Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Сарбаздар әскердегі тәртіпті 24 сағат бойы қалай қамтамасыз етеді?

Сарбаздар әскердегі тәртіпті 24 сағат бойы қалай қамтамасыз етеді?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде әскери қызмет күн сайын белгіленген тәртіппен ұйымдастырылады. Әрбір сарбаздың өз міндеті бар. Бірі қоғамдық тәртіпті күзетсе, енді бірі әскери техниканың дайындығын қамтамасыз етеді. Бірі жауынгерлік кезекшілікте тұрса, енді бірі әскери бөлім аумағының қауіпсіздігін қадағалайды. Ал тәуліктік жасақ жеке құрамның тыныштығын, әскери бөлімдегі ішкі тәртіпті сақтап, қару-жарақ пен әскери мүліктің қауіпсіздігін 24 сағат бойы қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тәуліктік жасақ – әскери бөлімнің қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды буын. Оның басты міндеті – жауынгерлік әзірлікті және ішкі тәртіпті сақтау, жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы, оқ-дәрілер мен материалдық құралдар қорын, әскери бөлімнің ғимараттары мен мүлкін күзету. Сонымен қатар жасақ әскери бөлімшелердегі жағдайды бақылап, құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды уақытылы қабылдауға жауапты.

Бұл қызметке сарбаздарды дайындау бір күндік жұмыс емес. Кезекшілікке кірер алдында әскери қызметшілер арнайы нұсқаулықтан өтіп, өздеріне жүктелген міндеттерді нақтылайды.

Әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарау керек

Жауынгерлермен нұсқаулық сабағын рота старшинасы, аға сержант Қанжарбек Жаңаберген өткізеді. Оның айтуынша, тәуліктік жасақ құрамындағы әрбір әскери қызметші өзінің міндетін ғана емес, күтпеген жағдайда қандай әрекет жасау керектігін де жақсы білуі тиіс.

«Тәуліктік жасаққа түсу – үлкен жауапкершілік. Сондықтан кезекшілікке кірер алдында сарбаздарға қызмет атқару тәртібі, қауіпсіздік талаптары, қару-жарақ пен әскери бөлімнің мүлкін сақтау, ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты түсіндіріледі. Әрбір сарбаз өз міндетін нақты білуі керек. Себебі тәулік бойы әскери бөлімдегі жағдайға бақылау жүргізу – қырағылық пен мұқияттылықты талап ететін қызмет», – дейді старшина.

Нұсқаулық барысында сарбаздарға қызмет кезінде сақталуы тиіс талаптар түсіндіріліп, олардың білімдері тексеріледі. Мұндағы басты мақсат – тәуліктік жасақтың қызметін сапалы ұйымдастырып қана қоймай, әскери қызметшілердің жауапкершілігін арттыру.

Тәртіп – талаптан емес, түсініктен басталады

Әскери қызметтің тағы бір маңызды бағыты – тәрбие жұмысы. Себебі жауынгердің қызметке деген көзқарасы оның күнделікті тәртібінен, жауапкершілігінен және әскери ұжымдағы қарым-қатынасынан көрінеді. Осы бағытта тәуліктік жасақ құрамымен рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бойынша орынбасары, лейтенант Оразбек Зиябек тәрбие сабағын өткізеді.

«Тәуліктік жасақ құрамындағы әрбір сарбаз өз қызметінің маңыздылығын түсінуі қажет. Бұл – жай ғана кезекшілік емес. Сен әскери бөлімдегі тәртіпке, қару-жарақ пен мүліктің сақталуына, жеке құрамның қауіпсіздігіне жауап беретін адамдардың бірісің. Сондықтан біз сабақ барысында әскери тәртіп, жауапкершілік, қырағылық және жолдастық қолдау туралы түсіндіреміз. Сарбаз өз міндетінің маңызын түсінген кезде ғана оны сапалы орындайды», – дейді офицер.

Оның айтуынша, тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – сарбазға тек талап қою емес, сол талаптың артында қандай жауапкершілік тұрғанын түсіндіру.

Тәулік бойы сергек болу керек

Тәуліктік жасақ құрамында қызмет атқарып жүрген қатардағы Жалғас Еркініс үшін бұл қызмет – әскери тәртіпті іс жүзінде сезінудің бір жолы.

«Тәуліктік жасаққа түскен кезде ең алдымен жауапкершілікті сезінесің. Себебі бұл жерде әр нәрсеге мұқият қарау керек. Кезекшілік кезінде сергек болып, өзіңе бекітілген міндеттерді уақытында орындауға тырысасың. Нұсқаулық пен тәрбие сабақтарында бізге қызметтің қыр-сыры түсіндіріледі. Алдағы уақытта осы жерде алған тәжірибем азаматтық өмірде де көмектеседі деп ойлаймын. Ең бастысы – тәртіпке үйреніп, кез келген жағдайда сабырлы әрі жинақы болу», – дейді қатардағы сарбаз.

Тәуліктік жасақтың қызметі қатаң белгіленген тәртіппен ұйымдастырылады. Күндізгі кезекшілер қызмет барысында екі сағаттан постта тұрады. Ауысым аяқталған соң кезекті әскери қызметші постты қабылдап, қызметті жалғастырады. Осылайша, әскери бөлім аумағындағы тәртіп пен қауіпсіздік 24 сағат бойы үздіксіз бақылауда болады.

Түнгі уақытта да қызмет тоқтамайды. Жасақ құрамындағы сарбаздарға демалуға уақыт қарастырылғанымен, ұйқы уақыты төрт сағаттан аспайды. Бұл олардың бір мезгілде әрі тынығып, әрі қызметтің үздіксіз орындалуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Кезекшіліктің әр ауысымы жауапкершілікпен қабылданады. Себебі постқа шыққан әрбір сарбаз әскери бөлімнің ішкі тәртібін сақтауға, жеке құрамның қауіпсіздігіне, қару-жарақ пен әскери мүліктің қорғалуына жауап береді.

«Нарядқа түсу туралы бір күн бұрын жауынгерлік есепте айтылған кезде, алдағы қызметке дайындала бастаймыз. Бізге постта тұру тәртібі, қауіпсіздік талаптары және өз міндеттеріміз түсіндіріледі. Екі сағаттық ауысым кезінде барынша сергек болу керек. Себебі бұл жерде ұқыпсыздыққа жол беруге болмайды. Әр сарбаз өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындауы тиіс», – дейді тәуліктік жасақ құрамындағы қатардағы Жалғас Еркініс.

Осылайша, бір тәуліктік кезекшілік – бірнеше сағаттық қарапайым қызмет емес, тәртіпті, қырағылықты, төзімділікті және жоғары жауапкершілікті талап ететін маңызды әскери міндет.

Тәуліктік жасақтың жұмысы – сырт көзге қарапайым көрінгенімен, әскери бөлімнің күнделікті қызметінде айрықша маңызға ие. Себебі сарбаздар демалып жатқанда да, оқу-жаттығу өтіп жатқанда да, бөлімнің қауіпсіздігі мен ішкі тәртібі үздіксіз бақылауда болуы қажет.

Бұл қызметте бір ауысым екіншісіне жалғасады. Бір сарбаздың кезекшілігі аяқталса, екіншісі оның орнын басады. Бірақ мақсат өзгермейді – әскери бөлімдегі тәртіпті сақтау, қару-жарақ пен мүлікті қорғау және кез келген жағдайға дайын болу.

Тәуліктік жасақтың әр күні – тәртіп пен жауапкершіліктің кезекті сынағы. Ал оның сапалы атқарылған қызметі әскери бөлімнің жалпы жауынгерлік әзірлігіне тікелей әсер етеді.

Өйткені әскердегі тәртіп – бір күндік талап емес, тәулік бойы жалғасатын жауапкершілік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қыркүйек 2026 17:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары