Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Заманауи технология театрға да жетті

Заманауи технология театрға да жетті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Цифрландыру дәуірі өмірдің барлық саласына дендеп еніп келеді. Бұл үдеріс дәстүрлі өнер ордалары – театр сахнасын да айналып өткен жоқ. Қазақстанда 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы осы өзгерістердің жүйелі әрі мақсатты түрде жүзеге асып жатқанын айқын аңғартады.

Осы тұрғыда елорданың інжу-маржаны саналатын «Астана Опера» театры – заманауи технологиялар мен классикалық өнердің үйлесім тапқан жарқын үлгісі. Театр директорының орынбасары Виктор Караре сахна сыртындағы көзге көрінбейтін, алайда орасан ауқымды технологиялық өзгерістер жөнінде әңгімелеп берді. Бүгінде «Астана Операда» жарық партитурасынан бастап бейне-контент, дыбыс режиссурасы, реквизит пен костюмерлік цехтардың жұмысына дейін түгелдей цифрлық жүйеге кө­шіріл­ген.

«Мұның барлығы сахнаның ор­талық компьютерінде сақ­талып, сол арқылы басқары­лады.Соның арқасында көріністері мен актілері жиі ауысатын күр­делі спектакльдерді мінсіз дең­гейде өткізуге мүмкіндік бар. Бұл – бір­тұтас, нақты ұйым­дас­ты­рыл­ған үлкен механизм», дейді Виктор Караре.

Цифрландыру тек сахнамен шектелмейді. Ол инженерлік желілерді де қамтып, көрермен залының жайлы температурасын автоматты түрде реттеп отырады. Декорацияны монтаждау, дайындық барысы, қойы­лым күнтізбесі мен логистика – барлығы кешенді ақпараттық жүйе арқылы үйлестіріледі.

Арнайы эффектілер де жаңа сипатқа ие болды. Бұрын сах­на­дағы өрт немесе алау әсері жел­мен желбіреген қызғылт-сары матамен бейнеленсе, бү­гін­де бұл міндетті күрделі цифр­лық жүйе­лер атқарады. Түтін мен пиро­тех­ни­калық эффек­тілер сахнадан елу метр қа­шық­та орналасқан пульт арқы­лы іске қосылады. Бұл ең алдымен қауіпсіздік пен дәлдікті қам­та­ма­сыз етеді.

Мұндай технологиялар алғаш қолданылған спектакльдердің бірі – Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балеті. Қазір театрдың техникалық мүмкіндіктері айтар­лық­тай кеңейіп, 3D-проек­ция­лар, фронталды бейне мэппинг, LED-экрандар, күрделі көтергіш механизмдер мен пневматикалық жүйелер іске қосылған. Мұның барлығы цифрлық басқару ар­қылы жүзеге асады. Ал заманауи технологиялар кеңінен қол­даны­латын қойылымдардың бірі – «Тұрандот» операсы. Онда көрермендер шынайы жауын астында қалған сахнаны, ханшайым Тұрандоттың жер астынан пайда болуын, әртістердің айдаһар басынан шыға келетін әсерлі сәттерін тамашалай алады.

«Цифрлық технологиялар көрер­мен көретін дүниені ғана емес, шымылдықтың ар жа­ғын­дағы ауқымды жұмысты да түбегейлі өзгертті. Олар әр бөлім­шенің жұмысын нақты жос­парлап, үйлестіруге мүмкіндік береді. Қарқынды репертуармен жұмыс істейтін театр үшін бұл – аса маңызды», деп сөзін жалғады Виктор Караре.

Оның айтуынша, Цифрлан­дыру және жасанды интел­лект жылы қағаз жүзінде қалып қой­май, нақты істермен көрі­ніс та­уып келеді. Бұрын сценогра­фия­лық жобалар қағазға түсірілсе, бүгінде олардың барлығы электронды форматқа көшкен.

«Астана Операдағы» цифр­лық технологиялар – күн­делікті тех­никалық жұмыс­ты өз мойнына алып, шығармашылыққа кеңістік аша­тын құрал. Олар театрға уа­қыт­пен бірге қадам басып, ауқымды әрі әсерлі спектакль­дер жа­сау­ға жол ашады», деп сөзін түйін­деді директордың орынбасары.

Классикалық өнер мен цифр­лық дәуірдің тоғысқан сәтін көр­гісі келген көрермен «Астана Опера» сахнасында 4 ақпанда өтетін «Бақшасарай бұрқағы» спек­­таклін тамашалап, театр ғажайы­бының куәсі бола алады.

Соңғы жаңалықтар

Отандық оқу орындарының өрісі

Білім • Бүгін, 08:15

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы

Digital • Бүгін, 08:08

Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?

Бизнес • Бүгін, 08:05

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Моноспектакльдегі мөлтек сыр

Театр • Бүгін, 07:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады

Ауа райы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 08:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары