Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

Таза қала конкурсы басталды

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды

Қазақстанда алқабилер соты қалай өтеді?

Ақтөбеде ЖЖМ айдау станциясы өртенді

Сәтсіз пластикалық ота немесе стоматологиялық қызмет үшін қалай өтемақы өндіріп алуға болады?

Сәтсіз пластикалық ота немесе стоматологиялық қызмет үшін қалай өтемақы өндіріп алуға болады?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстанда пластикалық оталар мен басқа да эстетикалық процедуралардан кейінгі асқыну жағдайлары жиі талқылана бастады.

Алайда зардап шеккендердің көбі сәтсіз араласудан кейін не істеу керек екенін және өз құқығын қалай қорғауды білмейді. Клиникадан емделу шығындарын, моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу және процедура үшін төленген ақшаны қайтару мүмкін бе? TengriHealth сарапшыдан іс-қимылдар алгоритмін сипаттап беруді және пациенттер ең жиі жіберетін қателіктерді сұрады.

"Эстетикалық медицина"

Эстетикалық медицинаға әдетте стоматологиялық ем-шаралар (винирлер, тәждер), пластикалық операциялар (липосакция, ринопластика) және косметологиялық процедуралар (инъекциялар, аппараттық әдістер) жатады.

Дегенмен Ұлттық тұтынушылар лигасының басқарма төрағасы Светлана Романовскаяның түсіндіруі бойынша:

Қазақстан заңнамасында "эстетикалық медицина" деген жеке ұғым жоқ.

Сарапшының айтуынша, құқықтық тұрғыдан алғанда, әңгіме әрдайым бір нәрсе - сапасына пациент дауласа алатын медициналық қызмет көрсету туралы болып отыр.

"Бұл қызметтер "сапасыз көрсетілген қызмет" деген бір санатқа біріктірілген - бұл "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 35-бабы", - деп түсіндіреді Романовская.

Анықтама: ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңының 35-бабында қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда тұтынушы кемшіліктерді өтеусіз жоюды, қызметтің қайта көрсетілуін, құнын сәйкесінше төмендетуді немесе басқа маманның жұмысты түзетуге жұмсаған шығындарын өтеуді талап етуге құқылы екені қарастырылған. Сондай-ақ клиент материалдық және моральдық зиянды қоса алғанда, шығындардың толық өтелуін талап ете алады.

Сарапшы мынаны нақтылайды: іс жүзінде бұл уәде етілген нәтижеге сәйкес келмейтін немесе асқынуларға әкеп соққан кез келген салдар тұтынушы құқығының бұзылуы ретінде қарастырылуы мүмкін екенін білдіреді.

Егер әңгіме стоматология туралы болса, мұндай асқынуларға мыналар жатуы мүмкін:

қисық орнатылған винирлер, протездеуден кейінгі тістемнің (прикус) өзгеруі, импланттарды орнатқаннан кейін дикцияның нашарлауы.

Пластикалық хирургиядағы ең жиі кездесетін асқынулар қатарында:

отадан кейінгі асимметрия, липосакция кезінде тіндердің шамадан тыс алып тасталуы, тыртықтар, бет пен дене контурларының деформациясы, сондай-ақ функционалдық бұзылулар, мысалы, блефаропластикадан кейін көздің "жұмылмай" қалуы.

Кей жағдайда мәселе тек күткен эстетикалық нәтиженің шықпауымен шектелмейді. Процедурадан кейін қабыну, тіндердің жансыздануы (некроз) сияқты денсаулыққа зиян келіп, қайта операция жасау қажет болуы мүмкін.

Эстетикалық процедуралар нәтижесіне көңілі толмайтын көптеген пациент мәселе алдында жалғыз қалады. Бірі өтемақыны өз күшімен өндіруге тырысса, енді бірі нәтиже жақсаратынына ешқандай кепілдік болмаса да, сол маманға қайта жүгініп, тағы бір процедура жасауға келіседі.

Алайда Светлана Романовскаяның сөзінше, іс-қимылдардың нақты алгоритмі бар, оны медициналық араласуға дейін де, одан кейін де сақтау қауіп-қатерді азайтуға және жағымсыз салдарлар туындаған жағдайда өз құқықтарын қорғауға көмектеседі.

Сарапшы туралы: Светлана Романовская - қазақстандық қоғам қайраткері, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық қорғаушы, заң ғылымдарының кандидаты. Қазақстанның Ұлттық тұтынушылар лигасының көпжылдық басшысы ретінде танымал. IV шақырылымдағы Алматы мәслихатының және V шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты болған, азаматтар мен тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысқан, медиация және құқықтық ағарту мәселелерімен айналысады.

Стоматология және пластикалық хирургия: пациентке арналған чек-лист Дәрігерді қалай таңдау керек?

Сырт келбетті жақсарту ең алдымен маманды дұрыс таңдаудан басталады. Бұл – ең маңызды кезеңдердің бірі. Қазір көп адам Instagram-дағы фотолар мен клиенттердің пікіріне сүйенеді. Алайда суреттер өңделген немесе сүзгіден өткізілген болуы мүмкін, ал жағымды пікірлердің бәрі бірдей шынайы емес, кейде тапсырыспен де жазылады.

Лицензиялар мен сертификаттар

Светлана Романовская мынадай кеңес береді: интернеттегі суретке емес, тексеруге болатын нақты құжаттарға назар аударыңыз:

"Барлық қағазды сұраудан және мұқият зерделеуден қысылмаңыздар. Дәрігердің де, клиниканың да мұндай қызметтерді көрсету құқығын растайтын тиісті құжаттары болуы тиіс. Тіпті хирургтың өзі, егер оның қажетті біліктілігі мен тиісті рұқсаты болмаса, пластикалық ота жасауға құқығы жоқ".

Сондай-ақ дәрігердің біліктілігін ресми тізілімнен тексеру де артық етпейді.

"Тәжірибеде біз құжаттарды қолдан жасау жағдайларымен кездескен жоқпыз, өйткені бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бірақ дәрігерді ресми тізілімдерден - мамандардың білімі мен біліктілігі туралы ақпарат бар сайттардан тексеріп алған артық болмайды. Дәрігердің тегі тізілімде шынымен бар екеніне және оның мұндай процедураларды жүргізуге құқылы екеніне көз жеткізу керек", - дейді сарапшы.

Сондай-ақ ол пікірлерді дәрігердің немесе клиниканың ресми парақшасынан емес, жалпы интернеттен іздеп көруге кеңес береді. Сонымен қатар "Сот кабинеті" арқылы мекеменің немесе дәрігердің үстінен шағым түскен-түспегенін тексеруге болады.

Ота жасамас бұрын келісімшарт жасасу керек

Қызмет көрсету шарты - пациенттің құқығын қорғауға қажетті негізгі құжаттардың бірі. Алайда, Светлана Романовскаяның айтуынша, көптеген клиника пациенттері құжатты мүлдем оқымайды немесе мән-жайына үңілместен оқи салады.

"Кейде келісімшартқа отадан кейін, пациент анестезия әсерінде болып, не болып жатқанын толық түсінбейтін кезде қол қойылады. Біз құжатта тіпті қызметтің толық құны көрсетілмеген жағдайларды кездестірдік. Бұл заңсыз", - деп түсіндіреді ол.

Құқығыңызды қорғамайтын, керісінше шектейтін қағазбастылыққа тап болмау үшін Романовская қол қоймас бұрын заңгерге жүгінуге кеңес береді. Заңгер барлық тармақты мұқият зерттеп, егер заңбұзушылықтар болса, оларды көрсетіп береді.

Сонымен қатар Романовская былай деп қосты: егер пациент келісімшартты оқымай қол қойса да, ал отадан кейін бірдеңе дұрыс болмаса немесе қызмет сапасыз болып шықса, үрейге бой алдырудың қажеті жоқ:

"Егер жеке келісімшарт қолданыстағы нормаларға қайшы келсе, оны сотта даулауға болады. Біздің сотқа жүгінуге құқығымыз бар және тәжірибеде кәсіпкерлер бұдан кейін келісімшарттарға жиі өзгерістер енгізеді. Бұл тек медициналық емес, туристік және басқа да қызметтерге қатысты".

Сарапшы ерекше ескертеді: келісімшарттың болмауы пациент үшін елеулі қауіп сигналы болуы тиіс.

"Егер клиника келісімшарт ұсынбаса, мұндай мекемелерге жолаудың да қажеті жоқ", - деп қадап айтты Романовская.

Егер нәтиже уәдеге сай болмаса

Егер эстетикалық процедурадан кейін пациент нәтижеге көңілі толмаса, онда "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 35-бабына сәйкес ол мыналарды талап етуге құқылы:

кемшіліктерді өтеусіз жоюды (нәтижені орындаушының есебінен түзетуді); қызметті қайта көрсетуді; қызмет құнын сәйкесінше төмендетуді; егер кемшіліктерді басқа маман түзетсе, шығындарды өтеуді - бұл ретте түзетудің нақты құны, тіпті ол бастапқы көрсетілген қызмет бағасынан асып кетсе де, өтелуге жатады; сапасыз қызметтен келтірілген шығындарды толық өтеуді; моральдық зиянды өтеуді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы маман түсіндіреді: пациент клиникаға кез келген талапты қоюға құқылы, бірақ олар негізді болуы керек. Қызметтің шынымен сапасыз көрсетілгеніне сарапшылар баға береді. Айтпақшы, көңілі толмаған пациенттер көбіне дәл осы сараптама кезеңінде "сүрінеді".

"Клиникадан өтемақы алғысы келетін адамдар, неге екені белгісіз, бірінші кезекте тәуелсіз сараптама жүргізеді. Бірақ бұл қате қадам. Егер іс сотқа жетсе, мұндай сараптама істі қарау кезінде ескерілмейді", - деп түсіндіреді сарапшы және: "Сараптаманы соттың өзі тағайындауы керек және оның қорытындысы іске тіркеледі", - деп толықтырды.

Өтемақыны қалай өндіруге болады?

Романовскаяның айтуынша, ең алдымен клиникаға наразылық (претензия) білдіру қажет. Егер дауды бейбіт жолмен шешу мүмкін болмаса, пациент Денсаулық сақтау министрлігіне, тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарына, Ұлттық лигаға немесе тікелей сотқа талап арызбен жүгіне алады. Бұл ретте барынша көп дәлелдеме жинау керек: келісімшарт, клиника және дәрігермен жазысқан хаттар, фото және видео.

Светлана Романовская наразылық талабы сот тәртібімен де, медиация тәртібімен де қанағаттандырылуы мүмкін екенін атап өтті.

"Мұндай істердің шамамен 90 пайызын медиация тәртібімен реттеуге болады. Егер пациенттің наразылығы негізді болса, клиника үшін көбінесе оның талабын орындап, мәселені сотқа дейінгі тәртіппен шешкен тиімдірек. Медиация құпиялылықты көздейді, демек, медициналық мекеменің беделін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан клиникалар, әдетте, пациенттердің талаптарына келісіп, материалдық және моральдық зиянды өтейді", - деп бөлісті сарапшы өз тәжірибесін.

Анықтама: Дауды медиация тәртібімен реттеу әрдайым тәуелсіз сараптама жүргізуді жоққа шығармайды. Егер наразылық сотқа дейінгі тәртіппен қанағаттандырылса және сараптама қажет болса, онда ол кәсіпкердің есебінен және тек аккредиттелген сарапшыларда жүргізіледі.

Сонымен қатар маман жүгінуді кешіктірмеу керек екенін айтады:

"Көбісі бәрі жазылғанша күтеді – бұл үлкен қателік. Егер емделушіге бірдеңе ұнамаса, бірден емханаға шағым түсіру керек".

Мұндай даулар бойынша талап қою мерзімі үш жыл болады, десе де емделуші өз құқығын неғұрлым ерте қорғай бастаса, істің сәтті шешілу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Қандай жағдайларда өтемақы өндіріп алу мүмкін емес?

Светлана Романовскаяның айтуынша, өкінішке қарай, өтемақы алу іс жүзінде мүмкін болмайтын жағдайлар да кездеседі. Көбінесе бұл заңсыз қызмет көрсететін адамдарға жүгінетін емделушілерге қатысты.

Әдетте мұндай ем-шаралар жалдамалы кабинеттерде немесе тіпті үй жағдайында жүргізіледі. Сонымен қатар клиенттермен келісімшарт жасалмайды, оларға кассалық чектер және қызмет көрсету дерегін растайтын басқа да құжаттар берілмейді.

"Мұндай "мамандар" жай ғана ізін суытады. Егер емделушіде ешқандай құжат болмаса, қызметті нақты кім көрсеткенін анықтау мүмкін емес. Демек мұндай жағдайда сотқа талап арызбен жүгіну де мүмкін емес", - дейді Светлана Романовская.

Сондықтан ол процедураны жасамас бұрын емхананың ресми түрде жұмыс істейтініне және емделушімен жасалған барлық уағдаластықтардың құжат түрінде ресімделетініне көз жеткізуге кеңес береді.

Аударған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Косметорексия деген не және оның балаларға қандай қаупі бар?

Бетке арналған уколдардың қаупі: мұндай процедураларды жасатпас бұрын не білу керек?

“Аман қалғаны ғажайып“. Ақтау тұрғыны инемен емдеуден кейін әділдік пен тексеруге жете алмай жүр

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

операция

өтемақы

қызмет

Медицина

Денсаулық

кеңес

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:77
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Шілде 2026 10:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

20 Тамыз 2026 05:03see124

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see123

Таза қала конкурсы басталды

20 Тамыз 2026 03:28see119

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see116

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see116

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

20 Тамыз 2026 23:11see114

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

20 Тамыз 2026 06:28see113

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

20 Тамыз 2026 23:17see112

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

19 Тамыз 2026 14:39see112

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

20 Тамыз 2026 22:59see111

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

20 Тамыз 2026 23:09see111

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

20 Тамыз 2026 23:10see111

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

19 Тамыз 2026 22:34see111

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

20 Тамыз 2026 23:16see110

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

20 Тамыз 2026 23:17see110

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

20 Тамыз 2026 22:58see109

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

20 Тамыз 2026 23:09see104

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды

20 Тамыз 2026 23:10see104

Қазақстанда алқабилер соты қалай өтеді?

21 Тамыз 2026 10:36see103

Ақтөбеде ЖЖМ айдау станциясы өртенді

21 Тамыз 2026 09:29see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары