Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

SDU университетінің студенттері Халықтық Конституция үшін жалпыұлттық коалициясын қолдады

SDU университетінің студенттері Халықтық Конституция үшін жалпыұлттық коалициясын қолдады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алматы облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері Сүлейман Демирел атындағы университет студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Коалиция делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Сергей Пономарев және басқалары қатысты. Студенттік қауымдастық атынан университет белсенділері мен жас жоба авторлары сөз сөйледі.

Аида Балаева жаңа Конституция жобасы жаһандық өзгерістерді ескеріп, идеялар, құзыреттер мен инновациялар шешуші рөл атқаратын білім экономикасын дамытуға жол ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, студенттер мен жас зерттеушілер үшін заң жобасында шығармашылық еркіндікке кепілдік пен зияткерлік меншікті қорғау нормаларының бекітілуі айрықша маңызды.

«Конституция сөз бостандығы мен ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндікке кепілдік береді. Ең бастысы – зияткерлік меншік заңмен қорғалады. Яғни, идеялар, стартап өнімдері, авторлық жобалар, зерттеулер мен шығармашылық нәтижелері конституциялық деңгейде бекітіледі. Жастар үшін бұл – абстракция емес, еңбектеріңіздің қорғалатынына және құндылық ретінде танылатынына деген сенім», – деді Аида Балаева.

Вице-премьер білім берудің маңызына ерекше тоқталып, оны негізгі конституциялық кепілдік әрі мүмкіндіктер теңдігінің іргетасы деп атады. Ол білімге қолжетімділік әлеуметтік тұрақтылық пен адами капиталды дамытудың басты негізі болып қала беретінін айтты.

Сонымен қатар, кездесу барысында коалиция мүшелері азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарына назар аударды. Атап айтқанда, дербес деректерді қорғау және цифрлық сервистерге сенімді қалыптастыру мәселелері талқыланды. Конституция жобасында дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан цифрлық технологиялар арқылы қорғау нормалары бекітілетіні атап өтілді. Бұл жастардың цифрлық бастамаларының қауіпсіздігі мен дамуына тікелей әсер етеді.

Жалпыұлттық коалиция мүшесі, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов білім мен ғылымға басымдық беру экономиканы жаңғыртудың әрі елдің бәсекеге қабілетін арттырудың басты шарты екенін сөз етіп, бұл бағыттар Конституцияда нақты әрі берік бекітілуі тиіс екенін тілге тиек етті.

«Білім өндірісті жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға, жаңа стандарттарды енгізуге және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Балаларға білім беру құқығы, заманауи білім алу, жастардың сұранысқа сай қабілеттерді игеруі – мұның бәрі Ата заңда берік бекітілуі тиіс. Себебі Конституция мемлекеттің заңнамалық және бюджеттік саясатының іргетасын айқындайды», – деп атап өтті ол.

Кездесу барысында студенттер де жаңа Конституция жобасының маңызы туралы пікір білдіріп, білім, ғылым және елдің зияткерлік әлеуетін дамытудың стратегиялық негізі ретінде қабылдайтындарын жеткізді. SDU студенті Мақсат Айтбек білім мен ғылым басымдықтарын конституциялық деңгейде бекітуді қажет деп санайды.

«Егер Конституция білім мен ғылымды мемлекеттік саясаттың тірегіне айналдырса, бұл әлеуметтік салаға салынған инвестиция ғана емес, болашаққа бағытталған стратегиялық қадам», – деді ол.

Кездесу соңында Аида Балаева студенттермен және университет оқытушыларымен әңгімелесіп, Ата заңның болашағына қатысты шешім қабылдауда азаматтардың референдумға тікелей қатысуы маңызды екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 19:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары