Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Сәулет құндылықпен ұштасса...

Сәулет құндылықпен ұштасса...

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әр елдің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі ұлттық құндылықтарын құрайды. «Бұларды ұрпақтан-ұрпаққа мұра қылып қалдыру керек, бағалау керек, сақтау керек, қиратпау керек...», деп жиі айтамыз. Алайда жоғарыда аталған құндылықтарымыз ұлттық идеямен неге қабыспайды?

Аспанмен тірескен зәулім ғимараттар идеясы АҚШ-та пайда болды. Бұл ірі қалалардағы жердің тапшылығы мен қымбаттығына байланысты ғана емес, сонымен қатар амери­калықтардың ерекше ұлттық рухына сай келді. Супер жетістіктер, табыс көрсеткіші, көш­басшылық пафос «америкалық арманмен» үйлеседі. Көптеген қаладағы ескі ғи­мараттарды сырып тастап, қайта салды. Әрине, экономикалық тұрғыдан көпқабатты үйлердің бағасы арзанырақ болды.

Ал еуропалықтарға халық тарихын, адамдар үшін маңызды оқиғаларды еске салатын ескінің көзі маңыздырақ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропаның көптеген қаласы қирады, ғимараттарды бүтін сақтап қалу мүм­кін болмады. Алайда олар қалаларының бейбіт уақыттағы келбетін қайтарғысы келді. Осылайша, ұлттық құндылық идея ар­қылы қайта жаңғырды. Олар толығымен қи­раған ғимараттардың орнына жаңасын салмай, ескі ғимараттардың көшірмелерін тұрғызды. Ескі жоспарлар бойынша, фотосуреттер, кейде тіпті суретшілердің картиналары және қариялардың естеліктерімен тарихи нысандар қайта бой көтерді. Мәселен, олар Варшаваның, Дрезденнің, Кельннің ескі аудандарымен ең үлкен сәулет ескерткіштерін, Монте-Кассино ғибадатханасын, Сен-Жерве шіркеуін, т.б. нысандарды қалпына келтірді. Қалалардың сыртқы келбетінің осылайша қайта жандануы тұрғындарға бірігіп, соғыстағы шығынды аман алып қалуға мүмкіндік берді. Үйлер көбіне ғасырлар бойы бір отбасының меншігінде болды. Ал тұрғындар оларды «бет-жүзі жоқ жә­шік үйлер» үшін бұзбай, біртіндеп электр желісімен, кәріз жүйесімен, ауызсумен жаб­дықтау арқылы жаңартуды жөн көрді. Осы­лайша, Еуропа елдері төл тарихи құндылық­тарын ұлттық идеяға айналдыра білді.

Біз де америкалықтар секілді ескі ғимарат­тар­ды сақ­тауға құлықсыз халықпыз. Мәде­ниет­тің ош­ағы саналатын Алматы қаласының өзінде кейін­гі 5-6 жылда бірқатар тарихи нысан қи­ратылып, жекеменшіктің қолына өтті. Мәселен, Пушкин көшесіндегі 44-үйде ор­наласқан Әміре Қашаубаев атындағы музыкалық мектеп ғимараты қазір KFC қоғамдық тамақтану орнына айналған. Қоғам белсенділері мұндай мәселелерді депутат, жер­гілікті билікке айтып шағымданды да. Сон­дай-ақ мамандар Алматы қаласындағы Республи­ка сарайы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Республикалық қуыршақ театры қайта жаңғыр­тудан өткен соң тарихи келбетін жоғалтып алғанын айтады.

Сонымен қатар өткен жылы туристерді тамсандырып, балаларға ұлт болмысын танытқан Шымкенттегі ұлттық құндылықтар орталығы бір мезетте қиратылғанын түрлі БАҚ жариялаған еді. Орталық мамандарының айтуынша, этно-дизайн сәулетіндегі ғимарат кезінде өлкетану мұражайы, атшабар, Қазақ хандығының ескерткіші мен Наурыз алаңы бар этносаябақтың құрамдас бөлігі ретінде салынған. Ал қазір бұл Түркістан облысы әкімдігінің қаладағы кеңсесі. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы аталған орталыққа арналып домбыра мүсінді үлкен, қаланың ең биік жерінен еңселі ғимарат салынып жатқанын айтып ақталды.

Ал өткен жылы ұлы Абайдың 180 жылдығында Абай облысының әкімі Берік Уәли: «Мен сіздерге бір тарихи шындықты айтайын. Семей қаласында 1981 жылдан бері жаңа мәдени ошақ бой көтермеген екен. Соңғы салынған ғимарат – Абай театры. Содан бері 44 жыл бойы біздің облысымызда бірде-бір мәдениет үйі салынбапты. Президенттің «Абайға құрмет» акциясы осы олқы­лықтың орнын толтырар деген үміттеміз», деді.

Абайдың 180 жылдығына орай облыстар уәде еткен Маңғыстаудың Достық үйі, Шымкенттің шығармашылық орталығы, Түркістанның көрме орталығы, Астананың «Келешек мектебі», Ақтөбенің жекпе-жек орталығы, Павлодар облысының Үстел теннис орталығы ұлттық құндылығымызды алыстан асқақтатып  тұрса игі.

Қазір шыны керек, елімізде зәулім, бір-бірінен асып түсетін мейрамхана, тойханалар күн санап бой көтеріп жатыр. Ұлттық құндылығымыз, ұлттық идеямыз, жалпы мәдениетіміз қала орталықтарында орналасқан тойханалардың тасасында қалып қойып жатқан жоқ па?

Қалай десек те, қалаларымызда көз жауын алар көрікті ғимараттар бой көтеріп жатқаны­мен, тарихи құрылыс нысандарына тән көне құнды­лықтардың көмескіленіп бара жатқаны көңіл­ді күпті етіп тұр. Ұлттық құндылық тек нысан салумен өлшенбейді, әрине. Дегенмен, егер жаңа ғимараттар тарихи жадымен, рухани сабақ­тастықпен ұштаспаса, олар ұлттық идеяның емес, тек уақытша сәулеттік идеяның жемісі болып қала бермек. Сондықтан сәулеттік даму мен жаңғыру өткенді өшірмей, оны жаңа мағынада жалғап жатса, керемет емес пе? 

Соңғы жаңалықтар

Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:58

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді

Спорт • Бүгін, 12:43

Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті

Экономика • Бүгін, 12:33

Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты

Қоғам • Бүгін, 12:23

Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?

Қазақстан • Бүгін, 12:19

Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты

Әлем • Бүгін, 12:09

FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады

Қоғам • Бүгін, 11:57

Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40

«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады

Қоғам • Бүгін, 11:28

Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды

Спорт • Бүгін, 11:17

Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті

Қоғам • Бүгін, 11:07

Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?

Әскер • Бүгін, 10:57

Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады

Қоғам • Бүгін, 10:38

ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты

Технология • Бүгін, 10:28

Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді

Спорт • Бүгін, 10:17

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 13:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары