Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Сенат Перумен арадағы бірқатар шартты ратификациялайды

Сенат Перумен арадағы бірқатар шартты ратификациялайды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сонымен жалпы отырыстың күн тәртібіне мына мәселелер енгізіліп отыр:

— «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы;
— «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы;
— «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы.

Айта кетерлігі, бұл шарттарды осы жылдың ақпан айында Мәжіліс екі оқылымда қабылдаған болатын. 

«Қазақстан мен Перу арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңның негізгі мақсаты — тараптардың өзара ынтымақтастығы мен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек арқылы қылмыстың алдын алу, тергеу, қылмыстық қудалау және жолын кесу тиімділігін арттыру.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мәліметінше, құжат аясында өзара құқықтық көмек ақпарат беруді, адамдарды анықтауды, іздестіруді, тінтуді және жауап алуды, сараптама жүргізуді, дәлелдемелер беруді, сондай-ақ тараптардың ұлттық заңнамаларында көзделген көмектің басқа да нысандарын қоса алғанда, бірқатар шараны іске асыруды көздейді.
Сонымен қатар Мәжіліс «Қазақстан мен Перу арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңды да қабылдады.

Шарттың негізгі мақсаты — бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды өздері азаматтары саналатын мемлекетте жазасын өтеу үшін беру тәртібі мен шарттарын айқындау мәселелерінде тиімді ынтымақтастық орнату. Құжат бойынша бір тараптың аумағында сотталған адам белгіленген жазаны өтеу үшін екінші тараптың аумағына берілуі мүмкін.

Фото:Павлодар облысы соты

Үшінші құжат — «Қазақстан мен Перу арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заң.

Шарт тараптардың аумағында жүрген, ұстап беруге алып келетін қылмыстары үшін қылмыстық қудалау мақсатында немесе соттың заңды күшіне енген үкімін орындау үшін іздеуде жүрген кез келген адамды ұстап беру бөлігінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты орнатуға бағытталған. Құжатта адамдарды ұстап берудің және одан бас тартудың нақты негіздері қарастырылады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптадағы палата отырысында сенаторлар «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңдарды қарап, мақұлдады. 

Бірінші хаттама бойынша баяндама жасаған Сенатор Жанна Асанованың айтуынша, отбасы қатынастары мен кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы трансшекаралық жағдайларды реттейтін халықаралық құқықтық стандарттардың мәні ерекше.

Бүгінде балаларға алимент өндіру секілді мәселелер тек ұлттық деңгейде шешілмей, сонымен бірге мемлекеттер арасындағы өзара құқықтық үйлестіруді талап етеді. Осы тұрғыда ұсынылып отырған заңның маңызы зор. Бұл Хаттама балалардың құқықтарын халықаралық деңгейде қорғауды күшейтетін, сот актілерін, оның ішінде сот бұйрықтарын тану және орындау рәсімдерін үйлестіретін маңызды құқықтық құрал саналады.

Фото: видеодан алынған скрин

— Қазіргі уақытта Қазақстанда халықаралық және шетелдік сот актілеріне сүйене отырып атқарылған істер тәжірибесі бұл нормалардың өзектілігін растайды. 2020-2025 жылдар аралығында кәмелетке толмаған балалар мүддесінде жүргізілген атқару өндірістерінің саны 100-ден астамға жетіп, жалпы қарыз сомасы 47 млн теңге. Бұл көрсеткіш трансшекаралық алимент өндірудің күрделілігін және тиімді құқықтық шешімдердің маңыздылығын айқын көрсетіп отыр. Заңды қабылдау Хаттаманы ратификациялауға жол ашып, балалардың құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, — деді депутат.

Ал екінші құжат бойынша сөз алған Сенатор Қайрат Тастекеевтің атап өтуінше, құжат Конвенцияның ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізуді көздейді. Атап айтқанда:

— Конвенция аясында танылып, орындалуға жататын сот актілерінің қатарын азаматтық істер бойынша сот шешімдерімен қатар, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарымен толықтыру ұсынылады. Бұл түзетулер алимент міндеттемелері бойынша шешімдердің неғұрлым тиімді орындалуын қамтамасыз ете отырып балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге үлкен мүмкіндік береді;
— шешімді тану және орындау туралы өтінішхат беру тәртібін белгілейтін Конвенцияның тиісті бабы сот бұйрықтарына қатысты да қолдануды көздейтін ережелермен толықтырылады;
— борышкерге сот бұйрығы табыс етілмеген немесе жіберілмеген жағдайда сот бұйрығын шығаруға қатысты негізді қоса отырып, шешімдерді танудан және орындаудан бас тарту негіздерінің тізбесі кеңейтіледі.

Фото: Kazinform

— Хаттаманы ратификациялау Конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық тетігін жетілдіруге, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын тануды және мәжбүрлеп орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деді Қайрат Тастекеев.

Күн тәртібіне шығарылған мәселелер талқыланып болғаннан кейін сенаторлар депутаттық сауладарын жолдады. Атап айтқанда, Бекбол Орынбасаров Бас прокуратураны жалпы үй алаңдарын жосықсыз иемденіп алудың және сатудың жолын кесуге шақырды. Ол үй иелері жиналыстарының хаттамаларын бұрмалағаны және кондоминиумның ортақ мүлкін ұрлағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.

Ал Талғат Жүнісов 1 сәуірден бастап Ақмола облысындағы «Ақ-көл» және «Жақсы» стансаларында пойыздардың тоқтамауына жол беретін шешімге қатысты алаңдаушылық білдіріп, осы мәселеге Үкіметтің назарын аударды.

Сенатордың айтуынша, маршруттардың бұлай өзгеруі көліктің қолжетімділігін және аймақтағы 100 мыңнан астам тұрғын үшін базалық қызметтерді алу мүмкіндігін айтарлықтай шектейді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 09:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары