Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Сенат креативті индустрияға қатысты заңды мақұлдады: дамыту тетіктері айқындалды

Сенат креативті индустрияға қатысты заңды мақұлдады: дамыту тетіктері айқындалды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

— Аталған заң Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында елімізде креативті экономиканың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасау қажеттігін атап өткен болатын. Ұсынылып отырған заң осы тапсырманы іске асыруға бағытталған. Заңның мақсаты — елімізде креативті индустрияны дербес әрі экономикалық маңызы бар сектор ретінде қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық әлеуетті экономикалық айналымға тарту үшін институционалдық және құқықтық негіздерді айқындау. Бұл ретте креативті индустрия экономиканы әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және шағын әрі орта бизнестің дамуына ықпал ететін перспективалы бағыт ретінде қарастырылады, — деді сенатор Айгүл Қапбарова.

Осы заңмен «Мәдениет туралы», «Кинематография туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Атап айтқанда, креативті индустрия саласына қатысты бірқатар жаңа ұғымдық анықтамалар нақтыланып, креативті индустрия субъектілерінің тізілімі енгізіледі, сондай-ақ оларды онлайн форматта есепке алу тетігі көзделеді. Бұл саланың ашықтығын арттыруға, нақты статистикалық деректер қалыптастыруға және мемлекеттік қолдау шараларын жүйелі түрде жоспарлауға мүмкіндік береді.

— Сонымен қатар уәкілетті органға креативті индустрия субъектілерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қоса қаржыландыру аясында жеке инвестицияларды тарту процесін мониторингілеу жөніндегі құзыреттер беріледі. Бұл нормалар мемлекеттік және жеке сектор арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге, инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталған. Жергілікті атқарушы органдарға креативті кәсіпкерлікті дамытуға, шығармашылықпен айналысатын азаматтар мен таланттардың танылуына және олардың әлеуетін іске асыруға жағдай жасау жөніндегі өкілеттіктер беріледі. Сонымен қатар креативті индустрияларда еңбек ететін жұмыскерлердің құқықтары заңнамалық деңгейде бекітіледі. Бұдан бөлек, шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен өтетін мәдени-бұқаралық іс-шараларды алдын ала келісу тәртібі айқындалады. Сондай-ақ фильмдерді прокатқа дейін сараптау, прокаттау куәлігін беру мерзімін ұлғайту, жастарды креативті қызметке тарту және республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін жалға беру тәртібі нақты регламенттеледі, — деді сенатор.

Оның пайымынша, аталған заң креативті экономиканы дамыту үшін қажетті кешенді құқықтық негізді қалыптастырады. Ол халқымыздың шығармашылық әлеуетін арттыруға, бәсекеге қабілетті креативті өнімдерді жасауға және оларды ішкі әрі сыртқы нарықта тиімді монетизациялауға мүмкіндік береді.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мәліметіне қарағанда, «Мәдениет туралы» заңға мынадай негізгі нормалар енгізіледі:

— тұжырымдамалық аппарат кеңейтіледі (креативті индустриялардың жұмыскері мен субъектісінің анықтамалары, сондай-ақ есепке алудың

онлайн-платформасы және қолдау ретінде креативті индустриялар субъектілерінің тізілімі енгізіледі);

— креативті индустриялар құқықтық реттеу саласына енгізіледі, мәдени және креативті қызмет туралы ережелер нақтыланады;

— мәдениет саласындағы уәкілетті органның тізілімді қалыптастыру және жүргізу, мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін жалға алу қағидаларын бекіту, сондай-ақ мемлекеттік қоса қаржыландыру кезінде жеке инвестицияларды тарту мониторингі жөніндегі құзыреті айқындалады;

— әкімдіктерге креативті индустриялардағы кәсіпкерлік арқылы өзін-өзі танытуы және таланттарды дамыту үшін жағдай жасау жөнінде өкілеттіктер беріледі;

— креативті индустрия жұмыскерлерінің құқықтары бекітіледі (ақпаратты қорғау, үшінші тұлғаларды тарту, кәсіби бірлестіктерге қатысу, мәдени ұйымдарға қол жеткізу);

— ұйымдастырушылардың шетелдік ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді олар өткізілгенге дейін 30 жұмыс күні бұрын келісу міндеті белгіленеді, келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды;

Бұдан бөлек, «Кинематография туралы» заңға мынадай нормалар енгізіледі:

— фильмге прокаттау куәлігін алуға өтінішті қарау мерзімін 7-ден

30 жұмыс күніне дейін ұлғайту;

— уәкілетті органның заңда белгіленген белгілерді анықтау және фильмді көрудің жас санатын айқындау үшін сараптама комиссиясының фильмге прокатқа дейінгі сараптама жүргізуі, сондай-ақ мұндай комиссияның ұйымдастырылу және жұмыс істеу тәртібін айқындауы.

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға жастарды креативті қызметке тартуға және оның креативті индустриялар саласындағы кәсіпкерлік белсенділігін дамытуға жәрдемдесуге, сондай-ақ осы саладағы жастар бастамалары мен жобаларын қолдау жөніндегі шараларды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған нормалар енгізіледі.

Сенатор Руслан Рүстемов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде еліміздің барлық өңірінде креативті орталықтар ашылғанын еске салды. Бұл — креативті индустрияны тек ірі қалаларда ғана емес, өңірлерде де нақты дамытуға мүмкіндік береді.

— 2024 жылдан бастап креативті индустрияның жекелеген қызмет түрлері үшін 2-4% мөлшеріндегі арнайы бөлшек салық енгізілді. Бұл шара өзінің тиімділігін көрсетті. Бір жылдың ішінде сала субъектілерінің саны 17%-ға артты. Қазіргі кезде креативті индустрия саласында 150 мыңға жуық адам еңбек етеді, ал субъектілер саны 46 мыңнан асты. 2029 жылға қарай саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 2%-ға дейін арттыру, экспорт көлемін 115 млн АҚШ долларына жеткізу және жұмыспен қамтылғандар санын 180 мың адамға дейін көбейту жоспарланған, — деді депутат.

Айта кетейік, былтыр күзде креативті индустрияға жататын қызмет түрлері бекітілді. 

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД аясында Креативті индустрия қауымдастығын құру бастамасын көтерген еді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 14:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары