Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Sarap клубында жаңа Конституцияның басымдықтары талқыланды

Sarap клубында жаңа Конституцияның басымдықтары талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жаңа Конституцияның заңды күшіне енген күні Қазақстандық қоғамдық даму институтында «Жаңа конституциялық кезең: әлеуметтік-құқықтық дамудың жаңа бағдарлары» тақырыбында Sarap сарапшылық клубының отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараға академиялық қауымдастық өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары және азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері қатысты.

Сарапшылар Ата Заңның ережелерін іске асыру, конституциялық институттарды дамыту, құқық үстемдігін нығайту, сондай-ақ өзекті қоғамдық-саяси өзгерістерді ғылыми-сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеудегі сарапшылар қауымдастығының рөлін талқылады. Сонымен қатар, аталған бағыттар бойынша жұмысты одан әрі күшейтуге арналған нақты ұсыныс-ұсынымдар айтылды.

"Жаңа Конституция мемлекеттік тілде өте сапалы жазылып, ұлттық ерекшеліктер ескеріле отырып әзірленген. Конституцияның преамбуласы мемлекеттілік тарихының мыңжылдықтарды қамтитынын, біздің ұлы бабалар жолын жалғаған ұрпақ екенімізді және тарихтан сабақ ала отырып, жарқын болашаққа ұмтылған жасампаз, бәсекеге қабілетті ұлт екенімізді айшықтады. Жаңа Конституцияда тұңғыш рет басты заңымыз – Ата Заң деп ресми түрде бекітілді. Жаңа Конституцияның іргетасы – «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты болып саналады. Бұл орайда, Конституцияда баянды етілген мақсаттар мен кепілдіктердің толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және оларды қоғамдық өмірдің күнделікті ажырамас бөлігіне айналдыру үшін жан-жақты ойластырылған насихаттау тетіктері мен нақты іс-қимыл алгоритмі қажет деп санаймыз.

Бұл ретте «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты жаңа Конституцияның іргелі идеясы екенін ескере отырып, оларды іске асыруға арналған мемлекеттік тұжырымдаманы (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеп, бекіту қажет деп пайымдаймыз. Аталған Тұжырымдама 2021 жылы бекітілген «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын» алмастыратын құжат болуы тиіс. Себебі бұл құжат елімізде соңғы жылдары жүзеге асырылған реформаларды толық ескермейді әрі жаңа Конституция орнықтырған құқықтық негіздер мен саяси ұстанымдарды жан-жақты қамтымайды",- дейді Kazakh Invest ұлттық компаниясының Басқарушы директоры, заң ғылымдарының магистрі, Мемлекет басқару магистрі, нормашығармашылық саласындағы сарапшы Нұрғазы Ануарбеков.

Спикерлер Конституцияның мемлекеттік басқарудың, стратегиялық жоспарлаудың және қоғамдық құндылықтар жүйесінің жаңа архитектурасын қалыптастыратынын атап өтті. Онда әлемнің жетекші мемлекеттерінде қолданылатын озық қағидаттар көрініс тапқан. Жаңа Конституция мемлекеттілік пен егемендікті нығайтып, «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызын арттырады. Сонымен қатар құқықтық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екені ерекше айтылды.

Жиын барысында жаңа Конституцияда Қазақстан тарихында алғаш рет адам капиталын, білім беруді, ғылымды және инновацияны мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде айқындалғаны атап өтілді. Осылайша, Қазақстан ғылымды конституциялық құндылық ретінде бекіткен прогрессивті мемлекеттердің қатарына қосылып отыр. Сондай-ақ пікір алмасу барысында мектептер мен жоғары оқу орындарында балалар мен жастарға сапалы құқықтық білім беру мәселелері де қозғалды.

«Заң мен тәртіп» дегенде көп адам оны полицияның, прокуратураның немесе соттың ғана жұмысы деп ойлайды. Алайда бұл - әрбір азаматқа қатысты ұғым. Өйткені заң мен тәртіп - қауіпсіздік, әділдік және ертеңгі күнге деген сенімнің негізі.

Жаңа конституциялық шындық жағдайында заңның үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау бұрынғыдан да маңызды мәнге ие болды. Конституция - мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Сондықтан әлеуметтік-құқықтық дамудың басты бағыты - заңның бәріне бірдей әрі әділ қолданылуын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайту.

Бүгінде бұл бағыттағы саясат нақты нәтижесін беріп келеді. Соңғы жылдары елімізде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 82 мыңнан 76 мыңға дейін азайды. Бұзақылық 70 пайызға, ал тонау мен қарақшылық 80 пайызға қысқарды.

Бұл - жай ғана статистика емес. Бұл - балалардың аулада алаңсыз ойнауы, ата-аналардың өз перзентінің қауіпсіздігіне сенімді болуы, адамдардың кешкі уақытта көшеде өзін еркін әрі қауіпсіз сезінуі. Яғни заң үстемдігінің әр азаматтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететінінің нақты көрінісі.

«Заң мен тәртіп» қағидаты азаматтардың құқықтарын қорғауға да зор ықпал етуде. Прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде 2,5 мыңнан астам адам негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қорғалды, 12 мыңнан астам заңсыз шешімнің күші жойылды.

Жалпы соңғы жылдары 2 миллионнан астам азаматтың мәселесі оң шешімін тапты. Мыңдаған адам өзіне тиесілі жалақысын өндіріп алды, алимент төлемдеріне қол жеткізді, тұрғын үйге және заңмен кепілдендірілген өзге де құқықтарын қорғауға мүмкіндік алды. Бұл – Конституцияда бекітілген азаматтардың құқықтары іс жүзінде қамтамасыз етіліп жатқанын көрсетеді,-дейді құқық саласындағы сарапшы, "Қайтарылған активерді басқару компаниисының" бас директоры Қуанышбек Мұқаш.

Отырысты қорытындылай келе, қатысушылар заңды күшіне енген жаңа Конституция елдің болашағына жаңаша әрі сенімді көзқарас қалыптастыратынын атап өтті. Әділеттілік, оптимизм және білім мен технологияға бағдар еліміздің сын-қатерлерді еңсеріп, тұрақты түрде алға жылжуына негіз болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Шілде 2026 18:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары