Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Серіктестіктің стратегиялық бағыттары айқындалды

Серіктестіктің стратегиялық бағыттары айқындалды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Форум алаңында екі елдің 70-тен астам бизнес-қоғамдастық өкілдері сау­да, логистика, АӨК, IT және жасанды интеллект сияқты экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Олжас Бектенов Қазақстан мен Кипр президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис келіссөздер барысында өзара сауданы дамыту әлеуетін белгілеп, өзара тиімді уағдаластықтар жасасуға дайын екендіктерін айтты. Өз кезегінде диалог алаңы іскер топтардың тікелей ынтымақтастығын орнатуға мүмкіндік береді.

«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен экономиканы әртараптандыруға, инновацияларды ынталандыруға әрі білімге негізделген даму моделін ілгерілетуге бағытталған ауқымды саяси реформаларды жүзеге асырып жатыр. Қазақстан халқы қуатты, озық және бәсекеге қабілетті мемлекеттің негізін қалайтын жаңа Конституцияны қолдады. Осы тұрғыдан алғанда, инвестиция тарту ел экономикасының тұрақты дамуына және өндірісті жаңғыртуға жол ашатын маңызды құрал болып отыр», деді Үкімет басшысы.

Никос Христодулидис өз сөзінде Кипр қазақстандық компаниялар үшін еуропалық нарыққа шығудың тиімді нүктесі, сондай-ақ өңірлік операциялар мен құрылымдық инвестицияларға сенімді әріптес бола алатынын тілге тиек етті.

«Кипр Қазақстанды Орталық Азияда­ғы стратегиялық маңызды әріптес деп бағалайды. Еуропа мен Азия арасын­дағы байланысты нығайтып, бүкіл Еуразия ішінде жаңа сауда, инвестициялық дәліздерді дамытуда анағұрлым маңызды рөл атқаратын өңірлік, халықаралық маңызы бар ел ретінде қарастырады. Жаһандық жеткізу тізбектері мен көлік бағыттарын түбегейлі қайта құру жағдайында Транскаспий халықаралық көлік бағыты стратегиялық маңызға ие болып отыр. Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы байланыс контекстінде осы жаңа архитектураның негізгі элементіне айналып жатыр. Кипр экономикасы қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарамастан орнықты әрі тұрақты өсім көрсетуді жалғастыруда. Бірге жұмыс істей отырып, біз бұл әлеуетті нақты нәтижелерге айналдырамыз әрі жаңа мүмкіндіктер мен берік экономикалық байланыстар құрып, қос елдің халқы мен экономикасын өркендетеміз», деді Никос Христодулидис.

Сессия модераторы, Freedom Holding Corp. төрағасы Тимур Турлов Кипрдің отандық компаниялар үшін маңызды серіктестердің бірі екенін айтты. Оның айтуынша, бұл ел отандық бизнеске қаржылық әрі инвестициялық қызметтер ұсынып қана қоймай, түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Кипрдің кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланысты нығайту жаңа жобаларды іске қосуға, инвестиция тартуға, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша мүмкіндік беретінін сөз етті.

Форумға қатысушыларға Қазақ­станның инвестициялық мүмкіндіктері мен іскерлік экожүйесі ұсынылды. Қазақстан Премьер-министрі екі елдің кәсіпорындарын, әсіресе өзара қызығушылық тудыратын жаңа салаларда белсенді ынтымақтасуға шақырды.

Қазақстан инвесторлар мен жоғары білікті мамандарды тартуға мүдделі. Осы мақсатта көші-қон саясаты жетілдіріліп, «Алтын виза» арнайы визалық режімі енгізілді. «Заң мен тәртіп» президенттік қағидатына сәйкес елімізде инвесторлармен өзара іс-қимыл және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде тиімді сүйемелдеу архитектурасы құрылған. Астана халықаралық қаржы орталығы ағылшын жалпы құқығының юрисдикциясы мен бизнесті жүргізудің бірегей шарттарымен жұмыс істейді, онда бүгінде Кипрден 30-дан астам компания тіркелген.

Инвесторлардың жұмысы үшін инновациялық технологияларды дамытуға, ЖИ шешімдерін белсенді енгізуге мүмкіндік беретін қажетті инфрақұрылымдық база құрылды. Астанада жасанды интеллект аясында халықаралық Alem.ai орталығы, Еуразиядағы ең ірі технологиялық алаңдардың бірі Astana Hub жұмыс істейді, екі қуатты суперкомпьютер іске қосылды, сондай-ақ «ДӨО алқабы» жобасы салынуда және тағы да басқалары жүзеге асырылып жатыр.

Олжас Бектенов форумға қатысушы­лардың назарын ұзақмерзімді байланыстарды нығайту мақсатында үлкен әлеуетке ие экономика секторларына аударды. Атап айтқанда, көлік-логистика саласында өзара тиімді перспективалар назарға ілікті. Еуразияның орталығында орналасқан Қазақстан өңірлік хаб рөлін нығайтып, Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтағы жүк тасымалының 80%-дан астамын қамтамасыз етеді. Ал Кипр Шығыс Жерорта теңізіндегі мүмкіндіктері мен теңіз қызметтері, кеме қатынасы және кемелерді басқару саласындағы тәжірибесін ескере отырып, маңызды рөл атқарады.

Аграрлық салада азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты дамудың артып келе жатқан рөлін ескере отырып, ынтымақтастықты кеңейтуге әлеует бар. Қазақстан әлемдегі ірі астық өндірушілердің ондығына кіреді әрі оны 70-тен астам елге экспорттайды, сондай-ақ тыңайтқыштар өндірісін дамытып келеді. Өз кезегінде Кипр жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде мықты позицияларға ие.

Цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы ынтымақтастыққа елеулі серпін береді. Дамыған цифрлық инфрақұрылымы бар Қазақстан кипрлық компанияларға IT, финтех, GovTech және жасанды интеллект саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін практикалық алаң ұсынады.

Кипр екі ел арасындағы өзара тиімді әрі елеулі серіктестік әлеуетін көріп отыр. Бұл әлеуетті нақты нәтижелерге айналдырып, экономикалық байланыс­тарды нығайтуға әрі екі ел халқы мен бизнесіне жаңа мүмкіндіктер жасауға болады. Қазақстан мен Кипр арасындағы алғашқы тікелей әуе рейсінің ашылуы екі елдің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруі мүмкін. Бұл қадам кеме қатынасы, теңіз қызметтері, көлік және логистика салаларындағы байланысты күшейтіп қана қоймай, финтех, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, инновациялар, энергетика, әсіресе жаңартылатын энергия көздері бағытындағы әріптестікті кеңейтуге жол ашады. Сонымен қатар фармацевтика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі сияқты маңызды салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді.

Форум қорытындысында еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Кипр президенті Никос Христодулидис сауда-экономикалық әріптестікті нығайтуға бағытталған іскерлік байланыстарды кеңейтуге әрі өзара тиімді жаңа жобаларды іске қосуға дайын екендіктерін атап өтті. Өз тарапынан Қазақстан Үкіметі барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 10:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары