Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

Бельгия Жаңа Зеландияны тас талқан етіп, топ жеңімпазы атанды

Миссиясы жауапты мамандық

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

Ресей наразылық білдірді: Молдова әуежайында дипломатиялық курьерлер ұсталды

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС 1 жұмысын тәулік бойы бақылауда

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

Бірлескен іс қимыл берекеге жеткізеді

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады

Ақтөбеде бір топ адам туристік қызмет көрсетуді желеу еткен алаяқтың тұзағына ілінген

Алматыда жаңа Конституцияның мәні мен референдум алдындағы міндеттер талқыланды

Алматыда жаңа Конституцияның мәні мен референдум алдындағы міндеттер талқыланды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында мәслихат депутаттарымен, жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен және белсенді жастармен кездесті. Іс-шаралар барысында жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен алдағы республикалық референдум аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев кездесуге қатысушыларға ілтипат білдіріп, конституциялық реформа Мемлекет басшысы бастамашы болған ауқымды жаңғыртулардың дәйекті жалғасы екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл саяси бағдар әділеттілік, заң үстемдігі және биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі сияқты маңызды қағидаттарға табан тірейтінін айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен барлық салада кешенді жаңғыртулар жүзеге асырылуда. Конституциялық реформа – сол іргелі өзгерістердің заңды әрі дәйекті жалғасы. Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа Конституция жобасы республикалық референдумға шығарылды. Осылайша, 15 наурызда азаматтар өз таңдауын жасайды. Бұл – елдің саяси жүйесін демократияландыру жолындағы маңызды қадам. Жаңа Ата Заңда мемлекеттілікті нығайтуға, Тәуелсіздікті күшейтуге және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға баса мән берілген. Сондықтан конституциялық реформа заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және орнықты даму бағдарына табан тірейді», деді Мәулен Әшімбаев.

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға қанша қаражат жұмсалады?

Сонымен қатар Сенат Төрағасы жаңа Конституция жобасы «Әділетті Қазақстан» идеясын жүзеге асырудың құқықтық негізін қалайтынына назар аударды. Құжатта елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға және халықтың бірлігін нығайтуға берік кепіл болатын басымдықтар қамтылған. Бұл жаңа Ата Заңның адамға бағдарлануын, мазмұнының айқындығын және қоғамды ұйыстырушы рөлін айқын көрсетеді.

«Жаңа Конституция жобасы – өткеннің инерциясынан саналы түрде арылып, заманауи мемлекеттік модельге көшу. Ата Заңдағы тұжырымдамалық өзгерістердің бірі адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту екені анық. Жаңа Конституцияда дәл осы қағида мемлекеттік құрылым жүйесінің іргетасына айналады. Бұл – «Әділетті Қазақстан» идеясын декларация деңгейінде емес, нақты конституциялық нормалар арқылы жүзеге асыру деген сөз», деді Палата Спикері.

Конституция – кемел келешек кепілі

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция жобасын тарихи құжат деп атап, бұл шешім қоғамдық келісімнің жаңа үлгісіне көшу және ішкі сұраныстар мен сыртқы сын-қатерлерге берілген уақытылы жауап екенін де тілге тиек етті. Ол конституциялық реформаны сараптамалық тұрғыдан ілгерілетудің маңызына тоқталып, осы идеяларды нақты тетіктерге, алдағы уақытта қабылданатын заңдарға және құқық қолдану тәжірибесіне тиімді енгізу қажет екенін айтты.

«Жаңа Конституция алдағы жылдарда Қазақстанның тұрақты, қауіпсіз әрі серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік және саяси құрылымды қалыптастыруға негіз болады. Бұл қадам қазіргі және келешектегі сын-қатерлерді еңсере алатын тиімді жүйе құруға жол ашады. Қазір егемендікті күшейтуге, Тәуелсіздікті нығайтуға, еліміздің қуатты дамуына жағдай жасауға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға баса мән беруіміз керек. Сонда ғана Қазақстан әлемдік экономика мен саясатта лайықты орнын иелене алады», деді Сенат Төрағасы.

Талқылау барысында сарапшылар мен талдау орталықтарының өкілдері алдағы референдум аясындағы бірлескен жұмысқа қатысты ұсыныс-ойларын айтып, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді

Сапар аясында Сенат Төрағасы Абай атындағы республикалық мектептің материалдық-техникалық базасымен, оның ішінде БҰҰ кабинетінің және білім ордасындағы музейдің қызметімен танысты. Сондай-ақ қалалық кітапхана ұжымымен және мегаполистің белсенді жастарымен кездесті. Одан бөлек, сенаторлар Yandex Qazaqstan-ның кеңсесіне барып, еліміздегі цифрландыру үдерістерін одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар

Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Медицина • Бүгін, 15:38

Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады

Қоғам • Бүгін, 15:28

24 айдың жұмысы 11 айда бітті: Алматы метросының жаңа Қалқаман бекеті қашан іске қосылады?

Алматы • Бүгін, 15:25

Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды

Ата заң • Бүгін, 15:18

Әрбір оныншы сынамадан ауытқу анықталды: Алматыда ауа сапасы нашарлап бара ма?

Экология • Бүгін, 15:03

Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді

Әлем • Бүгін, 15:00

Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты

Туризм • Бүгін, 14:54

Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Ата заң • Бүгін, 14:44

«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды

Президент • Бүгін, 14:33

«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 14:28

Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді

Өнер • Бүгін, 14:12

Бейбіткүл Сәрсемханқызы: Республикалық референдум – Қазақстанның жаңа белесі

Қоғам • Бүгін, 14:10

Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді

Ата заң • Бүгін, 13:57

Алматыда 620 млн теңгеден астам шығын келтірген заңсыз инвестициялық жоба әшкереленді

Қоғам • Бүгін, 13:38

Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты

Футбол • Бүгін, 13:20

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 16:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

27 Маусым 2026 15:54see118

Бельгия Жаңа Зеландияны тас талқан етіп, топ жеңімпазы атанды

27 Маусым 2026 10:45see112

Миссиясы жауапты мамандық

27 Маусым 2026 09:05see109

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

28 Маусым 2026 13:14see109

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

28 Маусым 2026 11:04see108

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

28 Маусым 2026 18:15see106

Ресей наразылық білдірді: Молдова әуежайында дипломатиялық курьерлер ұсталды

27 Маусым 2026 13:14see102

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

28 Маусым 2026 13:08see102

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

28 Маусым 2026 11:41see101

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

28 Маусым 2026 11:47see100

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

27 Маусым 2026 19:32see99

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

28 Маусым 2026 06:32see99

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

27 Маусым 2026 19:18see98

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

28 Маусым 2026 17:33see98

Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС 1 жұмысын тәулік бойы бақылауда

27 Маусым 2026 10:22see98

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

27 Маусым 2026 17:11see98

Бірлескен іс қимыл берекеге жеткізеді

27 Маусым 2026 09:08see97

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті

27 Маусым 2026 17:22see95

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады

27 Маусым 2026 11:38see91

Ақтөбеде бір топ адам туристік қызмет көрсетуді желеу еткен алаяқтың тұзағына ілінген

27 Маусым 2026 14:05see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары