Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Шатдаун мұқтаждарға көмекті тоқтатты

Шатдаун мұқтаждарға көмекті тоқтатты

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АҚШ-тағы шатдаунның, яғни үкімет жұмысының ішнара тоқтағанына бүгін 21-күн. Конгресс осы айда 11 рет бюджетке қатысты ортақ шешімге келе алмады. Құжат бекуі үшін 50 сенатордың дауысы қажет. Алайда бұл жолы 50-ы қолдау білдірсе, 43-ы қарсы шыққан. 

Шатдаун одан әрі созылса, келесі айда 42 млн америкалық азық-түлік көмегінсіз қалуы мүмкін. Яғни демократтар мен республикашылар арасындағы текетірес Құрама Штаттардағы мұқтаж жандар, соның ішінде 13 млн баланы әлеуметтік көмектен қағуы ықтимал. Америкадағы ахуал туралы әріптесім Зайнұр Байжігіт баяндайды. 

АҚШ-тың әр сегізінші тұрғыны әлеуметтік көмекке мұқтаж. Ал шатдаун осы осал топтың жағдайын одан сайын нашарлататын түрі бар. Бюджет бекітілмегендіктен, атаулы әлеуметтік көмек резервттегі қордың ақшасы есебінен төленуде. Алайда миллиондаған америкалық бұл көмекті алатынын ескерсек, 6 млрд доллар алдағы екі аптада-ақ таусылуы мүмкін. Өйткені, бюджеттен әлеуметтік төлемге ай сайын 8 млрд доллар керек.

Али Хард, әлеуметтік бағдарламалар бойынша қауымдастық директоры:

- Осындай қиын-қыстау кезеңде тұрмысы нашар отбасылар күн көрудің түрлі амалын жасайды. Балалар қоспасы ұзаққа жетсін деп, кейбірі суды көбірек қосады. Ал бұл баланың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. 

Осы айда федералдық мекеме қызметкерлеріне айлық әлі берілген жоқ. Көбі балаларының оқуын төлей алмай жүр. Тіпті күнделікті беретін ақшасын таппай дал.

Энтони Ли, ақысыз демалысқа жіберілген қызметкер:

- Екі студенттің әкесімін. Ұлымен оқуының ақысын төлей алмаймын деп ашық сөйлестім. Өйткені артық ақша жоқ. Ал бар мәселе Конгрессте болып тұр.

Билл Уайетт, Солт-Лейк-Сити әуежайлар департаментінің атқарушы директоры:

- Күнделікті қажет заттар жиынтығын береміз. Біз сондай-ақ  жанармай талонын таратамыз. Осылай ақысыз жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің жағдайын жеңілдетуге күш салып жатырмыз. 

Шатдаун, яғни АҚШ-тағы саяси дағдарыс қай уақытқа дейін созылатыны белгісіз. Республикашылар медициналық сақтандыруға қатысты салықтық жеңілдіктерді алып тастамақшы. Бұл демократтардың наразылығын тудырды. Олардың айтуына қарағанда, бұл миллиондаған америкалықтың медициналық көмек алатын құқығын шектейді. Әзірге бұл текетіресте райынан қайтар ешкім жоқ. 

Майк Джонсон, АҚШ конгрессінің өкілі, республикашы:

- Демократтар саяси ойын ойнап отыр. Олар халықтың мүддесі үшін дұрыс шешім қабылдауға тиіс. 

Хаким Джеффрис, АҚШ конгрессінің өкілі, демократ:

- Республикашылардың денсаулық сақтау жүйесі бойынша жоспары қолдауға мүлде келмейді. Осы позициямызда қаламыз. Бір жыл бойы халықтың медициналық көмек алу құқығын қорғауға күш салып келдік. Ал республикашылар оны қысқартуға талпынып отыр.

Америкалықтардың еңбек нарығына деген сенімі де азая бастады. Ассошиэйтед пресс агенттігі жүргізген сауалнамаға қарағанда, халықтың 47 пайызы жұмыссыз қалса, екі қолға күрек таппаймыз ба деп қорқады. Ал 40 пайызы медициналық қызмет пен тұрғын үй ақысын төле алмай қиналып жүр. Үштен бірі жанармай бағасының өсуі олардың тұрмыс тіршілігіне әсер еткенін айтқан. Бюджет таяуда бекімесе, Конгресстегі текетірестің салдары ауыр болмақ. Федералдық қызметкерлер ғана емес, тұтастай Америка халқы зардап шегеді, - дейді сарапшылар. 

Авторы: Зайнұр Байжігіт

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары