Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Сарыағаш айналма жолының құрылысы қашан жанданады

Сарыағаш айналма жолының құрылысы қашан жанданады

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сарыағаш айналма жолының құрылысы 2025 жылдың сәуірінде басталуы тиіс болған. Өткен жылы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов аталған жолға қажетті қаржының мәселесі шешілгенін мәлімдегенімен, әкімшілік рәсімдердің созылып кеткенін атап өткен еді.  

Жақында өткен Ұлттық құрылтайда Президент елдегі көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне арнайы тоқталып, Сарыағаш қаласы маңындағы көлік қозғалысының тым тығыз екенін қадап айтты. Мемлекет басшысы бұл түйткілді шешудің нақты жолы ретінде биыл Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталатынын және жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуын тікелей өзі бақылауында ұстайтынын мәлімдеді. 

Аталған жолдың стратегиялық маңызы зор, өйткені ол халқы тығыз қоныстанған Түркістан облысының төрт бірдей ауданын байланыстырады. Бұл аумақта 500 мыңнан астам тұрғын бар. Оған қоса Өзбекстанмен шекаралас аймақта орналасқан.

Жергілікті тұрғындар мен жүк тасымалдаушылар бұл бағытта көлік кептелісі жиі болатынын, кезек күтіп уақыт жоғалтудан әбден шаршағандарын айтады.

— Жетісай мен Шардара тұрғындары Шымкентке бару үшін осы бір жолды ғана пайдаланады. Алайда жол тар болғандықтан кептеліс көп. Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан бағытындағы транзиттік көліктердің бәрі осы жолмен қатынайды. Айналма жол салынса, ол көліктер елдімекенді айналып өтетін еді, — деді жетісайлық тұрғын Марат Жорабеков.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Жалайыровтың айтуынша, жаңа жол өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, транзиттік автокөліктердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етеді әрі жол қозғалысы қауіпсіздігін едәуір жақсартады.

— Сарыағаштан Жетісай бағытындағы жол республикалық маңызы бар болғанымен, III санатқа жатады және тәулігіне шамамен 3 мың автокөлікті өткізуге мүмкіндігі бар. Алайда қазіргі уақытта бұл жолмен тәулігіне 18-20 мыңға дейін көлік қатынап, шамадан тыс жүктеме туындап отыр. Соның салдарынан көлік кептелістері жиілеп, жол-көлік апаттары болып жатыр, — деді ол.

Спикердің айтуынша, Сарыағаш айналма жолының жалпы ұзындығы — 102 шақырым. Ауқымды жобаның жалпы құны — 238,1 млрд теңге.

— Жоба аясында I б санатындағы төрт жолақты жаңа автожол салынады. Ол республикалық маңызы бар А-15 автожолына балама бағыт ретінде қызмет атқарып, Сарыағаш қаласы мен оған іргелес аумақтардағы көлік жүктемесін азайтады. Қазіргі таңда Автомобиль жолдары комитеті тарапынан мердігерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Конкурс аяқталғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады — деді Мейіржан Жалайыров.

Жол құрылысы Қабланбек елдімекенінен басталып, Қызыләскер ауылындағы «Қонысбаев» кеден бекетіне дейін жалғасады. Жоба аясында 9 жолайрық, 26 көпір, 11 теміржол өткелі, 4 демалыс алаңы және 10 ақылы жол аркасын салу көзделген.

Ұлттық сапа орталығы Түркістан филиалының бөлім басшысы Қайрат Шәкірұлының айтуынша, жаңа айналма жолдың құрылысы үш жылға жоспарланған. Бұл жоба Қазақстан мен Орталық Азия арасындағы транзиттік әлеуетті екі есе арттыруға мүмкіндік береді.

— Құрылыс сапасына қатаң талап қойылады. 102 шақырымдық жоба үш лотқа бөлініп жүзеге асырылады, нәтижесінде конкурс арқылы үш мердігерді анықтау көзделіп отыр. Жол пайдалануға берілгеннен кейін А-15 автожолындағы көлік жүктемесі айтарлықтай азаяды, — деді ол.

Бұдан бұрын Түркістан облысындағы Арыстанбаб пен Ясауи кесенелерін жалғайтын 4 жолақты жолдың құрылысы қашан аяқталатынын жазған едік. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қаңтар 2026 18:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары