Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Абыройы асқақтаған аудан

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Қазақстандықтар үшін кейбір табыс түрлеріне салынатын салық жойылуы мүмкін

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

Заманауи технология және 24 сағат жұмыс: Алматы кітапханалары қалай түрленді

Заманауи технология және 24 сағат жұмыс: Алматы кітапханалары қалай түрленді

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қаладағы 37 нысанның 28-і Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне біріктірілген. Ал олардың ішінде 3 орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Олар: Alatau Creative Hub орталығы, Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана және Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Alatau Creative Hub

Alatau Creative Hub 2020 жылы Тәуелсіздік күніне орай ашылды. Бұл орталық бүгінде тек қана кітап оқитын орын емес, сонымен қатар жасампаз жастар өзіндік жобаларын әзірлеп, жұмыс істейтін әрі коворкинг орталыққа айналған. Жалпы ауданы 3,5 мың шаршы метр болатын орталықта цифрлық технологиялар мен дәстүрлі кітапхана қызметі үйлескен. Alatau Creative Hub меңгерушісі Сәуле Бабамұратованың айтуынша, Алматы кітапханалар жүйесіне кіретін өзге кітапханаларда секілді мұнда MegaPro цифрландырылған жүйесі жұмыс істейді.

Фото: Александр Павский / Kazinform

— Оқырман бізден MegaPro оқырман картасын алып, кейін сол арқылы өзге 27 кітапханада да қызмет ала алады. Сондай-ақ орталыққа келуші алдын ала кітап қойып, оны үйіне алып кете алады, — деді ол.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Ғимараттың бірінші қабатында коворкинг бөлімі, ашық кітапхана алаңы, мультимедиялық арт-студия және көзі нашар көретін адамдарға арналған арнаулы жұмыс орны бар. Онда зағип жандар Брайль әліппесін, дыбыстық құрылғыларды қолданып, өзіне қажетті ақпаратты ала алады. Ал нысанның екінші қабатында іс-шаралар ұйымдастыруға арналған трибуна мен әртүрлі үйірмелерге арналған аудиториялар орналасқан. Орталықта қазір ағылшын тілі, түрік тілі, домбыра, шахмат сынды 20-ға жуық тегін балалар үйірмесі жұмыс істейді.

Фото: Александр Павский / Kazinform Фото: Александр Павский / Kazinform

— Бізге күніне 400-ден астам адам келеді. Оның 50-ге жуығы абонент бөлімінде кітап оқиды. Түнгі уақытта шамамен 70-80 адам болады. Айта кететін жайт — қараңғы түскен соң кітапханамызда балалардың жүруіне болмайды. Сондықтан түнде көбіне жұмыс істеуге келген жастар отырады, — деді Сәуле Бабамұратова.

Фото: Александр Павский / Kazinform Фото: Александр Павский / Kazinform

Alatau Creative Hub меңгерушісі орталықта PlayStation аймағы ашылғанын атап өтті. Айтуынша, ол балаларды кітап оқуға ынталандыру үшін құрылған. Жас оқырмандар кітапхана қызметкеріне өзі алып оқыған кітабының мазмұнын айтып, кейін консольді тегін ойнай алады.

Фото: Александр Павский / Kazinform Фото: Александр Павский / Kazinform

Сондай-ақ Алматыдағы ең үлкен автономды кітапхана Алатау ауданындағы осы орталықта қойылған. Жалпы мегаполисте 26 автономды өзіне-өзі қызмет көрсету станциясы бар. Олар ойын-сауық орталықтарында, метро бекеттерінде орналасқан. Алматы әкімдігінің мәліметінше, ай сайын бұл станциялар шамамен 300 жаңа оқырманды тіркейді және 420-ға дейін кітап береді. 2025 жыл соңына дейін қосымша 6 станция орнату жоспарланып отыр.

Фото: Александр Павский / Kazinform Фото: Александр Павский / Kazinform Фото: Александр Павский / Kazinform

Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана

Алматыда 1974 жылы ашылған ең ескі кітапханалардың бірі толықтай жаңғыртудан өтті. Биыл қазан айында Алмалы ауданы, Абай даңғылының бойында орналасқан кітапханаға Мұхтар Әуезовтың аты беріліп, салтанатты ашылуы болды.

Фото: Александр Павский / Kazinform Фото: Александр Павский / Kazinform

Келбеті жаңарған мәдениет ошағында келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Кітапхана бірнеше бөлімге бөлінген: оқу залы, компьютер залы, абонемент бөлімі, балалар бөлімі және қор сақтау бөлімі. Одан бөлек мәдени нысан ішінде Мұхтар Әуезов пен Мұрат Әуезовке арналған мемориалдық бұрыштар ашылған.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Экспозицияда жазушының жеке заттары, сирек кездесетін естелік бұйымдар мен мұрағаттық бейнематериалдар қойылған. Кітапханаға келушілер мұнда ұлы жазушының өмірі және шығармашылығымен таныса алады.

Фото: Александр Павский / Kazinform

— Бұрын бұл орын № 4 филиал болған. Мәдениет басқармасының ұсынысымен кітапханаға Мұхтар Әуезовтің аты берілді. Бізде қазіргі уақытта 60 мыңға жуық кітап қоры бар. Негізгі оқу залында Мұхтар Әуезов пен оның ұлы Мұрат Әуезовтің мыңнан астам кітаптары жинақталды. Тарихи тұлғалардың жеке заттары қойылды, — деді кітапхана меңгерушісі Әлия Іңкәрбек.

Алматының орталығында орналасқан кітапханада 18 қызметкер жұмыс істейді. Күніне 500-ге жуық оқырман келеді. Одан бөлек орталықта авторлық жобалар, мәдениет қайраткерлерімен кездесулеп мен әртүрлі тегін үйірмелер өтіп тұрады.

Әлия Іңкәрбек заманауи кітапханалар тек отырып оқуға арналған орын емес, жастар арасында жаңа орта қалыптастыратын қоғамдық институтқа айналғанын атап өтті.

Фото: Александр Павский / Kazinform

— Өзге өңірдегі кітапханаларда абонемент бөлімі болмайды, тек оқу залы болады. Ал Алматы кітапханаларында оқырман 14 күнге кітапты өзімен бірге алып кете алады. Қоғамда «кітапханада адамдар бар ма» деген сұрақ қойылып жатады. Оған айтарым — бізде адамдар күндіз ғана емес, түнде де толып отырады. Жастар қазір білімге құмар. Бізде ең сұранысқа ие кітап — мотивациялық және қаржылық кітаптар, — деді ол.

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы

Алматы тәулік бойы жұмыс істейтін үшінші кітапхана Райымбек батыр және Назарбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. 1976 жылы ашылған нысан бүгінде Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасына айналған.

Фото: Александр Павский / Kazinform

— Алғаш ашылғанда бұл бүкіл республикалық кітапхана болды. Ал 1990 жылы үлкен байқауда жеңіске жетіп, нәтижесінде Жамбылдың аты берілді. Қазір жасөспірімдер кітапханасы болғандықтан, мұнда кез келген пайдалы ақпарат қолжетімді болатын жастарға арналған кеңістік құруды көздейміз. 100 мыңға жуық кітап қоры бар. Кітаптарымыз жыл сайын Мәдениет басқармасының бастамасымен және оқырмандар сұранысымен жаңа кітаптармен толығып отырады, — деді орталық меңгерушісі Бану Дәулетбаева.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Оның сөзінше, тәулік бойы жұмыс істейін кітапханалар Алматы сынды мегаполис тұрғындары үшін тиімді.

— Бұл үлкен қаланың тұрғындары үшін өте ыңғайлы. Себебі алматылықтар кешкісін кептелісте тұрғаннан гөрі кітапханада отыруды жөн көреді. Сондай-ақ қаламызда жоғарғы оқу орындары көп — студенттер күндіз сабақта болып, кешкі уақытта бізде зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бастапқыда кітапхана пилоттық режимде 24 сағат бойы жұмыс істеді. Бұл дұрыс шешім болғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Қазір тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар саны үшке жетті, — деді маман.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Бану Дәулетбаева алдағы уақытта Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстандағы АҚШ елшілігімен бірігіп American space аймағы ашылатынын атап өтті. Айтуынша, мұнда тек алматылықтар емес, шетелдік азаматтар келгенді жақсы көреді.

— Бізге шетелдіктер көп келеді. Олар ағылшын тіліндегі салалық кітаптарды алады. Одан кейін өз жұмыстарын істеуге келеді. Біз оқырманды жасына, нәсіліне не азаматтығына бөлмей, барлығын бірдей қызмет көрсетеміз. Бәріне есік ашық, — деп атап өтті ол.

Еске салайық, бұған дейін жасанды интеллект кітапхана жұмысына қандай өзгерістер әкелетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 13:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see114

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see114

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see114

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see113

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see112

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see111

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see111

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see110

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see110

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see109

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

Қазақстандықтар үшін кейбір табыс түрлеріне салынатын салық жойылуы мүмкін

14 Шілде 2026 09:43see108

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see108

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары