Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Асхат Аймағамбетов: Әлеуметтік әділеттілік көмекті схемамен иеленетіндерге емес, шын мұқтаждарға беру

Асхат Аймағамбетов: Әлеуметтік әділеттілік көмекті схемамен иеленетіндерге емес, шын мұқтаждарға беру

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkystan» газетіне берген сұхбаты стратегиялық прагматизмнің айқын көрінісі екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Депутат Мемлекет басшысының бұл сұхбаты бірнеше іргелі тұжырымды айқындап бергенін атап өтті:

1. Көшбасшылық пен менеджмент

Питер Друкердің «Менеджмент – істі дұрыс істеу, ал көшбасшылық –  дұрыс істі істеу» деген сөзі бар. Бұл сұхбатта Президент дәл осы көшбасшылықты көрсетіп отыр.

Саясаткерлер «лайк» қуып, сайлаушының көңіліне қарап жалтақтайтын жаһандық популизм дәуірінде ол «дұрыс істі істеу» (Doing the right thing) жолын таңдауда. Тіпті, ол шешімдер уақытша қолайсыз көрінсе де. Ол «мемлекет маған қарыз, бәрін мемлекет шешуі тиіс» деген инфантильді көзқарасты емес, жауапты серіктестік моделін ұсынуда. 

2.Мемлекеттегі ахуалға қатысты Президент артық пессимизмге де, даңғаза оптимизмге де ұрынбай, байсалды әрі шынайы көзқарас білдірді. 

Метафорамен айтсақ, біздің экономика сырттай зәулім сарайға ұқсайды (ІЖӨ өсіп жатыр, көрсеткіштер жақсы), бірақ ішкі инженерлік жүйелері күрделі жөндеуді қажет ететін үй секілді.

Президент әдемі қасбеттің ар жағындағы проблемаларды ашық айтуға дайын басшы ретінде көрінді: инфляцияны тежеу, логистиканы дамыту, жүйелік реформалар – мұның бәрі сол «үйдің» құламай, берік тұруы үшін қажет.

3. «Анти-Гэтсби» көзқарасы

Сұхбаттың ең терең қабаты – құндылықтар мәселесі. Модернизация – Батыстың институттары мен идеяларын механикалық көшіру емес. Бұл – заманауи құндылықтарды өз мәдени кодымызға сіңіру үдерісі.

Президент әлеуметтік процестерді терең түсінетінін көрсетті. Батыстың серпілісі кездейсоқ пайда болған жоқ – оны еңбек этикасы мен қарапайымдылықты дәріптеген Реформация, білім мен ғылымды культке айналдырған ағартушылық, жекеменшік пен құқық үстемдігін орнықтырған жүйе қалыптастырды. Шығыстың да өз жолы бар: конфуцийлік этика, тәртіп, меритократия, білім культі және қоғам алдындағы жауапкершілік.

Біздің модернизация – солардың соқыр көшірмесі емес, заң, білім, технология, еңбекқорлық пен этиканы ұлттық болмысымызға үйлестіру. Президент «даңғойлық» пен ренталық өмір салтына қарсы, Еңбек пен Білім культін ұсынады. Бұл – «көрінуге» емес, «болуға» үндейтін философия.

4. Жалған мүгедектер мен «аграрлық олигархтар» туралы айтылған ойлар да өте маңызды. Президент тек шенеуніктерді ғана емес, мемлекетті алдауға дағдыланғандарды да сынға алды. Бұл – «билік үнемі кінәлі, ал қарапайым адам әрдайым мінсіз» деген жалған шаблоннан бас тарту.

Нағыз әлеуметтік әділеттілік – көмекті схемамен иеленетіндерге емес, шынымен мұқтаж жандарға беру.

5. Жасанды интеллект – стратегиялық таңдау. 2026 жылды Жасанды интеллект жылы деп жариялау – елді «орташа табыс тұзағынан» және шикізатқа тәуелділіктен шығаруға бағытталған маңызды қадам.

Президент NVIDIA басшысының «көк жейделілер» туралы сөзін бекерге келтірген жоқ: болашақта код пен құралдың, жұмысшы мамандардың маңызы тең болатынын жақсы түсінеді. Жұмысшы мамандықтарына басымдық беру, жаңа марапаттар, Жұмысшы мамандықтары жылы – бәрі бір жүйелі стратегияның бөлігі.

6. Сталин мен Троцкий мысалы – сәттік конъюнктураға жасалған ащы ишара. Президент «лайк» пен трендтің тарихта қалмайтынын жақсы түсінеді. Тарих шуды емес, нәтижені сақтайды. Бұл дискурстың құбылмалылығын түсінуін және тарихи ойлаудың маңыздылығын көрсетеді.

Заң мен тәртіп, тазалық (соның ішінде ментальді гигиена мен рухани даму), ағартушылық – бұл кейін ел дамуына қуатты серпін беру үшін қысылып тұрған серіппе іспетті. 

– Модернизацияның дайын рецепті жоқ, әр ұлттың өз бағыты, өз жолы бар. Бұл сұхбат бізге сол картаны түсінуге жақсы мүмкіндік береді. Бұл – ересек адамдарға арналған «ересек мемлекеттің» ұстанымы. Ал ересектерде, құр ғажайыпқа сенудің орнына жоспар және оны жүзеге асыратын ерік-жігер болады, – деді Асхат Аймағамбетов.
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:249
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қаңтар 2026 12:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары