Сақтандыру төлемдері артады заң мәжіліске түсті
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Көлік иелері мен тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша заңнамалық өзгерістер мәжіліске түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Татьяна Савельеваның айтуынша, заң жобасы сақтандыру компаниялары мен міндетті автосақтандыруды рәсімдейтін азаматтардың мүддесін қорғауды көздейді. Осыған байланысты қазіргі заңнамаға тиісті түзетулер енгізіледі.
Негізгі өзгерістер:
жол апатынан зардап шеккендердің сақтандыру төлемдерін арттыру;
төлемдерді алатын адамдардың санын көбейту;
сақтандыру компанияларын мұрагерлерді төлем алу туралы хабардар етуге міндеттеу;
сақтандыру жағдайында тәуелсіз сараптаманы қолдануға мүмкіндік беру.
"Үкімет бұл заң жобасы бойынша өз қорытындысын берді. Оны да жұмыс кезінде ескереміз", - дейді Савельева.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:145
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 10:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















