Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Семейде құрылысы созбалаңға салынған көпір қашан ашылады

Семейде құрылысы созбалаңға салынған көпір қашан ашылады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қоршауы опырылып түсті

Ертіс өзенінің екі жағалауында орналасқан Семей шаһарында 3 көпір бар. 1929 жылы Түркістан-Сібір теміржолының бір бөлігі ретінде теміржол көпірі салынған болатын. Ол Сібірді Орталық Азиямен байланыстырды. 1964 жылы автогуж көпірі (Қазір ел арасында «Ескі көпір» деп аталып кеткен) пайдалануға берілді. Ал 2000 жылы жапондық компания салған әйгілі аспалы көпір бой көтерді.

Осы үшеуінің ішінде автогуж көпірінің жағдайы ең нашар. Семейліктер үнемі көпір жолының шұрық тесік екеніне шағымданып келді. 2013 жылы ол ресми түрде «апатты жағдайдағы нысан» деп танылған. 2022 жылы оның тура қасына жаңа көпірдің құрылысы басталып, екі жылдан кейін аяқталады деп жоспарланды. Бірақ жоба құнының қымбаттауы мен қаражаттың бөлінбеуі салдарынан аяқталған жоқ. 

Фото: Абай облысы әкімдігінен

2024 жылы «Ескі көпір» қоршауы опырылып түсті. Қатты желдің салдарынан ұзындығы 15 метр болатын қоршау құлап кеткен. Құлаған қоршаулар оптикалық байланыс желілерін зақымдап, сол жақ жағалау тұрғындары интернетсіз қалды. Кейін қоршауларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Ал 2025 жылдың тамызында автогуж көпірінің асфальты толық жаңартылды. 

– Ұзындығы 1 шақырымға жуықтайтын жолдың ескі асфальт қабаты қырып алынып, орнына қалыңдығы 6 см жаңа тасты-мастикалық асфальт төселді. Бұған дейін мұнда жылдамдық сағатына 40 шақырым болса, енді автокөліктер 60 шақырым жылдамдықпен жүреді, - деп хабарлады Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Фото: Абай облысы әкімдігінен

Жаңа көпірдің ұзындығы қандай болмақ?

Бірақ бұл осыдан төрт жыл бұрын салынып басталған жаңа көпір салынбайды деген сөз емес. Kazinform тілшісінің сауалхатына жауап жолдаған Абай облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Уәлиев көпір құрылысы 2026 жылдың соңына дейін өз мәресіне жететіндігін мәлім етті. 

– «Семей қаласының автомобиль көлік көпірін реконструкциялау» нысанының құрылысы бойынша қазіргі таңда жобада қарастырылған 9 тіректің 8-і тұрғызылды. Сонымен қатар 9 мың тонна көлемінде көпірдің аралық құрылысының металл конструкциясы сатып алынып, оның ішінде 3,3 мың тоннасы монтаждалған. Көпір құрылысы аяқталғаннан кейін жобаға сәйкес Шәкәрім және Тәңірберген көшелерін қосатын болады. Сонымен қатар көпірдің екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған. Жобасы 2022 жылы жүзеге асырылып басталған көпірде көлік қозғалысын қамтамасыз ету 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр, - дейді ол. 

Фото: Абай облысы әкімдігінен

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жоспарланған кестеге сейкес жүргізіліп келеді. Жобаға сәйкес көпір құрылысының негізгі параметрлері: 

– көпірдің жалпы ені – 23 метр

– жаяу жүргіншілер жолы – 2,25 метр

– көпір өткелінің жалпы ұзындығы – 809 метрді құрайды.

Фото: Абай облысы әкімдігінен Фото: Абай облысы әкімдігінен

Бұған дейін БАҚ-та жаңасы салынған соң ескі көпірдің Арбатқа айналатыны жайлы ақпарат тараған еді. Ерлан Уәлиевке осы сауалды да қойдық. 

– Қолданыстағы автокөлік көпірін жаяу жүргіншілер аймағына, яғни Арбатқа айналдыру мүмкіндігіне қатысты шешім жаңа көпірдегі құрылыс-монтаждау жамыстары толық аяқталғаннан кейін қосымша қарастырылатын болады, - деді басқарма басшысының орынбасары. 

Еске салсақ, осыған дейін Орал қаласында көлік жүктемесін азайтатын жаңа көпір салынатыны хабарланған. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Сәуір 2026 15:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары