Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Шарбақты ауданында жаңа Конституцияның практикалық маңызы талқыланды

Шарбақты ауданында жаңа Конституцияның практикалық маңызы талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Павлодар облысының Шарбақты ауданына «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері сапармен барды. Тұрғындармен диалог аумақтың экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығы қалыптасатын негізгі алаңдарда – өндірістік кәсіпорындарда, ауыл шаруашылығы ұйымдарында және аудандық мәдениет үйінде өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Конституциялық реформаның отандық өндірісті дамытудағы, әлеуметтік саясатты нығайтудағы және халықтың өмір сапасын арттырудағы практикалық маңызы кездесулердің басты тақырыбы болды. Алғашқы кездесу Орловка ауылындағы «Победа» ЖШС ұжымымен өтті. Қатысушылар жаңа Ата Заңның бизнес дамуына тұрақты жағдай қалыптастырудағы және аграрлық салада ұзақмерзімді жоспарлауды қамтамасыз етудегі рөлі туралы пікір алмасты.

Кездесуге қатысушылар Конституцияда отандық кәсіпкерлікті қолдау және инвестицияларды қорғау кепілдіктерінің бекітілуі ауыл экономикасының тұрақты дамуына негіз қалыптастырып, кәсіпорындардың өз қызметін ұзақ мерзімге сенімді жоспарлауына мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Ірі өндірісті қысқа мерзімді шешімдермен дамыту мүмкін емес – оған ұзақмерзімді стратегия мен болашаққа сенім қажет. Ата Заң жұмыстың түсінікті әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз етуге тиіс: инвестицияларды қорғау, отандық бизнесті қолдау және мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін айқындау. Осындай жағдайда ғана аудан экономикасы тұрақты әрі жүйелі өсімге қол жеткізе алады», – деді Сенат депутаты, коалиция мүшесі Алтынбек Нухұлы.

Диалог аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Мұнда шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысуы, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және қоғамдық бақылауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар тұрғындардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы өңірдің даму қарқыны мен сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Шарбақты ауылында коалиция мүшелері дәнді дақылдар мен күнбағыс өсіруге маманданған «НИКРОМ» ЖШС ұжымымен кездесті. Әңгіме барысында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін нарыққа шығару мүмкіндіктері, аграрлық секторды мемлекеттік қолдау шаралары және агробизнесті жүргізудің ашық әрі түсінікті ережелерін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Кездесулер өңірдегі бірегей табиғи кешен – «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватында қорытындыланды. Мұнда конституциялық реформаның экологиялық бағыты және табиғи мұраны сақтау арқылы аумақтардың орнықты дамуын қамтамасыз етудің маңызы сөз болды.

Қатысушылар экологиялық қағидаттардың Ата Заң деңгейінде бекітілуі өңірлерді дамытудың заманауи тәсілін қалыптастыратынын атап өтті. Бұл тәсіл экономикалық өсімді қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараумен ұштастыруды көздейді.

«Экономикалық өсім мен экологиялық қауіпсіздік бір-біріне қайшы келмеуі керек. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау арасындағы тепе-теңдік – өңірді дамытудың заманауи моделі», – деді коалиция мүшесі Евгений Миронов.

Кездесулер қорытындысы бойынша қатысушылар конституциялық реформа экономика, экология және азаматтардың белсенді қатысуы негізгі рөл атқаратын теңгерімді даму моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 11:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары