Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Фитосанитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 6 тонна жаңа піскен қияр Ресей Федерациясына кері қайтарылды

​ChatGPT әзірлеушілері мен AliExpress Қазақстанда салықтан қашып құтылмады

Футболдан ӘЧ 2026: Винисиус Бразилия құрамасына ірі жеңіс сыйлады

Алжир футбол федерациясы Месси мен төрешінің үстінен шағым түсірді

Түркістан облысында табиғатқа шыққандар нөсер жаңбырдан кері қайта алмай қалды

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр

Атырауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы ауысты

Бұрынғы ҰҚК басшысының күйеу баласы жаңа істің ортасында қалды

Қазақстан Президенті Саида Мирзиёеваны қабылдады

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем кубогы бәсекесінде үздік үштікке кірді

Алматыда ірі базар сүрілді әкімдік себебін түсіндірді

Қазақстанда 24 маусымнан бастап 2000 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылады не білу керек

Адам жанының арашасы

Атырауда BMW көлігі бағанаға соқтығысып, қоршауға соғылды

Балқашта салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындалды

Елімізде ЖОО ға құжат қабылдау басталды

Еуроодақ елдері Украина бойынша келіссөздерге қатысады Франция президенті

Ірі мұнай химия жобаларына тартылған мердігерлерді Атырау облысында тіркелуге шақырды

Іздеудегі күдікті Түркиядан экстрадицияланды

Жетісу маңында табылған ескі қалашыққа германиялық мамандар қызығушылық танытқан

Шерхан Мұртаза Колбин Гамлет

Шерхан Мұртаза Колбин Гамлет

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

1989 жыл. Алматыдағы Жастар театрында премьера. Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмасы қойылады. Режиссері – Райымбек Сейітметов. Спектакльдің афишасы іліне салысымен кассада билет қалмады. Замана зобалаңын сахнадан көреміз деген халықтың ынта-ықыласында шек болған жоқ. Әртістер дайындалып жүр. Бірақ басшылықтың уайымы басқада еді. Өйткені премьераға бірінші хатшы Генадий Колбиннің өзі келе жатыр...

Осы тұста ой кідіртейік. Өнер табиғаты – үйретуші емес, ұсынушы. Ол бізге айна ұсынады. Одан өзімізді көреміз. Көңілімізде көлегейленіп қалған «мәтіндерге» сәуле түсіріп оқимыз. Дәтіміз шыдаса, әрине. Ал премьерада отырған Колбин ішіндегі мәтінін қалай оқыды екен? Айнаға батыл қарай алды ма?

Көрермен арасында журналист Сауытбек Абдрахманов та отыр еді. Мемлекеттік қызметте жүрген кезі. Бірінші хатшының протоколға сәйкес әрекеттерінен хабардар. Яғни, бәрі әдеттегідей болуы керек. Шымылдық жабылады. Көрермен қол соғады. Колбин театр ұжымына алғыс айтады. Басты рөлді сомдаған актерлермен қол алысады. Директордың кабинетінде жайылған дастархан бар. Соған барады. Бірақ іс жүзінде оның бірі де болмады. Әрі қарай Сауытбек ағаның өз аузынан естігеніміз:

«Бір көзім сахнада, бір көзім Колбинде. Эмоциясы бетіне шығатын адам еді. Қабағы түйілді, беті қусырылды. Ішіндегі алай-дүлей хәлі жүзінен бір-ақ көрінді. Бірақ «тегін адам таз болмайды» дегендей, түйсігі бар ғой. Он минуттан кейін түрі өзгере бастады. Сахнада Сталин мен Голощекин тұрғанымен, санада Горбачев пен Колбин тұрғанын түсінді. Түсінгені сондай қойылым аяқталысымен-ақ сыртқа беттеп жүре берді. Ақыры көлігіне отырды да, кетті де қалды. Премьерадан кейінгі іс-шаралардың бәрі жайына қалды».

Ш. Мұртазаның «Сталинге хат» драмасы. Сталин рөлінде Райымбек Сейітметов

Осы жағдай «Гамлет» трагедиясындағы бір сахнаны еске салады. Дат елінің королі бауыры Клавдийдің опасыздығынан опат болады. Зымиян інісі патшалықты өзі иемденіп, жесір жеңгесін арбап алады. Әкесінің шын мәнінде қалай қаза болғанын тақ мұрагері Гамлеттен жасырады. Алайда марқұмның әруағымен тілдескен баласы Клавдийдің кәззаптығын іштей болжап жүреді. Бірақ тап басып айта алмайды. Сонда ол өзгеше бір амал табады. Сарайға сырнай-кернейін сүйреген әртістерді алдырады һәм оларға бұрынғыдан өзгеше қойылым қоюды тапсырады. Тақ мұрагерінің тапсырмасына олар, әлбетте, ләббай айтысады. Сонымен патша сарайында театр болып жатыр. Алдыңғы қатарда – Гамлеттің шешесі мен өгей әкесі Клавдий.

Актерлер әлдебір патша мен патшайымның оқиғасын бейнеледі. Екеуі бір-біріне ізет білдіріп, құшақтасады. Зайыбы ерінің алдында тізе бүгіп, өзінің адалдығына ант береді. Сонан соң шым үстіндегі төсектеріне барып жатады. Ол ұйықтаған соң әйелі кетеді. Ізінше патшаның бауыры келіп, корольдің басынан тәжін алып, құлағына у құяды да, кете береді. Королева қайта келгенде өліп жатқан корольді көріп, аласұрады. Екі-үш қабіршіні ертіп улаушы қайта оралады. Ол әйелдің қайғысына ортақтасқандай ишара қылады. Әртістер өлікті алып кетеді. Улаушы королеваға сыйлық ұсынады, оны баурай бастайды. Әйел әуелде бұның құмарлығын құптамай ашуланады, ақырында райынан қайтып илігеді.

Қойылымның өзі туралы екенін ұққан Клавдий орнынан тұрып кетеді. Ойынды тоқтатып, Гамлетке шүйлігеді. Ол болса мүлде саспайды. Себебі сезікті адам бірінші секірмей ме?

«Бұл өзі шылғи шіріп жатқан айла-шарғының әлегі. Онда біздің не шаруамыз бар?! Ұлы мәртебелім, бұның бізге, біздің тап-таза ар-ұятымызға ешқандай қатысы жоқ. Жауыр мастектің жарасына қатты батса, сол-ақ жүресінен жата қалсын. Ал, біз болсақ, ондай жауыр-жарақаттан аманбыз», дейді Гамлет.

Осы сәтте тақ мұрагерінің күдігі расталады. «Сталинге хатты» көріп отырған Колбиннің әрекеті де осыдан айнымады. Сондағы Гамлеттің ішкі кернеуі Шерханның да шері болып төгіледі:

«Спектакльге Колбиннің өзі келді. Міне, қаһарлы шақ. Қорқынышты ма, жоқ па? Оның нөкерлері де пппкелді, көрді. Халық деген көп. Колбиннің қабағы салбырап түсті, тістенді білем, кім біледі, тісін шықырлатқан да шығар, бірақ ләм демеді, не болса да ішінде кетті. Міне, мүмкін сол сәтте ойға қалған шығар, мына халықпен ойнауға болмайтынын ойлаған шығар. Кім біледі, тағдыр ма, жазу ма, елде халықтың қарғысы ма, Қазақстаннан кетті, көп ұзамай дүниеден қайтты. Әйтпесе соншалықты басы жерге тиіп тұрған жан емес еді». Райымбек Сейітметов хақында жазылған мақаласында Шер-ағаң осылай дейді.

Жазушы қойылымдағы Ғабит Мүсіреповтің аузына мынадай сөз салады: «Үнсіз қалу да жарамас. Лақ екеш лақ та бауыздарда тұяқ серпіп қалмаса па?!». Ал Шекспир өзінің Гамлетін былай сөйлетеді:

«Жаралы марал өкірмек,

Жарасыз марал секірмек».

Иә, жаралы маралдың жан дауысын кімдер естіп жатыр? Аянышты хәлін кім көріп жатыр? Әлпетінде әділет сәулесі жоқ жанның естігісі келмейді, көргісі де жоқ. Ал өнер сол шындықты қинап отырып көзіне көрсетеді, құлағының түбінде ойнатады. Тұп-тура Гамлеттің әртістері мен Шерханның «Сталинге хаты» сияқты.

Айтқандай, ізін пышақтап, тыңшылық жасап жүрген Гильденстернді Гамлет шақыртып алып, сыбызғы тартуын өтінеді. Ол оны мүлде тарта алмайтынын, тіпті қолына ұстап көрмегенін айтып, басын ала қашады. Сонда Гамлет:

«Қарапайым сыбызғының сырын білмей тұрып, менің жанымның пернелерін тапқыңыз келе ме? Сонда қалай, сырымды ашпақ сыбызғыдан жеңіл ме? Мені қандай аспап десеңіз де, еркіңіз білсін, күйімді бұзуыңыз мүмкін. Бірақ, Сіз мені сайрата алмассыз», деп бір-ақ қайырады.

Кім білсін, Колбин де қазақ халқының көңіл пернесін ешқашан таппайтынын сол кезде түсінген шығар.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Президент • Бүгін, 14:37

Олимпиада басталды: Елдегі қысқы ойындардың даму деңгейі қандай?

Олимпиада • Бүгін, 14:10

Қазақстан мен Үндістан бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосуы мүмкін

Қазақстан • Бүгін, 13:50

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Банк • Бүгін, 13:00

Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

Мектеп • Бүгін, 12:55

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Спорт • Бүгін, 12:49

Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын

Қазақстан • Бүгін, 12:22

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 12:06

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 11:48

Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 11:35

Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?

Экология • Бүгін, 11:28

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18

Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?

Қоғам • Бүгін, 11:08

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 15:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Фитосанитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 6 тонна жаңа піскен қияр Ресей Федерациясына кері қайтарылды

20 Маусым 2026 18:39see130

​ChatGPT әзірлеушілері мен AliExpress Қазақстанда салықтан қашып құтылмады

20 Маусым 2026 18:39see122

Футболдан ӘЧ 2026: Винисиус Бразилия құрамасына ірі жеңіс сыйлады

20 Маусым 2026 10:38see116

Алжир футбол федерациясы Месси мен төрешінің үстінен шағым түсірді

20 Маусым 2026 15:14see115

Түркістан облысында табиғатқа шыққандар нөсер жаңбырдан кері қайта алмай қалды

21 Маусым 2026 12:37see115

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр

21 Маусым 2026 09:11see115

Атырауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы ауысты

20 Маусым 2026 18:37see115

Бұрынғы ҰҚК басшысының күйеу баласы жаңа істің ортасында қалды

20 Маусым 2026 18:38see114

Қазақстан Президенті Саида Мирзиёеваны қабылдады

21 Маусым 2026 15:03see113

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем кубогы бәсекесінде үздік үштікке кірді

21 Маусым 2026 21:53see112

Алматыда ірі базар сүрілді әкімдік себебін түсіндірді

20 Маусым 2026 12:33see112

Қазақстанда 24 маусымнан бастап 2000 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылады не білу керек

21 Маусым 2026 15:28see111

Адам жанының арашасы

21 Маусым 2026 20:51see110

Атырауда BMW көлігі бағанаға соқтығысып, қоршауға соғылды

20 Маусым 2026 18:38see109

Балқашта салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындалды

20 Маусым 2026 23:35see108

Елімізде ЖОО ға құжат қабылдау басталды

20 Маусым 2026 13:39see104

Еуроодақ елдері Украина бойынша келіссөздерге қатысады Франция президенті

20 Маусым 2026 21:01see104

Ірі мұнай химия жобаларына тартылған мердігерлерді Атырау облысында тіркелуге шақырды

20 Маусым 2026 18:39see103

Іздеудегі күдікті Түркиядан экстрадицияланды

21 Маусым 2026 08:39see102

Жетісу маңында табылған ескі қалашыққа германиялық мамандар қызығушылық танытқан

21 Маусым 2026 14:05see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары