Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Семейде 25 мың орындық стадионның құрылысы басталды

Семейде 25 мың орындық стадионның құрылысы басталды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Семей – футболдың отаны. Олай дейтініміз, 1913-1914 жылдары Семей қаласында алғашқы футбол клубы пайда болды. «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және семнинаристердің «Ярыш» студенттік клубы құрылды. Футбол сол кездегі Орталық Азия мен Сібір сауда орталығының бірі саналған Семейге Англия саудагерлерімен келген дейді тарихи деректер. Осы «Жарыс» ФК құрамында әйгілі жазушы жазушы Мұхтар Әуезов өнер көрсеткен. Енді міне бір ғасырдан кейін сол жерге үлкен футбол стадионы салынатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дегенмен өңірлерді оңтайландыру кезінде Семей Шығыс Қазақстан облысына қосылып, арада ширек ғасыр өткенде ұлы Абай есімімен қайта құрылғанға дейін бұл сала тоқырап, стадиондар қаңырап бос қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысын құру туралы шешімінен кейін облыспен қатар «Елімай» командасы да еңсесін тіктей бастады. Мәселен, өткен ғасырдың 90-жылдарындағы «Елімай» құрамы еліміздің кəсіби футболында бірқатар рекордтар орнатты. Сол уақытта Семей командасы Қазақстанның алғаш үш дүркін чемпионы атанды (1994, 1995, 1998), бір маусымда бірінші болып (1995) ұлттық біріншіліктің алтынын, сондай-ақ Қазақстан Кубогі мен Суперкубогін иленді. Бүгінде «Елімай» ел біріншілігінің үздіктері қатарында. Сүйікті командасына деген халықтың ықыласы да ерекше. Биылғы дүбірлі додаларда орталық стадион жанкүйерлерге лық толады. Тіпті сыймай, аузы-мұрнынан шығып қалған сәттер көп болды. Бүгінде семейліктерге əрбір матч үлкен мерекеге айналады. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін айтулы футбол ойынын күтіп, кассаларда ұзын-сонар кезектер тудырады. Сондықтан да бұл жаңалықты естіген семейліктердің бөркі аспанда қалықтап жүр әлі.

Президенттің қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің бірнеше өңірі Семей қаласына бір нысаннан салып беруге өз ұсыныстарын берді. Маңғыстау облысы Достық үйінің іргетасын қалады. Шымкент қаласы шығармашылық орталығы мен Мәдениет үйін, Түркістан облысы көрме орталығын, Астана қаласы Келешек мектебін, Ақтөбе облысы жекпе-жек орталығын, Павлодар облысы үстел теннисі орталығын, Солтүстік Қазақстан облысы рәміздер алаңын, Қызылорда облысы «Анаға тағзым» орталығын, Батыс Қазақстан облысы желілік саябақ салуды, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағалауын абаттандыруды жоспарлап отыр. Осындай игі бастамалар аясында, Семей қаласына 25 мың орындық стадионның құрылысы басталып отыр.

Кеше облыс әкімі Берік Уәли жаңа «Smart City» ықшамауданына барып, стадионның құрылыс барысымен танысты. Қадасын қақты.

«Бүгін, міне, стадионның құрылыс жұмыстары басталды. Осы жұмысты бәсеңдетпей, жалғастыру қажет. Қаржысы кезең-кезеңімен бөлінетін болады. Бұл – семейліктердің көптен күткен жаңалығы. Семей – қазақ футболының отаны. Қала тұрғындары футболды жақсы көреді. Сол себепті осындай стадион керек. Көптен бері айтылып жүр. Нысан әзірге Астана, Алматы, Ақтөбеден кейінгі сыйымдылығы жағынан құрылысы жоспарланған стадиондардың арасында 4-ші орынды алады. УЕФА-ның матчтарын қабылдауға мүмкіндік туады, олардың стандарттарына сай келеді. Бұл жаңа ықшам ауданда әлі де қаншама нысандардың құрылысы басталады. Жақын арада маңғыстаулықтар алғаш болып қоршау қойып, жұмыстарын бастайын деп отыр. Ең бастысы, Үкімет тарапынан келісім бар. Құжаттар рәсімделгеннен кейін жұмыстар басталады», деді аймақ басшысы.

Облыстық баспасөз қызметінің мәліметінше, «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында Семей қаласы әкімдігі мен «KAZ Minerals» тобы арасында меморандум жасалып, 25 мың көрерменге арналған стадион салу жоспарланған. Сонымен қатар аталған компания «Елімай» фтбол клубына жан-жақты демеушілік жасап келеді. Ал стадионның жалпы аумағы – 20 гектар. Қазіргі уақытта 25 мың орындық стадионның құрылысын жүргізетін мердігер ұйыммен үш жақты келісімшарт жасалып, аумақ қоршалып, жерді қазу, тегістеу жұмыстары басталды.

Жобаға сәйкес, аумақта асфальт жолдар мен алаңдар қарастырылған. Архитектуралық-жоспарлау және инженерлік-құрылымдық шешімдерді әзірлеу барысында аймақтың табиғи-климаттық және геологиялық ерекшеліктері толық ескерілді. Стадион құрылысы 2 жылдан кейін аяқталатын болады.

«Қазіргі қазақ футболына ең керегі – инфрақұрылым. Жаңа стадиондар салып, балаларға сапалы академиялар ұйымдастырылуы керек. 30 жылдан астам бұл жұмыстар сөз күйінде қалып кетті. Президенттің тапсырмасының арқасында соңғы кездері ілгерілеу байқалады. Семейде әу баста стадион 10 мың болады делінген. Бірақ жаңа әкім Берік Уәлидің бастамасымен сыйымдылығы 25 мыңға ұлғайтылды. Бұл өте дұрыс бастама. Әкім – қазақ футболының отаны саналатын өңір халқының ала допқа деген қызығушылығы жоғары екенін байқап отыр. «Елімай» деген ат маған қатты ұнайды. Қазақтың командасы екенін бірден байқатады. Енді команда атына сай болып, еурокубокта сәтті өнер көрсетсе деймін. Стадион құрылысы уақытында аяқталып, жанкүйерлердің қуанышы артады деп үміттенемін», дейді футбол сарапшысы Бек Төлеуов.

Оның айтуынша, «Елімай» клубының биылғы маусымдағы ойынын екіге бөліп қарауға болады. Команда тамызға дейін ала-құла ойнады. Сосын Ғалымжан Кенжебек, Рамазан Оразов ұлттық құрама үздіктері келіп, еңсе тіктеді. Күзге қарай «Ақтөбенден» озып, еурокубокқа жолдама алды. Яғни «Елімайдың» биылғы маусымдағы нәтижесіне 4 деген баға қоюуға болады. Келесі жылғы жауапкершілігі екі есе. Клуб ішкі чемпионатта жүлдеге таласу керек. Сосын еурокубокта жоғары нәтижеге ұмтылуы тиіс. Егер осы екі тапсырманың бірде-біреуі орындалмаса, команда басшылығы, бапкері қызметінен кеткені дұрыс.

Биыл Қазақстан Премьер‑лигасында «Елімай» маусымды жақсы нәтижемен аяқтады. Команда 26 ойыннан соң 14 жеңіс, 6 тең, 6 жеңіліс көрсетіп, турнир кестесінде 4‑орынға ие болды. Ерекше айтар жайт – 25‑тұрда «Тұранды» 6:3 есебімен жеңуі. Сол жеңіс «Елімайға» Еуропа жолдамасына – UEFA Конференциялар лигасы іріктеу кезеңіне қатысу мүмкіндігін сыйлады. Осылайша, «Елімай» клубы Абай өңірі үшін тарихи сәтке қол жеткізді. Сөйтіп клуб алғашқы рет еурокубокқа жолдама алып отыр. Жалпы, 2025 жыл клубтың алға ұмтылысын көрсетті. Семей футболының абыройын асқақтатып, жанкүйерлеріне көптен жеңіс сыйлады. Ал жаңа стадион «Елімай» футболшыларының ынтасын асырып, жігерін жани түсері сөзсіз.

Абай облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 03:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары