Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Сарбаздың шыңдалу мектебі

Сарбаздың шыңдалу мектебі

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Цифрлық технологиялар мен виртуалды еркіндік алдыңғы орынға шыққан бүгінгі қоғамда әскер ұғымы кейде ескі жүйе деп қабылданатыны белгілі. Алайда әскер табалдырығын алғаш аттаған әрбір жас үшін бұл – әскери форма киіп, сапқа тұру ғана емес, мінезді шыңдайтын, жауапкершілікті терең сезіндіретін, ерік-жігерді тәрбиелейтін өмір мектебі.

Осындай кезеңді бастан өткеріп жатқан жас сарбазымыздың бірі – Атырау гарнизонының 41433 әскери бөліміне былтыр күзгі науқанда шақырылып, әскер сапына алынып, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Бекмұрат Нұрсерік.

Үлкен өмір жастардан жауап­кершілікті сезініп, дұрыс шешім қабылдау мен белгіленген заң мен тәртіпке бағыну, ұжымда жұмыс істей білу талап етіледі. Ал осы қасиет­тердің барлығы мерзімді әскери қызметтің алғашқы айында ант қабылдау қарсаңында қалыптаса бастайды. Сарбаз Бекмұратқа бұл кезең бейімделудің ғана емес, өзін қайта танып-білудің уақытына айналған.

Әскери қызметтің алғашқы айы – жас сарбаз үшін аса маңызды кезең. Дәл осы аралықта ол әскери тәртіптің қатаң, бірақ әділетті талаптарымен бетпе-бет келеді. Алғашқы күндердегі белгісіздік пен ішкі алаңдаушылық көп ұзамай нақты мақсат пен сенімге ұласқанын жас сарбаз жасырмайды.

«Әскерге келген алғашқы күн­дері әркім өз ойымен арпалысады. Алайда күн тәртібі, командирлердің талапшылдығы мен қамқорлығы адамды тез жинақтайды. Уақыттың қадірін, тәртіптің шын мәніндегі күш екенін дәл осы жерде түсіндім», дейді Бекмұрат.

Алғашқы айда ол жас жауынгер курсынан өтті. Бұл – әскери қызметке бастар алғашқы баспалдақ. Саптық даярлық, әскери жарғы талаптары, қару-жарақты, техниканы қалай күтіп ұстау керек, қалай атуды үйрену керек, жеке және ұжымдық қауіпсіздік ережелері – барлығы нақты жоспармен, жүйелі түрде үйретіледі. Мұнда әрбір бұйрық – жауапкершілікке, әрбір тапсырма сенімге негізделген.

Әскердегі күн тәртібі жас сар­баз­ға өзін-өзі басқарудың жаңа деңгейін көрсетеді. Белгіленген уақытта тұру, дайындыққа қатысу, қойылған іс-шараларды мүлтіксіз орындау – мұның барлығы бүгінгі қоғамда аса қажет тәртіп пен төзім­ділікті қалыптастырады. Жас сарбаз Бекмұрат бұл жерде жеке мүддеден гөрі ұжымдық жауапкершіліктің маңызын терең түсінгенін айтады.

Әскери бөлімдегі бауырмал орта – алғашқы айдың тағы бір үлкен сабағы. Елдің әр өңірінен келген, мінезі мен өмірлік тәжірибесі әртүрлі жастар қысқа уақыт ішін­де ортақ мақсатқа бірігіп, нағыз қарулас достарға айналады. «Әскерде жалғыздықпен жолдас болмайсың. Қасындағы жауын­герлік жолдасың – сенің тірегің. Жауынгерлер бір-бірімізге сенуді, бір мақсат үшін әрекет етуді үйренеді», дейді кейіпкеріміз.

Бейімделу кезеңінде сарбаз­дардың психологиялық жағдайына да ерекше көңіл бөлінеді. Қазір­гі қоғамда жастардың ішкі психо­логиялық тұрақтылығы – жиі сөз болатын өзекті мәселе. Осы тұрғыда әскерде көрсетілетін моральдық қолдау, командирлер мен әскери тәрбиешілердің қамқорлығы айрық­ша орынға ие.

Бекмұрат «командир – аға, сарбаз – іні» деген сөздің өмірлік ұстанымы екенін мақтанышпен айтады. «Командирлер тек пәрмен берумен ғана емес, қиын сәтте бағыт көрсетіп, күш-жігер береді. Әскерде жүрген шағымызда адамгершілік пен әділдіктің нақты үлгісін көріп жүрмін», дейді жауынгер.

Ант қабылдау сәтіне дейінгі алғашқы ай бүгінгі таңдағы қызметке бейімделген Бекмұрат үшін үлкен ішкі өзгерістер кезеңі болды. Ол әскери істің негіздерін меңгеріп қана қоймай, жауапкершілік, тәртіп пен Отан алдындағы борыштың шынайы мағынасын сезінді.

Бұл – кешегі еркін өмірге үйренген жастың ел қорғаны болуға жасаған алғашқы саналы қадамы. Ал Бекмұрат Нұрсеріктің алғашқы айдағы ұстанымы мен көзқарасы – әскери қызметтің бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін айқын көрсететін нақты мысал.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Олимипиада чемпионы атануымен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:15

Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек

Экономика • Бүгін, 09:10

Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі

Қоғам • Бүгін, 09:05

Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті

Қоғам • Бүгін, 09:00

Ойшыл туралы ой

Тұлға • Бүгін, 08:55

Жеңіс жалауын желбіреткен жасақ

Айбын • Бүгін, 08:50

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Көлік өтетін бекеттердің тиімділігі артады

Экономика • Бүгін, 08:10

Міндет – айқын, талап – нақты

Саясат • Бүгін, 08:05

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 10:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары