Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Шаруаларды шатқаяқтатқан шара

Шаруаларды шатқаяқтатқан шара

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алайда биыл облыста егіс алқаптарының көлемі қысқарып, сала мамандарының ойын сан саққа жүгіртуде. Сонда егіс көлемінің қысқаруына не себеп? Бұл жағдай өңір экономикасына қаншалықты әсер етпек?

Санаға салмақ салған сауалдарға жауап табу үшін ең алдымен сандарға көз жүгіртсек. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек, биыл егіс алқап­тарының көлемі 2025 жылмен салыстырғанда 16,7 мың гектарға қысқарыпты. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы дақылдарын 623,3 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Былтыр 640 мың гектар алқаптан 3,2 млн тонна өнім жиналған болса, биылғы меже жиын-терін науқанында белгілі болмақ. Алайда алдыңғы жылға қарағанда аз өнім жинайтынымыз айдан анық болып тұр. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаевтың айтуынша, егіс алқаптарының қысқаруына каналдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары сеп болып тұр екен. 

– 2026-2028 жылдар аралығында Ислам даму банкінің қаржыландыруымен 76 каналға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Суармалы жер көлемінің уақытша азаюына байланысты суды көп қажет ететін көкөніс дақылдарының көлемі 7,5 мың гектарға қысқартылып, жалпы алаңы 23,6 мың гектарды құрап отыр. Сондай-ақ бақша дақылдарының көлемі 8 мың гектарға азайтылып, 4,7 мың гектарға орналастыру көзделуде. Дегенмен биыл өңірде орналасқан қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуге айрықша басымдық беріледі. Мәселен, дәндік жүгері алқабы 11,8 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы көлемі 30 мың гектарға жеткізіледі. Сондай-ақ қант қызылшасының егіс көлемі 1,9 мың гектарға артып, 8,5 мың гектарды құрайды, – дейді басқарма басшысы. 

Негізі, 76 каналды жөндеу жұмыстары 51,4 мың гектар алқаптың сумен қамтылу деңгейін арттыруға мүмкіндік ашпақ. Сондықтан бұл жоба шаруаларға ауадай қажет болуда.  

Ал жүгері алқабының өсуіне келер болсақ, биылғы жылдың бірінші тоқсанында  жүгеріні терең өңдейтін  Fufeng Group ком­паниясының ірі өндірістік кешені іске қосылады. Жоба құны  800 млрд теңге болса, толық қуаттылыққа шыққан кезде жылына 3 млн тонна жүгері өңдеуге қауқарлы болмақ.

Каналдарды жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 2029 жылы жүгері егіс алқаптарын 80 мың гектарға дейін ұлғайтып, зауытқа өткізілетін өнім көлемін 560 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. Осы мақсатта бірнеше ірі жоба жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Харвест Агро Холдинг» ЖШС-на 41 мың гектар жер беру жұмыстары жүргіз­ілуде. Үш жыл ішінде инфрақұрылым тар­тыл­ып, су үнемдеу технологиялары енгізілетін болады. 20 мың гектар алқапқа жүгері егіліп, өнім толықтай зауытқа өткізілмек. 

Жалпы, ірі өндіріс орнын Шу мен Мойынқұм аудандары шикізатпен қамти алмайтын болып отыр. Сондықтан жүрегі егуге қосымша жерлер белгіленуде. Соның бірі – қытайлар Назарбек ауылына жүрегі екпек. Қазір оларға қолайлы жер қарас­тырылуда. Егер осы жоба жүзеге асатын болса, кеңестік кезеңде алма бағымен танылған мекен енді жүгері өндірісімен өңір экономикасының өрістеуіне өлшеусіз үлес қоспақ. Ал қытайлық компаниялар бір кездері тіршіліктің тайқазаны қайнап тұрған ауылдағы қараусыз қалған екі қабатты үйлерді қайта жаңғыртып, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды көздеуде. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындардың тұрмысын тағы жақсарта түсетіні анық. 

Жамбыл облысында қызылша өндірісі де мықтап қолға алынғаны белгілі. Соңғы бесжылдықтың бедерінде  өнім еселеп артып, өңдеуіш зауыттың қажеттілігін туындатуда. Биыл қант қызылшасының егіс көлемі 8,5 мың гектарға жеткізіліп, 450 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Жиналған өнім өңдеу саласын дамыту бағытындағы екі негізгі кәсіпорында өңделеді.

Біріншісі – Тараз қант зауыты. Кәсіпорын 2001 жылдан бері қант қызылшасын өңдеуді тоқтатып, тек қант құрағынан өнім шығарып келген. Алайда 2025 жылдан бастап зауыт модернизациядан өтіп, қант қызылшасын өңдеуге қайта бейімделуде. Биылғы маусымда іске қосылып, 200 мың тонна қант қызылшасын өңдейді деп күтілуде.

Екінші өндірістік база – Меркі қант зауыты. Қазір зауыт тұрақты режимде жұмыс істеп тұр. Жылдық өңдеу қуаттылығы – 250 мың тонна.

Сондай-ақ 2027 жылы қытайлық Zhongkai Kazakhstan компаниясының жаңа қант зауытын іске қосу жоспарланған. Кәсіпорын жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеуге мүмкіндік береді. Міне, осылайша облыста қант қызылшасы шаруашылығын шалқытуға барлық жағдай жасалуда. Бұйыртса, 1-2 жылда тәтті түбір өндірісі өңірде жаңа белеске шығатыны анық. 

Бұдан бөлек,  «Кең дала-2» бағдарламасы аясында көктемгі және күзгі дала жұмыс­тарына 7 млрд теңге қарастырылған. Қазір 101 шаруаға 2,8 млрд теңге көлемінде 5 пайыздық жеңілдетілген несие беріліп отыр.

Бұл жұмыстар асыраушы саланы алшаң бастыратыны анық. Сондықтан бірер онжылдықтың бедерінде Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы саласындағы алпауытқа айналады деп бағамдай берсек болатындай. Ал бұдан еліміз бен өңірдің экономикасы өрістеп, әлеуметтің әлеуеті артпаса, кері кетпейтіні айқын.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 05:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары