Қарағанды облысында онлайн казино ақшасын шығару схемасы әшкереленді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында интернет-казино ойыншыларының ақшасын қабылдап, шығарып отырған топ ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттік мәліметінше, олар "Vavada" интернет-казиносы ойыншыларының ақшасын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дроп-шоттарды пайдаланған.
"2026 жылғы қаңтарда схеманы ұйымдастырушылар интернет-казино өкілдерімен Қазақстан аумағында ақша қабылдау және шығару жөнінде келісімге келген. Кейін топ мүшелерінің бірі оның жұмысын үйлестіріп, казино өкілдерімен байланыс орнатқан. Екіншісі дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарына қол жеткізуді ұйымдастырған және операторларды іріктеген", – дейді агенттік.
Қарағандыдағы жалға алынған кеңседе операторлар тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген.
Схемаға барлығы 23 дроп-шот тартылып, олар арқылы 415 млн теңгеден астам сомаға операция жүргізілген.
Екі күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ белгіленді. Соттың санкциясымен олардың мүлкіне, соның ішінде жеке тұрғын үйіне, екі жер теліміне және Mercedes-Benz автокөлігіне тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:99
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қыркүйек 2026 14:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















