Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Shaiqas 2026: армия қуатын арттыратын жарыс

Shaiqas 2026: армия қуатын арттыратын жарыс

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Оған Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Амандық» әскери полигонында өткен Shaiqas-2026 ұлттық инженерлік чемпионатында толық көз жеткіздік. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған чемпионатта дрондар, әскери және азаматтық мақсаттағы роботтарды құрас­тырушылар, киберқауіпсіздік мамандары бақ сынады.

Алғашқы чемпионатқа студенттер, инженерлік мектептер, кәсіпорындар және күш құрылымдары өкілдерінен жасақталған 17 команда қатысты. Жалпы жүлде қоры 20 млн теңгені құрайтын жарысқа қатысу­­шылар «Әуе жүйелері», «Жерүсті жүйелері», «Киберқауіпсіздік» және «Тактика» атты төрт бағыт бойынша бақ сынап, үздіктерді анық­­тады. Чемпионатты Defence Tech Center инновациялық хабы, WSE, Barys Dynamics, Ақмола облысының әкімдігі, USTEM Foundation, Ashyq Aspan Foundation, Cyberlabs қоғамдық қорлары, Astana Hub, Tensor Engineering және Barys Dynamics School ұйымда­ры ұйымдастырып, қол­дау көрсетті.

Жарыс аяқталатын күні полигонға арнайы барған Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов чемпионатты ұйымдастыруға атсалысқан ұйымдар мен құрылымдарға алғыс білдіре келе, бұл жарыстың Қазақстан Қарулы Күштері үшін айрықша мәні бар екенін атап өтті. Министр жарыстағы тапсырмалар­дың ел армияның қызмет бағыттарымен толық сәйкес келетінін айтты. Яғни әуеден барлау жүргізу, жерүсті роботтандырылған кешендерді пайдалану, киберқауіпсіздік, тактикалық және инженерлік даярлық бағыттары заманауи әскер үшін ауадай қажет. Сондықтан чемпионаттың маңызы зор болып отыр. 

«Бүгінде ұрыстың нәтижесін сол алаңды кімнің бірінші көретіні, қарсыластың барлауынан өз әрекетін жасыра алатыны, байланысты сақтап, әскерлердің маневрін қамтамасыз етуі айқындайды. Сондықтан заманауи армия жауынгердің әскери даярлығымен ғана емес, оның ұрыс алаңын­да­ғы басымдығын қамтамасыз ететін тех­нологиялық шешімдерімен де мықты», – деді Қорғаныс министрі үздіктерді марапаттау рәсімінде. Сөйтіп, алғаш рет ұйымдас­тырылған чемпионаттың ел қорғанысы үшін маңызды бағыт екенін меңзеді. 

Shaiqas-2026 чемпионатының қорытын­дысы бойынша бірінші орынды және чемпион атағын «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығының командасы жеңіп алып, 10 млн теңге олжаласа, күміс жүлдені ҚК «Қайсар» командасы (Qaisar VS RK) иеленді. Екінші орын алған командаға 5 млн теңге берілді. Ал қола жүлде Saiman командасына бұйырып, командаға 3 млн теңге табысталды.

«Үздік жерүсті жүйелері» номинация­сында Sunqar Engineering Team командасы, «Үздік әуе жүйелері» номинациясында Visvo командасы, ал «Үздік киберқауіпсіздік» номинациясында «Бүркіт» командасы жеңімпаз атанды. Әр номинацияның жеңімпаздары 600 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды. 

Әрине, жарыс болған соң жеңімпаздың шығатыны бесенеден белгілі жайт. Дегенмен Shaiqas-2026 чемпионатын тек жарыс емес, қорғаныс өнеркәсібі кешенінің дамуына, Қарулы Күштердің заманауи техникамен жабдықталуына өз әсерін тигізетін бастама ретінде бағалаған дұрыс. Өйткені осы жа­рыс­та үздік деп танылған жабдықтарды армия­ның пайдалануына беру жағы қарас­­­­тырылған. Сонымен қатар мамандардың өзара тәжірибе алмасуы да өзекті болса керек. 

Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуына қарағанда чемпионат еліміздегі дрон, робот құрастырушы инженерлердің, киберқауіпсіздік мамандарының басын қосып, өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылыпты. Жарыс жеңімпаздары алдағы қыркүйекте өтетін «Батыл тойтарыс-2024» оқу-жаттығуында өз жабдықтарын әскери мамандарға көрсетпек екен. 

Жалпы, чемипонатқа қатысуға ниет білдірген командалар саны аз болмады. Чемпионат өтетіні белгілі болған кезде 100-ден астам команда өтініш білдірген. Кейін, түрлі кезеңнен соң финалдық жарыстарға 17 команда шықты. Олардың қатарында азаматтық саланың да, әскери құрылымдардың да мамандары болды. Атап айтқанда, жарысқа армия атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының, Құрлық әскерлері әскери институтының және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының коман­­да­лары қатысты. Ал азаматтық саладан Л. Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситеті, Назарбаев университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техни­калық зерттеу университеті, Woodson University, META University, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­­ситеті және ALT University командалары қатысты. Сонымен қатар R&D сияқты бірнеше кәсіпорын да өз командаларын әкеліпті. Бұл дегеніңіз еліміздің қорғаныс қабілетін жетілдіруге тек әскери сала мамандары емес, тұтас қоғам мүдделі екенін байқатып отыр. Сонымен бірге чемпионат жастардың заманауи техниканы жетік меңгергенін, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты тың идеялар ұсынуға қабілетті екенін көрсетті. 

А.СҰЛТАН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 05:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары