Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Шаңырақ күні: Отбасы адам өміріндегі ең қастерлі мекен

Шаңырақ күні: Отбасы адам өміріндегі ең қастерлі мекен

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақ ұғымында «шаңырақ» сөзінің символдық мәні бар. Ата-бабалар айналадағы әр заттан пәлсапалық ой іздеп, өмір салтымен байланыстыруға күш салды. Шаңырақты да киелі деңгейге көтеруі тегін емес. Себебі қасиетті сөз көшпенділердің тұрмыс-тіршілігі, таным-түсінігінен туған: киіз үйдің шаңырағы іргені нығайтып, үй ішіне сәуле түсіреді. Оған қоса тәуелсіз әрі дербестіктің үлгісі ретінде қабылданып, жеке шыққан некелі жастарды «шаңырақ көтерді» деп дәріптеді. Бұл есеппен алсақ, шаңырақ көк аспан күмбезі, меншік белгісі, қауіпсіздік кепілі әрі ұрпақтар сабақтастығы ретінде қабылданғанын көреміз. Демек, «Шаңырақ күні» — жекелеген отбасының ғана емес, тұтас ұлтты біріктіру белгісі.

Қазір де отбасының белгісі саналатын шаңырақ сөзінің мағынасы аласарған жоқ. Тіпті, күні кеше жобасын дауыс беруге құқы бар азаматтардың 87,15 пайызы қолдаған жаңа Конституциямызда неке мен отбасыға арнайы бап енгізілген. Нақтырақ айтқанда, 30-баптың 1 және 2-тармағында «Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады» және «Неке — ер мен әйелдің мемлекеттік заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деп тайға таңба басқандай жазылған.

Коллаж: Kazinform

Ата заңымызда неке мен отбасыға баса мән берілуі қоғам тарапынан да қызу қолдауға ие болды. Мәселен, Жетісу облысы Кербұлақ аудандық аналар кеңесінің төрағасы Ғалия Ақбасова отбасындағы басты құндылық — ұрпақ тәрбиесі, оның мінез-құлқын қалыптастыру, қоғаммен қарым-қатынасы мен көзқарасын орнықтыру екенін айтады.

— Отбасындағы басты құндылық — бұл ұрпақ тәрбиесі, мінез-құлқы, қоғаммен қарым-қатынасы мен көзқарасын қалыптастыру. Ата заңымыздың жаңа редакциясында неке және отбасы институтына қатысты негізгі қағидаттар көрініс тапқан. Отбасы адам баласының тіршілігіндегі ең қасиетті ұя, ең қастерлі мекен. Ер мен әйелдің мемлекет заңына сәйкес тіркелген ерікті әрі тең құқықты одағы осы ұяның берік іргетасы. Мұндай неке тек екі жыныстың емес, тұтас қоғамның тұрғақтылығына негіз болады. Сондықтан заңмен бекітілген неке тек ресми рәсім емес, ол сенім мен сыйластыққа құрылған қасиетті серт дер едім, — деді Ғалия Ақбасова.

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева Конституцияда отбасы институтына арналған жеке баптың енгізілуін маңызды шешім деп бағалайды. Оның пікірінше, бұл норма қоғамдағы жауапкершілік пен дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

— Жаңартылған Конституцияда отбасы институтын қолдауға ерекше мән берілген. Негізгі заңда отбасы қоғамның маңызды тірегі ретінде қарастырылып, оны қорғау мен нығайтуға бағытталған қағидаттар бекітілген. Бұл дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, өскелең ұрпақты сол құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бұған дейін Мәжілісте ЛГБТ пропагандасына қатысты мәселе қаралып, оған тыйым салу туралы шешім қабылданған болатын. Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдады, — деді ол.

Фото: Kazinform

Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Айжан Қиясова жаңа Конституциядағы неке, ана болу және балалық шаққа қатысты бап ерекше маңызға ие екеніне назар аудартады.

— Соңғы жылдары Қазақстан балалар мен әйелдердің құқықтық қорғалуын күшейтіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласында маңызды қадамдар жасады. Енді бұл бағыттар Конституциялық деңгейде бекітіліп отыр. Бұл өте маңызды. Өйткені отбасыға, балаға және анаға деген нақты көзқарас әрқашан мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығының деңгейін көрсетеді. Отбасы қорғалған жерде қоғамдағы сенім де берік болады, қауіпсіздік сезімі жоғарылайды және ішкі саяси тұрақтылық нығаяды, — деді кеңес төрағасы.

Айта кетейік, кеше Орталық референдум орталық комиссиясы республикалық референдумдағы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Оған сәйкес, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны — 9 млн 127 мың 197 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 73,12 пайызын құрады. Осылайша жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап, дауыс берген азаматтар саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқан 7 млн 954 мың 667 адам немесе 87,15 пайыз болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 10:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see167

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see156

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see154

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see152

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see150

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see146

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see145

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see140

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see136

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see136

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see133

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see131

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see127

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see126

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see126

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see125

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see121

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары