Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Шахматтағы кезекті шың

Шахматтағы кезекті шың

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Турнирде әлемнің 16 жетекші университетінің, соның ішінде Оксфорд, Кембридж және Гарвард университеттерінің командалары бақ сынайды. Қазақстан атынан жарысқа Қазақ ұлттық спорт университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Almaty Management University (AlmaU) командалары қатысып жатыр.

Қазақстандық командалардың сапындағы ең жоғары рейтингке ие шахматшылар қатарында Қазақ ұлттық спорт университетінің өкілдері Қазыбек Нөгербек (FIDE рейтингі – 2495), Сәтбек Ахмединов пен Меруерт Камалиденова (екеуі де – 2400), сондай-ақ ҚазҰУ командасынан FM Ерлан Тілеуханов (2296) және AlmaU құрамынан FM Жәңгір Бижігітов (2272) барын айта кетейік. 1 тамыздағы орташа рейтинг бойынша турнирдің фавориттері қатарында Saint Louis University (2577), Ural State Mining University (2514), University of Texas at Dallas (2441) және Қазақ ұлттық спорт университеті (2420) алдыңғы қатарда тұр.

Чемпионаттың ашылу салтанатында Пре­мьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанның әлемнің үздік жас шахматшыларын қабылдап отырғанын атап өтті. 

– Бүгінде Қазақстан әлемнің жетекші оқу орындарының үздік жас шахматшыларын тоғыстырған алаңға айналып отыр. Бұл чемпионат – тек медаль үшін тартыс қана емес, университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім алмасуға және елдер арасындағы ұзақмерзімді серіктестікті дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң, – деді министр.

Осы тұста университеттер арасындағы командалық әлем чемпионатымен қатар 4-5 тамыз күндері Алматыда ұлдар (Kazakhstan Boys Team vs World Boys Team) және қыздар (Kazakhstan Girls Team vs World Girls Team) командалары арасында матч өткенін айта кетейік. Яғни Қазақстанның ұлдар құрамасы әлемнің ұлдар құрамасымен, қыздарымыз әлемнің қыздарымен бақ сынасты. Жарыс алдымен рапид, содан кейін блиц форматында ойналды. Рапидте де, блицте де Қазақстанның ұлдар құрамасы әлемнің ұлдар құрамасын жеңсе, қыздар командалары арасындағы ойындар әлем құрамасының пайдасына шешілді. 

– Білетіндей, біздің балалар-жастар құрамамыз кейінгі екі жылда әлемдегі ең үздігі болды, сондықтан біз тәуекелге барып, әлем құрамаларын матчқа шақырдық. Бұл, әрине, тәуекелді іс-шара. Бірақ соған қарамастан, біздің командамыз шынымен әлемдегі ең күштісі болғандықтан, өте жақсы мүмкіндіктері бар деп санаймын. Университеттер арасындағы командалық әлем чемпионаты аясында өткен бұл іс-шара бүкіл қызықты оқиғаның әшекейі болды, – деді Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дармен Садвакасов.

Матчтың жалпы жүлде қоры 15 миллион теңге болды. Әр команда құрамында 6 ойыншы бар, яғни әр жас санатында бір ойыншыдан: U8, U10, U12, U14, U16 және U18.

Қазақстанның ұлдар және қыздар команда­ларын капитан, гроссмейстер, Қазақстанның балалар-жастар құрамасының бапкері Борис Грачёв бастап шықты. Ал әлемнің ұлдар және қыздар құрамаларының капитаны – халық­аралық шебер, FIDE-нің арнайы тапсырмалар жөніндегі директоры және Грузия шахмат федерациясының президенті Акакий Иашвили.

4 тамызда қатысушылар рапидтен 4 пар­тиядан ойнады. Нәтижесінде, Қазақстан ұлдар құрамасы – 14,5 ұпай, әлемнің ұлдар құрамасы 9,5 ұпай жинады. Командаға 3,5 жеңіс ұпайын Эдгар Мамедов (U18) және Сауат Нұрғалиев (U16) алып берсе, 2 ұпайды Марк Смирнов (U14), 3 ұпайды Әлімжан Жауынбай (U12), 1 ұпайды Ризат Ұлан (U10), 1,5 ұпайды Аслан Ендібаев (U8) еншіледі. Әлем құрамасында 0,5 ұпайды Эмануэль Кот (Канада, U18), 0,5 ұпайды Пау Марин Феррагут (Испания, U16), екі ұпайды Дамир Булгак (Беларусь, U14), 1 ұпайды Борис Колодзейчик (Франция, U12), 3 ұпайды Нұрмұхаммад Нематиллахонов (Өзбекстан, U10), 2,5 ұпайды Цзинь Юйсинь (Қытай, U8) жинады.

Әлемнің қыздар құрамасы Қазақстанның қыздар құрамасын 18:6 есебімен жеңді. Әлем құрамасына 2 ұпайды Валерия Клеймёнова (FIDE, U18), 3 ұпайды Вероника Абрамкина (Беларусь, U16), 2,5 ұпайды Захра Аллахверди (Әзербайжан, U14), 4 ұпайды Алиса Генриетта Юнкер (FIDE, U12), 2,5 ұпайды Чэнь Чжихань (Қытай, U10), 4 ұпайды Сунь Юньцзинь (Қытай, U8) алып берді. Ал Қазақстан қыздар құрамасына 2 ұпайды Зарина Нұрғалиева (U18), 1 ұпайды Елназ Қалиахмет (U16), 1,5 ұпайды Аланна Берікқызы (U14), 1,5 ұпайды Алиша Бисалиева (U10) жинады.

5 тамыз күнгі жарыста командалар блицтен 8 партиядан ойнады. Қазақстан ұлдар құрамасы әлем құрамасын 27,5:20,5 есебімен жеңді. Турнир иелеріне 6 ұпайды Эдгар Мамедов (U18), 4,5 ұпайды Сауат Нұрғалиев (U16), 4 ұпайды Марк Смирнов (U14), 5 ұпайды Әлімжан Жауынбай (U12), 3,5 ұпайды Ризат Ұлан (U10), 2,5 ұпайды Аслан Ендібаев (U8) иемденіп берді. Тағы 2 ұпайды командаға қосалқы ойыншы ретінде шыққан Данис Қуандықұлы қосты.

Әлем құрамасында 2 ұпайды Эмануэль Кот (Канада, U18), 2,5 ұпайды Пау Марин Феррагут (Испания, U16), 3 ұпайды Дамир Булгак (Беларусь, U14), 3 ұпайды Борис Колодзейчик (Франция, U12), 4,5 ұпайды Нұрмұхаммад Нематиллахонов (Өзбекстан, U10), 5,5 ұпайды Цзинь Юйсинь (Қытай, U8) жинады.

Жарыстың екінші Қазақстанның қыздар құрамасы әлемнің қыздар құрамасынан 27:21 есебімен тағы ұтылды. Әлем құрамасына 5 ұпайды Валерия Клеймёнова (FIDE, U18), 3 ұпайды Вероника Абрамкина (Беларусь, U16), 1,5 ұпайды Захра Аллахверди (Әзербайжан, U14), 7 ұпайды Алиса Генриетта Юнкер (FIDE, U12), 7,5 ұпайды Чэнь Чжихань (Қытай, U10), 3 ұпайды Сунь Юньцзинь (Қытай, U8) әкелді.

Қазақстан қыздар құрамасында 3 ұпайды Зарина Нұрғалиева (U18), 5 ұпайды Елназ Қалиахмет (U16), 6,5 ұпайды Аланна Берікқызы (U14), 1 ұпайды Жансая Шолпанбек (U12), 0,5 ұпайды Алиша Бисалиева (U10), 5 ұпайды Венера Жәкішева (U8) иемденді. 

Осылайша, Қазақстан жастары әлі де болса әлемнің үздіктерінің қатарында екенін дәлелдей алды. Алдағы уақытта жарыс жалғаса бермек, ол жөнінде газетіміздің алдағы нөмірлерінде жазып тұрамыз. 

М.ТӨЛЕУ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 06:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары