Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Шерхан және Гамлет

Шерхан және Гамлет

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

1989 жыл. Алматыдағы Жастар театрында премьера. Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмасы қойылады. Режиссері – Райымбек Сейітметов. Спектакльдің афишасы іліне салысымен кассада билет қалмады. Замана зобалаңын сахнадан көреміз деген халықтың ынта-ықыласында шек болған жоқ. Әртістер дайындалып жүр. Бірақ басшылықтың уайымы басқада еді. Өйткені премьераға Генадий Колбиннің өзі келе жатыр...

Осы тұста ой кідіртейік. Өнер табиғаты – үйретуші емес, ұсынушы. Ол бізге айна ұсынады. Одан өзімізді көреміз. Көңілімізде көлегейленіп қалған «мәтіндерге» сәуле түсіріп оқимыз. Дәтіміз шыдаса, әрине. Ал премьерада отырған Колбин ішіндегі мәтінін қалай оқыды екен? Айнаға батыл қарай алды ма?

Көрермен арасында журналист Сауытбек Абдрахманов та отыр еді. Мемлекеттік қызметте жүрген кезі. Бірінші хатшының протоколға сәйкес әрекеттерін хабардар. Яғни, бәрі әдеттегідей болуы керек. Шымылдық жабылады. Көрермен қол соғады. Колбин театр ұжымына алғыс айтады. Басты рөлді сомдаған актерлермен қол алысады. Директордың кабинетінде жайылған дастархан бар. Соған барады. Бірақ іс жүзінде оның бірі де болмады. Әрі қарай Сауытбек ағаның өз аузынан естігеніміз:

«Бір көзім сахнада, бір көзім Колбинде. Эмоциясы бетіне шығатын адам еді. Қабағы түйілді, беті қусырылды. Ішіндегі алай-дүлей хәлі жүзінен бір-ақ көрінді. Бірақ «тегін адам таз болмайды» дегендей, түйсігі бар ғой. Он минуттан кейін түрі өзгере бастады. Сахнада Сталин мен Голощекин тұрғанымен, санада Горбачев пен Колбин тұрғанын түсінді. Түсінгені сондай қойылым аяқталысымен-ақ сыртқа беттеп жүре берді. Ақыры көлігіне отырды да, кетті де қалды. Премьерадан кейінгі іс-шаралардың бәрі жайына қалды».

Осы жағдай «Гамлет» трагедиясындағы бір сахнаны еске салады. Дат елінің королі бауыры Клавдийдің опасыздығынан опат болады. Зымиян інісі патшалықты өзі иемденіп, жесір жеңгесін арбап алады. Әкесінің шын мәнінде қалай қаза болғанын тақ мұрагері Гамлеттен жасырады. Алайда марқұмның әруағымен тілдескен баласы Клавдийдің кәззаптығын іштей болжап жүреді. Бірақ тап басып айта алмайды. Сонда ол өзгеше бір амал табады. Сарайға сырнай-кернейін сүйрегін әртістерді алдырады һәм оларға бұрынғыдан өзгеше қойылым қоюды тапсырады. Тақ мұрагерінің тапсырмасына олар, әлбетте, ләббай айтысады. Сонымен патша сарайында театр болып жатыр. Алдыңғы қатарда – Гамлеттің шешесі мен өгей әкесі Клавдий.

Актерлер әлдебір патша мен патшайымның оқиғасын бейнеледі. Екеуі бір-біріне ізет білдіріп, құшақтасады. Зайыбы ерінің алдында тізе бүгіп, өзінің адалдығына ант береді. Сонан соң шым үстіндегі төсектеріне барып жатады. Ол ұйықтаған соң әйелі кетеді. Ізінше патшаның бауыры келіп, корольдің басынан тәжін алып, құлағына у құяды да, кете береді. Королева қайта келгенде өліп жатқан корольді көріп, аласұрады. Екі-үш қабіршіні ертіп улаушы қайта оралады. Ол әйелдің қайғысына ортақтасқандай ишара қылады. Әртістер өлікті алып кетеді. Улаушы королеваға сыйлық ұсынады, оны баурай бастайды. Әйел әуелде бұның құмарлығын құптамай ашуланады, ақырында райынан қайтып илігеді.

Қойылымның өзі туралы екенін ұққан Клавдий орнынан тұрып кетеді. Ойынды тоқтатып, Гамлетке шүйлігеді. Ол болса мүлде саспайды. Себебі сезікті адам бірінші секірмей ме?

«Бұл өзі шылғи шіріп жатқан айла-шарғының әлегі. Онда біздің не шаруамыз бар?! Ұлы мәртебелім, бұның бізге, біздің тап-таза ар-ұятымызға ешқандай қатысы жоқ. Жауыр мастектің жарасына қатты батса, сол-ақ жүресінен жата қалсын. Ал, біз болсақ, ондай жауыр-жарақаттан аманбыз», дейді Гамлет.

Осы сәтте тақ мұрагерінің күдігі расталады. «Сталинге хатты» көріп отырған Колбиннің әрекеті де осыдан айнымады. Сондағы Гамлеттің ішкі кернеуі Шерханның да шері болып төгіледі:

«Спектакльге Колбиннің өзі келді. Міне, қаһарлы шақ. Қорқынышты ма, жоқ па? Оның нөкерлері де пппкелді, көрді. Халық деген көп. Колбиннің қабағы салбырап түсті, тістенді білем, кім біледі, тісін шықырлатқан да шығар, бірақ ләм демеді, не болса да ішінде кетті. Міне, мүмкін сол сәтте ойға қалған шығар, мына халықпен ойнауға болмайтынын ойлаған шығар. Кім біледі, тағдыр ма, жазу ма, елде халықтың қарғысы ма, Қазақстаннан кетті, көп ұзамай дүниеден қайтты. Әйтпесе соншалықты басы жерге тиіп тұрған жан емес еді», Райымбек Сейітметов хақында жазылған мақаласында Шер-ағаң осылай дейді.

Жазушы қойылымдағы Ғабит Мүсіреповтің аузына мынадай сөз салады: «Үнсіз қалу да жарамас. Лақ екеш лақ та бауыздарда тұяқ серпіп қалмаса па?!». Ал Шекспир өзінің Гамлетін былай сөйлетеді:

«Жаралы марал өкірмек,

Жарасыз марал секірмек».

Иә, жаралы маралдың жан дауысын кімдер естіп жатыр? Аянышты хәлін кім көріп жатыр? Әлпетінде әділет сәулесі жоқ жанның естігісі келмейді, көргісі де жоқ. Ал өнер сол шындықты қинап отырып көзіне көрсетеді, құлағының түбінде ойнатады. Тұп-тура Гамлеттің әртістері мен Шерханның «Сталинге хаты» сияқты.

Айтқандай, ізін пышақтап, тыңшылық жасап жүрген Гильденстернді Гамлет шақыртып алып, сыбызғы тартуын өтінеді. Ол оны мүлде тарта алмайтынын, тіпті қолына ұстап көрмегенін айтып, басын ала қашады. Сонда Гамлет:

«Қарапайым сыбызғының сырын білмей тұрып, менің жанымның пернелерін тапқыңыз келе ме? Сонда қалай, сырымды ашпақ сыбызғыдан жеңіл ме? Мені қандай аспап десеңіз де, еркіңіз білсін, күйімді бұзуыңыз мүмкін. Бірақ, Сіз мені сайрата алмассыз», деп бір-ақ қайырады.

Кім білсін, спектакльде отырған Колбин мырза да қазақ халқының көңіл пернесін ешқашан таппайтынын сол кезде түсінген шығар.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды

Аймақтар • Бүгін, 14:23

Ыстықкөлдегі курорттық нысандар қашан жаңғыртылады?

Сенат • Бүгін, 14:15

Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:01

Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты

Әлем • Бүгін, 12:51

Нұрай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді

Қоғам • Бүгін, 12:47

Ірі салық берешегі бар тұлғаларға елден шығуға тыйым салынады

Қоғам • Бүгін, 12:27

Қысқы Олимпиада ойындары: Ұландық спортшылар ел намысын қорғайды

Қысқы спорт • Бүгін, 12:12

Әлемдік мұнай өндіру өсіміне ықпал ететін елдер қатарында Қазақстан бар ма?

Экономика • Бүгін, 12:02

Дохада Қазақстанның Мәдениет күндері басталды

Қазақстан • Бүгін, 11:50

Павлодарда қанша адам онкологиялық ауруларға шалдыққан?

Аймақтар • Бүгін, 11:27

2025 жылы Қазақстан әлем елдеріне қанша тонна мұнай сатты?

Экономика • Бүгін, 11:18

Астанада заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерлер үйқамаққа алынды

Қоғам • Бүгін, 10:54

Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді    

Медицина • Бүгін, 10:49

Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесін әзірледі

Қоғам • Бүгін, 10:47

Велоспорттан Азия чемпионаты басталды

Спорт • Бүгін, 10:36

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 15:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары