Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Семейде 116 жыл бұрын бой көтерген көне ғимарат қалай өзгереді

Семейде 116 жыл бұрын бой көтерген көне ғимарат қалай өзгереді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Тарихи ескерткіштер тізімінде тұр

116 жыл бұрын бой көтерген үшқабатты көне ғимаратта зооветеринарлық институт орналасқан. Оны ағайынды Мусиндер салған. Алайда Семейдің қақ ортасындағы нысан уақыт өте келе қараусыз қалып, әбден тозып кеткен.

Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметінше, әкімдіктің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1056 қаулысымен бұрынғы зооветеринарлық институт ғимараты тарихи және мәдениет ескерткіштер қатарына қосылған.

Ал «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесінің деректері бойынша бүгінде ғимараттың меншік иесі — «Semey Property» ЖШС. 

Ақпан айының аяғына қарай қала тұрғындары Шайжүнісов көшесінің Шәкәрім даңғылынан Ұранхаев көшесіне дейінгі бөлігі жабылғанын байқады. Бұған бұрынғы зооветеринарлық институт ғимаратын реконструкциялау жобасының іске асырыла бастағандығы себеп болған.

Фото: Семей әкімдігі

Қонақүй-мейрамхана кешеніне айналмақ

Жобаның қалай іске асырылатындығын білу үшін Семей қаласы әкімдігіне сауалхат жолдадық.

— Қазіргі уақытта ғылыми-жобалық құжаттама әзірленіп жатыр. Қажетті келісімдерден және рұқсат құжаттарын алғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланған. Нысанды пайдалануға беру мерзімі — 2028 жыл. Жобаны іске асырудың жалпы мерзімі 36 айды құрайды, — деп жауап берді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Еркебұлан Накипов.

Жобаға сәйкес, ғимарат тарихи келбетін сақтай отырып, шамамен 12 000 шаршы метр аумақтағы көпфункционалды кешен ретінде қайта бейімделмек.

Фото: Семей әкімдігі

1-блок — қонақүй-мейрамхана кешені болады. Онда музей, мейрамхана, конференц-зал, 84 қонақүй нөмірі орналасады.

2-блокта әкімшілік-коммерциялық үй-жайлар, яғни бутиктер мен кеңселер болады.

Фото: Семей әкімдігі

— Жобаны сапалы іске асыру мақсатында инвестор тарапынан тарихи-мәдени мұра объектілерінде реставрациялық жұмыстарды орындауға тиісті мемлекеттік лицензиясы бар мамандандырылған ұйым — «КазПроектРеставрация» ЖШС тартылған. Құрылыс-монтаждау және реставрациялық жұмыстар қатаң түрде Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жоба бойынша жалпы басшылық пен үйлестіруді инвестор ретінде «Semey Property» ЖШС жүзеге асырады, — деді Еркебұлан Накипов.

Фото: Семей әкімдігі

Тұрғындарға ыңғайсыздық тудырды

Бұл жаңалықты естіген семейліктердің басым бөлігі қуанғанымен, Шайжүнісов көшесіндегі көлік қозғалысына енгізілген шектеуге наразылық білдіріп жатқандар да аз емес.

— Семейде бос жер көп қой. Неге дәл қаланың ортасында құрылыс жұмыстарын жүргізу керек? Онсызда мұнда үнемі көлік кептелісі туындайды. Жыл өткен сайын кептеліс көбеймесе азайған жоқ. Ал орталық көшелердің біріне шектеудің енгізілуі жағдайды одан сайын қиындатып тұр, — дейді Әділ есімді қала тұрғыны.

Бұл жол учаскесінің қашанға дейін жабық тұратынын білу үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарластық.

Фото: Семей әкімдігі

— Шайжүнісов көшесінің Шәкәрім даңғылынан Ұранхаев көшесіне дейінгі бөлігін уақытша жабу құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байланысты болып отыр. Аталған шектеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген. Жол 2026 жылғы 23 ақпаннан бастап құрылыс жұмыстары толық аяқталғанға дейін жабық болады, — деп жауап берді бөлімнен.

Еске салсақ, бұған дейін Петропавлдағы Қалыңдық үйі жаңарып, екінші тынысы ашылғаны жайлы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 15:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары