Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Қостанай облысында жаңа мектептер құрылысы неге созбалаңға салынып кетті

Қостанай облысында жаңа мектептер құрылысы неге созбалаңға салынып кетті

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Облыста оқушы саны жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде өңірде жалпы білім беретін 431 мемлекеттік мектеп, 5 кешкі және 9 жекеменшік мектеп бар. Барлығы 110 мыңнан астам оқушы білім алып келеді. Олардың саны жылдан-жылға артып барады. Сондықтан жаңа мектептерге деген сұраныс та жоғары.

Қазір Қостанай қаласында екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бірі Береке шағын ауданындағы 980 орынға арналған мектеп, екіншісі Қунай ауданындағы 900 орынға арналған білім ордасы. Құрылысы созылған екі нысанның да іргетасы 2021 жылы қаланған. Алайда түрлі себептермен пайдалануға беру мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілген.

Бала саны тым көп

Құрылыс басқармасы бұл мектептерді жыл соңына дейін салуды жоспарлап отыр.

- Құрылысына 2,2 миллиард теңге бөлінген Қунайдағы мектепті салуға 2021 жылы «Гренада» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Өткен жылы ғимараттың спортзалының шатыры құлап, жоба қайта қаралды. Спортзалды қайта қалпына келтіру үшін мердігер ретінде «КазЭлитСтрой 2050» ЖШС компаниясы таңдалды, - деп хабарлады басқармадан.

Фото: Ярослав Богатырев

Ал Береке шағын ауданындағы мектеп бойынша бұрынғы мердігермен келісімшарт бұзылған.

- Құрылысты аяқтау үшін тиісті мемлекеттік конкурс өткізіліп, «СМТ и Компания» ЖШС таңдалды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қайта жанданды, - деп жауап берді редакция сауалхатына Құрылыс басқармасынан.

Нысандардың белгіленген уақытта аяқталмауына жобалық құжаттаманы бекіту мен сараптамадан өткізуге кететін уақыт, сот процестері және жұмысшы тапшылығы себеп болған.

Сонымен қатар өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы бойынша 4500 орынға арналған алты мектеп салынуда. Қазіргі уақытта бес мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталып, төрт мектеп білім беру ұйымдарына өткізілді.

- Қалада барлығы 16869 оқушы бар. Олардың 5 268-і мемлекеттік тілде білім алады. Қолданыстағы 20 мектептің төртеуі қазақ тілінде оқытса, сегізі аралас мектеп, - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Темірхан Жайлыбаев.

Кейбір мектептерде бала саны тым көп. Мысалы, Рудныйдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы меткеп 780 балаға арналып салынса да, қазір білім ордасында 1300 оқушы оқып жатыр. Осындай жайлы мектептердің салынуы, білім алуға жайлы жағдай жасап, орын жетіспеушілігі мәселесін шешер еді.

Фото: Алиса Тоскина / Tobolinfo

Рудныйдағы 900 орындық жаңа мектептің құрылысы «Antarium Group» компаниясына жүктелген. Қазір құрылыс жұмыстарының 89 пайызы аяқталған. Инженерлік желілер тартылып, аумақты абаттандыру жалғасып жатыр. Мектепті 2025 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

Нені өзгерту керек?

Сарапшылардың пікірінше, мұндай жобалардың созбалаңға салынуына қаржы емес, көбіне инженерлік инфрақұрылым мен қысқа мерзім себеп болады. Мәселенің шешімі – құрылыс саласындағы тәсілдерді жүйелі түрде қайта қарау.

- Кейде ғимарат дайын, бірақ су мен электр жүйелері әлі тартылмай жатады. Сол үшін инфрақұрылымды алдын ала жоспарлау қажет. Коммуникациялар нысан салынып біткен соң емес, құрылыс басталған сәтте дайын болуы тиіс немесе бұл міндетті жергілікті атқарушы органдар бас мердігерге тапсырып, тиісті қаржыландыруды қамтамасыз еткені жөн, - дейді Астана құрылысшылар одағының директоры Вячеслав Лазарев.

Фото: Вячеслава Лазаревтің жеке мұрағаты

Оның айтуынша, жергілікті өндірушілерді қолдау маңызды, бірақ бұл сапа мен құрылыс қарқынына зиян тигізбеуі керек.

- Сонымен бірге мердігерлердің жауапкершілігін күшейту де өзекті мәселе. Мектеп құрылысына қатысатын компанияларға қойылатын талаптар өте жоғары. Сондықтан мұндай жобаларды көбіне тәжірибелі, ірі құрылыс компаниялары ғана орындай алады, - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, ірі қалаларда жағдай біршама тәуірлеу, өйткені мұнда білікті және беделді құрылыс компаниялары жұмыс істейді.

- Ал өңірлерде ондай ірі компаниялардың бәрі бірдей қатыса бермейді. Себебі мұндай жобалар көп ресурс пен сапалы кадрларды талап етеді. Дегенмен бұл жергілікті компаниялар үшін тәжірибе жинауға, табыс табуға және ары қарай дамуға зор мүмкіндік, - дейді В.Лазарев.

Сарапшының пікірінше, жергілікті биліктің бақылауы мен қолдауына қарамастан, саладағы түйткілдердің түйіні тарқатылмай отыр.

- Жұмысшы жетіспеушілігі, жобалардың шикілігі, бюрократия мен сот даулары – мұның бәрі мектеп құрылысын тежейді. Бірақ бүгінгі басты мақсат – әр баланың сапалы жағдайда білім алуына мүмкіндік жасау, - деп өз сөзін түйіндеді ол.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі шағынаудан халқы мектеп салынуын сарыла күтіп жүргенін жазған болатынбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 20:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары