Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Шарындағы 1,5 миллиард теңгелік шыны көпір жаңа мәліметтер

Шарындағы 1,5 миллиард теңгелік шыны көпір жаңа мәліметтер

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алматы облысында туристер арасында танымал табиғи орындардың бірінде аспалы шыны көпірдің құрылысы жалғасып жатыр. Нысан "Қара шатқал" туристік аймағында бой көтеріп, құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Шыны көпір кімнің есебінен салынып жатыр, ол қандай болады және құрылыс қашан аяқталады - Tengri Travel материалынан оқыңыз.

Көпір қандай болады?

Кеген ауданы әкімдігі біздің ресми сауалымызға берген жауабында нысан қандай болатынын айтып берді.

Аспалы шыны көпір Кеген ауданындағы "Қара шатқал" туристік аймағында салынады. Оның ұзындығы 210 метр, ал жаяу жүргіншілер бөлігінің ені 2 метр болады. Қорғаныс қоршауларымен бірге көпірдің жалпы ені шамамен 3 метрге жетеді.

Нысан тәулігіне 4 мыңға жуық келушіні қабылдай алады. Бұл ретте көпірдің үстінде бір уақытта 700-ден аспайтын адам болуы керек.

Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілер жолы қалыңдығы 40 миллиметрлік көпқабатты шыңдалған шыныдан жасалады. Екі жағынан биіктігі 1,5 метр болатын қорғаныс қоршаулары орнатылады.

Қауіпсіздік үшін көпір негізгі конструкциялардың жай-күйін бақылайтын датчиктермен, сондай-ақ желден тербелуді азайтатын жүйемен жабдықталады. Кіреберісте көпірдегі адам санын автоматты түрде есептейтін турникет қойылады.

Қатты жел, көктайғақ немесе басқа да қауіпті ауа райы кезінде көпірдегі қозғалыс уақытша шектелуі немесе толық жабылуы мүмкін.

Көпір қашан ашылады?

Жобаны 2026 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланған. Алайда қазір жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасы әлі біткен жоқ. Әкімдіктегілер жобалық есептеу Қазақстанның құрылыс нормаларына сәйкестендіріліп жатқанын хабарлады.

Көпір туристер үшін құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қажет тексерістер мен сынақтар жүргізіліп, нысан қабылданып, рұқсат құжаттары рәсімделгеннен кейін ғана ашылады.

Жоба құны қанша және оны кім салып жатыр?

Жергілікті әкімдік мәліметінше, шыны көпір құрылысының құны 1,5 миллиард теңге деп бағаланған. Жобаны "ASK CAPITAL" ЖШС өз қаражаты мен банктік қарыз есебінен қаржыландырып жатыр. Құрылысқа мемлекеттік бюджеттен ақша бөлінбейді.

Жобаға тапсырыс беруші де - "ASK CAPITAL" ЖШС. Құрылысқа шыны көпірлер мен бақылау алаңдарын салу тәжірибесі бар мамандандырылған компанияны тарту жоспарланған. Оның ішінде Қытай компаниясы да қарастырылып жатыр.

Мердігердің атауы әзірге жарияланған жоқ, себебі әкімдік бұл ақпаратты коммерциялық құпия деп санайды.

Кіру құны қанша болады?

Шыны көпірге билет құны әлі анықталған жоқ. Оны құрылыс аяқталғаннан кейін инвестор немесе нысанды басқаратын компания белгілейді. Сол кезде билеттерді сату тәртібі мен ықтимал жеңілдіктер де анықталады.

Көпірге кім қызмет көрсетеді?

Көпір ашылғаннан кейін оған инвестордың өзі немесе ол жалдаған арнайы ұйым қызмет көрсетеді. Олар нысанның техникалық жағдайы мен келушілердің қауіпсіздігіне жауапты болады.

Құрылыс барысы қалай?

Көпір құрылысы жеке инвестиция есебінен қаржыландырылады.

Бүгінде орында тұрақ, павильон және көпірге алаң дайындалды. Ауданы 600 шаршы метр болатын павильонда визит-орталық, қоғамдық дәретхана, мейрамхана мен дүкендер орналастырылмақ.

Сондай-ақ нысанға қуаттылығы 400 киловатт электр энергиясына қосылуға рұқсат алынып, эскиздік жоба мақұлданды және сәулет-жоспарлау тапсырмасы алынды.

Қазір қадаларға арналған 16 арматуралық қаңқаның 13-і дайындалды. Сонымен қатар бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тереңдігі 25 метр, диаметрі 1,5 метр болатын 16 қадалық тірек орнатылады.

Бұрғылау аяқталғаннан кейін тіректерді бетондау және көпір конструкцияларын орнату басталады.

Экология мәселесі

Әкімдік жұмыс жүріп жатқан учаске Шарын ұлттық паркі аумағынан тыс жерде орналасқанын және ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие емес екенін атап өтті.

Бұл ретте әкімдік өкілдері құрылыс кезінде табиғатты қорғау талаптары сақталып, жұмыстардың қоршаған ортаға әсері барынша азайтылуы тиіс екенін айтты.

Жоба бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау да жүргізілді. Экологиялық құжаттарда құрылыстың ықтимал салдары мен оларды азайтуға көмектесетін шаралар көрсетілген.

Еске салсақ, бірегей шыны көпірдің құрылысы туралы алғаш рет 2024 жылдың қарашасында айтыла бастаған болатын.

Кейін Алматы облысының сол кездегі әкімі Марат Сұлтанғазиев жоба туралы айтып, оны іске асыру өңірдегі туризмнің дамуына серпін беретінін атап өткен.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 15:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары