Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Саудаға салынған сәби: Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленді

Саудаға салынған сәби: Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ішкі істер министрлігі адам саудасына қатысты қылмыстарға қарсы күрес жүргізу және қоғамның, әсіресе өскелең ұрпақтың моральдық ахуалына теріс әсер ететін заңсыз контенттің таралуына тосқауыл қою бойынша кешенді шаралар қабылдап келеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Cәуір айында ел аумағында ІІМ тарапынан кезекті ауқымды "STOP трафик" жедел-профилактикалық шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде, адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркеліп, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 9 дерек анықталды.

– Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленді. Анықталғандай, 25 жастағы әйел бала туғанға дейін және туғаннан кейін мамандандырылған қоғамдық қорда тұрған. Оның баладан бас тартуына байланысты қор жетекшісі делдал ретінде әрекет етіп, сәбиді асырап алу мақсатында облыстың 50 жастағы тұрғынына 1 миллион теңгеге сатуды ұсынған. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Алматы қаласында қылмыстық мақсатта пайдалану үшін адам саудасымен айналысқан ұйымдасқан топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды іздеп тауып, олардың жалған оң несие тарихын қалыптастырып, кейін сол адамдардың атына Алматы және Шымкент қалаларында қымбат автокөліктер рәсімдеп, одан әрі сатуға бағытталған. Қазіргі уақытта негізгі ұйымдастырушылар ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.

Жетісу облысында жедел-іздестіру  шаралары барысында 2005 және 2007 жылы туған жергілікті екі тұрғынға қатысты мәжбүрлі еңбек фактісі анықталып, жолы кесілді. Анықталғандай, оларды ұрлап әкетіп, бір ай бойы күш қолдану арқылы заңсыз бостандығынан айырып, тұрмыстық химия өндірісінде жұмысқа жеккен. Осы факт бойынша адамды қанау мақсатында ұрлау дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленушілерге медициналық көмек көрсетілді.

– Жастарды деструктивті және азғындық сипаттағы әрекеттерге тартумен, сондай-ақ қоғамның моральдық-адамгершілік ахуалына, отбасы институтына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне теріс әсер ететін өзге де заңсыз қызмет түрлерімен айналысатын тұлғалар мен топтарды анықтауға ерекше назар аударылуда, – деді Қуандық Алпыс.

Абай облысында жүйелі табыс табу мақсатында Қазақстанның бірнеше қаласында вебкам бизнеске арналған порностудиялар ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды. Олар өзара міндеттерді бөлісе отырып, модельдік келбеті бар жас қыздарды іздеумен және осы іске тартумен, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы түсірілімдер жүргізуге арналған орындарды ұйымдастырумен айналысқан. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында, Абай, Атырау, Жамбыл, Павлодар және Маңғыстау облыстарында дәстүрлі емес сексуалдық бағдардағы заңсыз әрекеттерге және жастарды азғындатуға белсенді түрде тартылған күдіктілерге қатысты 20 қылмыстық іс қозғалды. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру фактісі бойынша 15 сотқа дейінгі тергеп-тексеру және порнографиялық материалдарды заңсыз тарату бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Адам саудасына қарсы іс-қимыл, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, – деді ІІМ өкілі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 02:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары