Бозоқ қалашығын зерттеу бағыттары айқындалды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Түркия Республикасының Соргун қаласынан келген делегация өкілдерімен кездесу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесуде Бозоқ қалашығын зерттеу аясындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері сөз болды.
Тараптар ортақ зерттеулер жүргізу, тарихи және археологиялық материалдарды зерделеу, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия ғалымдарының тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар жиында Бозоқ қалашығының тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу, тереңірек зерттеу және ғылыми байланысты жалғастыру жайы айтылды.
Сапар барысында делегацияға ашық аспан астындағы Ұлттық парк жобасы бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды. Делегация өкілдері жобаны одан әрі дамыту жоспары туралы ақпарат алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:86
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 10:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















