе, ре­жис­серлік шешім бойынша оның сахналық нұсқасы қала өміріне бейім­деліп көрсетіледі. Оның себебі осы арқылы қазіргі қоғам­дағы тілге деген немқұрайдылық мәсе­лесін де астарлап көрсетуге мүмкіндік туады. Құйрық-бауыр асату, сәлем салу, сүндетке отыр­ғызу сияқты ұлттық дәстүрлердің мәнін түсінбей, «бұлар ескіліктің қалдығы» деп қарайтындар әлі де кездеседі. Осындай көзқарастар бүгінгі қоғамда алдымыздан шығып, ұлттық құндылықтар туралы ойлануға мәжбүр етеді.

– Осы шығарманың желісі негізінде мен бүгінгі күннің өзекті мәселелерін де арасына енгізіп жазғым келді. Сон­дықтан көзінің тірісінде Дулат ағамен сөйлесіп, арнайы рұқсатын алған едім. Бұл шығармада айтылған кейбір оқиғалар мен мысалдарды қазіргі жас ұрпақ толық түсіне бермейтінін айтып, заманауи тілге бейімдеп спектакль қойсақ деген ниетімді білдірдім. Мы­салы, шығармада кездесетін Кашпиров­ский туралы бүгінгі жастардың көбі біле бермейді. Сөйтіп, шығарманың негізгі желісіне инсценировка жасағым келетінін жеткіздім. Дулат аға бұл ойым­ды құптап, рұқсатын берген еді, – деді режиссер.

«Бонапарттың үйленуі» әңгімесін оқыған оқырман жақсы білетін шығар: сүндеттелген Бонапартты жарасынан жазған сөздеріндегі белгісіз құдірет ауру атаулының бәрін өзі тауып алатын Кашпировский еді. Ал қойылымда мұндай кейіпкер жоқ. Бұл – жоғарыда біз айтқан қойылымның әңгімеден екінші айырмашылығы. Есесіне, жаңа кейіпкерлер де қосылып, спектакльді көркемдік тұрғыда одан әрі байыта тү­седі. Қазақы болмыстан айнымаған Испанәлі де өз жұбын тауып, қойылым қос тоймен тәмамдалады. 

«Бонапарттың үйленуі» қойылымы, бір сөзбен айтқанда, қалада тұратын бір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның көзқарасын, діни ұстанымын, дәстүрге деген жауапкершілігін әшкерелейді. Қойылымда ұлттық құндылықтардың, салт-дәстүрдің өз мазмұнынан айы­рылып, тек даңғаза формаға айналып бара жатқаны ащы мысқыл арқылы көрсетілді. Осылайша, қойылымда күлкі мен терең ой қатар өріліп, көрер­менді әрі күлдіріп, әрі толғандырады.

– Президентіміз де ел тарихына, ұлттық құндылықтарға ерекше көңіл бөліп келеді. Әрбір жолдауында ұлттық кодты, генетикалық кодты жаңғырту мәселесіне тоқталып жүр. Әсіресе, мәдени ошақтардың осы мәселеге айрықша назар аударуы керектігін жиі атап өтеді. Біз театр саласында еңбек етіп жүргендіктен, сахна арқылы елге, ұлтқа қызмет етіп, сол ұлттық құндылық­тардың жаңғыруына өз үлесімізді қосуға тырысып келеміз.

Әр қойылымға актерлерді таңдауда ерекше мән береміз. Комедия жанрында ойнау оңай емес. Сондықтан құрамды іріктегенде табиғатында қалжыңға жақын, юморды сезіне алатын актерлерді таңдауға тырыстым. Сонымен қатар басқа да шығармашылық жұмыстар қатар жүріп жатқандықтан, сол жерлерден уақыт жағынан ыңғайлы, сахнаға шығып жұмыс істеуге мүмкіндігі бар актерлерді тартуға назар аудардым. Өйткені актер сахнадан біраз уақыт қол үзіп қалса, оның шығармашылық қуаты бәсеңдеп кетуі мүмкін. Осыны ескере отырып, екі шығармашылық құраммен жұмыс істеп, қойылымды сахнаға шығардық, – деді режиссер Болат Ұзақов.

Режиссер Болат Ұзақов осы премьера арқылы тағы бір өзекті мәселенің бірі – ауыл тұрғындарының жаппай қалаға көшуін көрсетуді мақсат еткен. Ре­жиссердің осы ойын толықтыра түсе­тін мысал бар. Дөржан мен Испанәлі ақыры көздеген мақсаттарына жетеді. Қаладағы қымбат мейрамханада, үш тілде өтеді деп жоспарланған салтанатты той күтпеген жерден ауылда өтеді. Осылайша, оқиға ауыл тіршілігінің шынайы көрінісімен астасып, ұлттық болмыстың қадірін тағы бір мәрте еске салады. Қойылым соңында туған ауы­лына қайта оралған Әбдіәшімді туған жердің топырағы ерекше те­бірентеді. Спек­такльдің соңында кейіп­керлер көрнекті композитор Темір­жан Базар­баевтың ақын Жабайыл Бейсеновтің сөзіне жа­зылған «Ауылым» әнін орын­дап, туын­дының негізгі идеясын те­рең­дете түсті.

Көрерменді күлдіре отырып, қоғам­дағы түрлі мәселеге назар аудартқан спек­такль еріксіз толғандырады. Шы­нында да, Дулат Исабеков айтқандай, қа­зақ болып өмір сүру – қызық...

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 06:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қоқан лоққы, атыс және өлген ит. Семейде қарулы ер адам кезіп жүрді

09 Маусым 2026 10:44see121

105 елдің азаматы Қазақстанға электрондық визамен кіре алады

09 Маусым 2026 12:57see118

Гүлзира Айдарбекова денсаулығы сыр бергенін айтты

09 Маусым 2026 21:53see117

ҚР Ұлттық экономика вице министрі тағайындалды: Бекболат Молдабеков жайлы не белгілі

09 Маусым 2026 15:33see116

Алматыға халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс көрме қажет министр

09 Маусым 2026 12:36see116

Қазақ қытай ғалымдары шегірткемен күрестің жаңа әдісін ұсынды

09 Маусым 2026 22:26see115

Тоқаев ЕАЭО ның кедендік транзиті туралы заңға қол қойды

10 Маусым 2026 19:43see115

Министр Алматының не нәрсеге қатты мұқтаж екенін айтты

09 Маусым 2026 10:54see114

Бектенов әкімдерден туристік инфрақұрылымды күшейтуді талап етті

09 Маусым 2026 14:14see114

Бюджеттің қыруар қаржысы есепшоттарда игерілмей жатады Смайылов

10 Маусым 2026 12:10see113

​Көпірде қарсы бағытқа шығып, көлікке соқтығысқан жүргізуші 5 жылға сотталды

09 Маусым 2026 17:08see112

Ұшқыш туған күнінде қаза тапқан: Павлодар облысындағы Ан 2 апатына қатысты жаңа мәліметтер айтылды

09 Маусым 2026 10:21see112

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды

10 Маусым 2026 14:49see112

Жас кәсіпкер бір сәтте бірнеше баланы оқытатын жүйе ойлап тапты

09 Маусым 2026 10:57see112

Бекіре 2026 : Батыс Қазақстанда 890 миллион теңге шығын келтірген браконьерлер ұсталды

09 Маусым 2026 17:08see112

Атырау мен Құлсарыда заңсыз қоқыс полигондары анықталды

09 Маусым 2026 19:53see111

Құнды экспонаттар жеткізілді

09 Маусым 2026 10:42see111

Атырау облысының екі ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

10 Маусым 2026 18:53see111

Сапарбаев тұлғасы елге қызмет етудің өнегелі жолы

10 Маусым 2026 21:32see111

Абай облысында шетелдік көліктер 2,5 миллион теңге қарыз жинады

10 Маусым 2026 17:32see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары