Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Сенат тақтатас мұнайы мен уран өндіруге қатысты заңды мақұлдады

Сенат тақтатас мұнайы мен уран өндіруге қатысты заңды мақұлдады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Заңның мақсаты — жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, инвестициялық тартымдылықты арттыру, сондай-ақ мемлекеттің уран саласындағы мүддесін қорғау.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мәліметіне қарағанда, құжатта аз зерттелген аумақтарда геологиялық зерттеу жүргізу ерекшеліктері белгіленеді, олардың аясында:

— аз зерттелген аумақтарға жататын учаскелерді қалыптастыру тетіктері;

— геологиялық зерделеу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру мақсатында аз зерттелген аумақтар бойынша аукцион өткізудің жеделдетілген тәртібі;

— аз зерттелген аумақтарда барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар жасасу ерекшеліктері және олардың талаптары;

— келісімшартты ұзарту арқылы геологиялық зерттеу нәтижелері бойынша барлауға көшу құқығы көзделеді.

Заңда Қазақстан Республикасының көмірсутектер қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының әрекет ету мерзімін 2030 жылға дейін ұзарту ескерілген.

— Маңызды бағыттардың бірі — күрделі жобалар бойынша, әсіресе алуға қиын, тереңде жатқан (тақтатас) мұнайды өндіру бойынша үлгілік келісімшарт өлшемдерін кеңейту. Басқаша айтқанда, инвесторлар үшін икемді және тартымды жағдайлар жасақтайтын жетілдірілген модельдік келісімшартты енгізу. Бүгінде бұл талапқа екі кен орны жатады: олар жалпы алынатын мұнай қоры 18,7 млн тонна көлеміндегі Шығыс Қазақстан облысындағы Сарыбұлақ және Қызылорда облысындағы Қарағансай кен орындары. Әрине, мұндай кен орындарын игеру ірі инвестицияларды, заманауи технологияларды және ұзақ мерзімді кепілдіктерді қажет ететіні белгілі. Бұл жобаларды қажетті ынталандыру шараларын ұсынбай, жүзеге асыру мүмкін емес. Ұсынылған түзетулер инвесторлар үшін қажетті құқықтық және экономикалық ынталандыру шараларын жасай отырып, ел аумағында алуы қиын көмірсутектерді барлау мен өндіруді жандандыруға мүмкіндік береді, — деді сенатор Әлібек Нәутиев.

Сонымен қатар депутат заңда уран саласында реттеудің тиімділігін арттыруға және ұлттық мүдделерді қорғауға бағытталған бірқатар түзету қарастырылғанын айтты.

— Қазіргі кезде Қазақстан уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы ел ретінде танымал. Уәкілетті органның мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан әлемдік уран өндірудің шамамен 40 пайызын қамтамасыз етті, бұл шамамен 23 мың тонна көлеміне жетеді. Елімізде 1,3 миллион тоннадан астам барланған уран қоры мен ресурстары бар. Қазақстан аумағында геологиялық белгілері мен өнеркәсіптік маңыздылығы жағынан ұқсас алты ірі уран кен орны табылған. Бұл кен орындары тұрақты өндіру мен экспортты қамтамасыз етеді, уранның 100 пайыздан астамы ұңғымалық жерасты сілтісіздендіру әдісімен өндіріледі, бұл өз кезегінде өндірісті экологиялық қауіпсіз және үнемді етеді. Ядролық отынға сұраныстың жаһандық өсуін ескере отырып, әсіресе жаңа атом электр станцияларының құрылысына орай еліміздің уранның жетекші жеткізушісі ретіндегі рөлі тек күшейе түседі, — деді сенатор.

Осыған байланысты заңмен уран саласындағы ұлттық компанияның жер қойнауының стратегиялық учаскелерін барлауға және әзірлеуге лицензия алуға басым құқығын бекіту ұсынылады.

Бұған дейін хабарланғандай, уран саласындағы ұлттық компанияға жаңа кен орындарын игеруде басым құқық беріледі.

Биыл 8 қарашада Мәжіліс тақтатас мұнайын өндіруді ынталандыратын заңды қабылдады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 13:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары