Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзатты (видео)

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Әлемдік Dota 2 алпауыттары Астанада

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Шәкірттері шанамен сырғанатқан атыраулық ұстаз: Баланың болашағы бастауыштан басталады

Шәкірттері шанамен сырғанатқан атыраулық ұстаз: Баланың болашағы бастауыштан басталады

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Желіде оқушылардың мұғалімді шанамен сүйреп келе жатқан видеосы тарады. Қысқа ғана кадр көпшіліктің назарын аударып, қоғамда екі түрлі пікір қалыптастырды. Бірі мұны мұғалім мен оқушы арасындағы еркін әрі жылы қарым-қатынастың көрінісі деп бағаласа, енді бірі «ұстазға бұл жараса ма?» деп сын айтты. 

Осы жағдайға байланысты біз видеодағы мұғаліммен сөйлесіп, оның оқушылармен қарым-қатынасты қалай орнататынын, ұстаздық бедел мен балалармен достық байланыс және әділ бағалау арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтап жүргенін білдік.

Видеодағы мұғалім – бастауыш сынып мұғалімі Жақсылықова Бибінұр 2014 жылдан бері ұстаздық жолда еңбек етіп келеді.Осы уақыт ішінде ол ауылдағы, қаладағы мектептерде сабақ берген. Ол бастауыш сыныптағы мұғалімнің рөліне ерекше жауапкершілікпен қарайды. Оның айтуынша, бұл кезеңде баланың болашағы қалыптасады.

«Бастауыш сынып ұстазында баланы ширатып, жақсы нәтижемен шығару үшін 4 жыл уақыты болады.1-сыныпта ашылмаған бала ,кейде 2-3 сыныпта ашылып, керемет нәтиже көрсетіп жатады. Ұстаздың ең бірінші ұстанымы-сапалы білім беру.Біз білім жолындағы оқушылардың шырағын жағушы да, сөндіруші де бізбіз. Тікелей осы бастауыш сынып мұғаліміне байланысты баланың бар ғұмыры қалыптасады деп есептеймін», - дейді ол.

Оның айтуынша, сол жолда ұстаздар талапшыл да, білімді де, әділ де, керек кезде қатал да бола білген дұрыс. Баланың ішкі үнін тыңдай білген ұстаз, баланы кез-келген қиындықтан алып шығады.

«Біз қанша үйреткенмен ,ұқпайтын балалар бар,қанша қосымша жұмыс жасайсың, бірақ нәтижесі жақсы болмайды. Содан  біліммен ештеңе шығара алмай жатқаныңды түсініп, оқушымен сөйлессең, әзілдеп әңгіме құрсаңыз, оқушы өз ойын, арманын айтқанда ұғасың. Тіптен жүрек жарды әңгімеден соң, оқушының оқуға деген ынтасы да ашылып жатқанын көріп қуанасың», - деп атап өтті педагог.

Бибінұр ұстаз үшін оқушыға тек білім беру аздық етеді, ең алдымен өзі үлгі бола білу керек деп санайды.

«Балалар айтқаннан гөрі,көзбен көріп көп нәрсені түсінеді. Бала тәрбиесінде де, айта бергеннен ата-анасының әс-әрекетімен бала қалыптасады ғой. Сол сияқты, біздің жүріс-тұрысымыз, киім-киісіміз,сөйлеген сөзіміз бен адамдармен қарым–қатынасымыздың бәрін оқушы көріп отыр. Ол көзбен көргесін, жарты күн алдында тұрған ұстаздан, бойына көп нәрсені сіңіреді. Бастауыш сынып оқушыларын алдай алмайсыз, олар періште сияқты пәк көңілді балалар. Бәрін сезеді, тіптен сіз жақсы қарым-қатынас жасап,.жүрегіне жол тауып, оқушымен байланыс жақсы болса, тіптен сіздің жанашырлықпен айқайлағаныңызды да түсінеді оқушылар. Сондықтан ұстаз деген - өзі емес, «Мынау менің ұстазым!» деп оқушысы мақтанып көрсететіндей болу керек сияқты», - дейді ол.

Педагог бағалау жүйесіне бөлек тоқталып, оның балалардың нақты қабілеттерін әрдайым дәл көрсете бермейтінін атап өтті.

Баға қою мәселесі де мұғалім тәжірибесінде жиі кездесетін күрделі тақырыптардың бірі.

«Баға қою мәселесі – өте күрделі процесс. Қазір байқасаңыз мектепте баға қою стандарты жеңіл, бұрынғыдай кретерийлер көп емес. Бір жақсысы, оқушылар өз-өздерін бағалай алады. Мектепте жасалатын топтық, жеке, ұжымдық жұмыстар нәтижесінде қалыптастырушы, ал жиынтық бағалаулар нәтижесінде тоқсандық бағалар қойылады. Біз мұғалім оқушының қай бағаға лайықты екенін білгенмен, кейде жиынтық бағалаудағы тапсырмалар тым жеңіл болып кетсе, тіптен орташа деңгейдегі оқушы жақсы нәтиже көрсетіп жатады. Қазіргі бағалау жүйесіне үйрендік. Бірақ оқушылардың аздап болсын шығармашылық қасиетін таныту үшін дене, музыка, бейнелеу, көркем еңбек деген пәндерден баға қойылса екен деп ойлаймын. Себебі бұрын біз оқығанда маңызды пәндерден 3-тік баға болса да, дене, музыка, еңбек, бейнелеу пәндерінен жақсы баға ала алатын еді ғой оқушы. Тоқсан соңында орташа оқитын баланың табелі сылдыр үштік емес, арасында 4 пен 5-тік бағалары болып, ата-аналарына мақтанып көрсете алатын еді. Қазір тек маңызды сабақтардан баға шығарылатын болғандықтан, кейде тоқсандық баға айтқанда, өзімнің де көңіл-күйім болмайды. Себебі менің сыныбымда спорттан жүлделі орын алып, ауыл есімін шығарып жүрген балаларды білемін, ән-биден конкурстарға қатысып отырған оқушылар мен небір үлкендер бейнелей алмайтын суретті салып отырған оқушылар бар. Бірақ ол сабақтардан баға шығарылмайды. Ауызша жетістіктерін айтып кетуге тура келеді», - дейді ұстаз.

Тәрбие мәселесінде мұғалім жауапкершілікті тек мектепке артып қою дұрыс емес деп есептейді.

«Мектеп тек білім беруге міндетті десек,көшеде баланың жасаған әрбір әрекетінің артында ұстаз тұр. Ол мектепті аяқтап біткенше оқушының қандай да бір бейәдеп сөз сөйлесе, бала болып біреуге қарсы шығып сөйлесе, төбелессе – бәріне де ұстазды жауапты етіп қойған. Ұстаз білім мен тәрбиені ұштастыру керек шығар, бірақ сіз үйінде күнде бір-бірін балағаттап сөйлейтін, дөрекі сөйлесетін, батаның не екенін көрмеген, анасының әкесіне жекіп сөйлеп, атасы мен әжесінің телефон қарап, балаға назар аудармайтын отбасыларға, мектепте білімнен аздап бөлінетін уақытта тәрбие туралы айтқанымен, бойына сіңіре алмайсыз ғой. Барша отбасыға топырақ шашпаймын. Жақсы керемет, үлгілі отбасылар да көп. Бірақ үйдің тәрбиесі баладан бірден көрініп тұрпды. Сондықтан тәрбие отбасынан берілуі керек, мектеп тек тәрбиені ұштастырады деп айтып келеді. Біз ұстаздар  әртүрлі тәрбиелік шаралармен тәрбиені қалыптастыра аламыз», - дейді педагог.

Ол ата-анамен байланыс та оның жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

«Ата-ана, мектеп, бала – осы үштік одақ біріксе, керемет нәтиже берері сөзсіз. Үнемі ата-аналармен байланысып, сабақтарын қадағалатып отырамын. Көп жағдайда ата-анаға міндеттеймін. Ал оқушыларға жасаған әрбір жақсы немесе жаман әрекеттерінің артында ата-ана тұрғанын айтамын. Ата-анамен байланыс өте жақсы. Менің сыныбымды айтатын болсам ер бала өте көп. Бәрі де пысық, алғыр, шу болудың басты себепкерлері –ұлдар. Түрлі ситуациямен алдыма келеді ғой. Мен үнемі айтамын «төбелес босқа болмайды, оған себеп бар - егер сен ештеңе демей, сенікінің бәрі дұрыс болып төбелес болса, мен барамын, сөйлесемін. Ал жағдай басқаша болып, сен сөйлеп,мазақтап содан төбелес шықса, ренжіме, сені қорғай алмаймын» деймін. Өзінікі дұрыс болса, «жүріңізші апай» дейді, дұрыс болмаса «өзімнен екен ғой, апай», деп қоя салады. Кез-келген мәселені бабымен шешкен ұнайды. Оқушыларға да соны ескертемін», — дейді ол.

Бибінұр Жақсылыққызы қазіргі қоғамдағы мұғалім беделіне қатысты пікірін де ашық білдірді.

«Әлеуметтік желіге қарап отырып, қаншалықты дәрежелерін түсіріп жатқандарын көріп, жүрегім ауырады. Ата-аналар бала білім үйрету жолын ізденбесе де, балаға өзіңнің заңыңды қорғау деген жағын қатты қарап кеткен. Мүмкін мұғалімдер де бар шығар, сол жағдайға жеткізетін. Барлық ұстаз үшін жауап бере алмаймын ғой. Бірақ өзім бұрынғы ата-апаларымыздың заманынын көргендіктен бе, ұстаз ретінде абыройымды сақтауға тырысамын… Ұстаз-тұстас бір ұлтты тәрбиелейтіндіктен, жаман ұстаз болмас. Ұстаздарымызды ұлықтап жүрейік!», - деп атап өтті ол.

Ал қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талапты ол былай сипаттайды:

«Қазіргі заман мұғалімі – жан-жақты болуы керек. Жаңа технологияларды меңгерген, педагогикалық-психологиялық білімі жоғары, әртүрлі жағдайларға дайын, білім алуын, дамуын тоқтатпаған ұстаз - қазіргі заман мұғалімі бола алады… Сол үшін де әлі де ауылда жұмыс жасап, балаларымның шырағын жағып, жақсы жетістіктерге жеткізгім келеді. Бәріміздің түп –тамырымыз ауылдан шыққан. Сол үшін ауылымызды көркейтетін мықты, білімді азамат пен азаматшалар өсіріп шығарғым келеді.», - дейді ұстаз.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 14:28

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қаңтар 2026 16:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see160

Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзатты (видео)

27 Шілде 2026 21:29see147

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

28 Шілде 2026 10:35see146

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see139

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28 Шілде 2026 14:00see139

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

28 Шілде 2026 13:13see138

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

28 Шілде 2026 13:39see132

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see128

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see124

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see121

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see119

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see115

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see111

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see111

Әлемдік Dota 2 алпауыттары Астанада

27 Шілде 2026 21:48see110

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see108

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

28 Шілде 2026 13:59see108

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see107

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see107

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары