Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Шөлге жан бітірген бағбан

Шөлге жан бітірген бағбан

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Дәл осындай табиғатқа жанашырлық пен еңбексүйгіштіктің жарқын үлгісін 65 жастағы Өрікбай Құдайбергенұлы ерекше көрсетіп жүр. Жамбыл облысы Көкдала ауылының тұрғыны небәрі бес-ақ үйі бар құмды мекенге 5 000-нан астам ағаш отырғызған. Жасыл бақтың бағбаны атанған Өрікбай ағамен тілдестік.

– Ауылыңызға мұндай бау-бақша егу идеясы қайдан келді? Табиғатқа деген махаббатыңыз бала кезіңізден басталды ма?

– Менің туып-өскен жерім – Көкдала ауылы. Менің әкем өмірінің соңына дейін малмен айналысқан. Бала күнімізде осы Көкдаланың құмында біз де әкеміздің соңында жүріп мал бақтық. Сол кезде баламын ғой, жаздың аптап ыстығында құмның ішінде саялайтын көлеңке жоқ, «Шіркін, көп тал болса ғой, малды жайып қойып көлеңкеде жататын» деп армандай­тынмын. Сол балалық шағымның қиялын жүзеге асырайын деп, өзімнің кіндік қаным тамған Көкдаланың құмына қалдырған ізім болсын деген ойымнан туындаған идея болды.  

Отбасылы болған соң, күнкөріс қамымен әр өңірде жүргізуші болып еңбек еттім. Біраз жыл Байқадам, Жаңатас, Тараз қалаларында тұрдым. Кейін 15 жылға жуық Атырауға тұрақтадым. Сол жақта жүргенімде әйелімнің денсаулығы нашарлап, бір күні: «Елге қайтқанымыз дұрыс шығар», – деді. Сөйтіп, туған ауылға оралдық. Алғаш келген жылдары шамамен бес жылдай мал шаруа­шылығымен айналыстым. Алайда жұбайым дүние салғаннан кейін бұл істі жалғыз атқару ауыр соқты. Оның үстіне, басқа бір тірлікке араласпасам, уайым мен мұңның құрсауында қалып қоюым мүмкін еді.

Кімге де болса, отыз жыл отасқан жа­рыңнан айырылу оңай емес. Кей адамдардың осындай қайғыны көтере алмай, ішімдікке салынып кеткенін де көрдім. Мен ондай жолға түспейін деп, табиғатпен тіл табысып, тіршілік атаулының өскенін көріп, содан медет іздедім. Адам жұмыс істеп, бір іспен шұғылданса, ойы да, көңілі де өзгереді ғой. Оның үстіне, бар-жоғы бес-ақ үйі бар ауылда өзіңді өзің қамшыламасаң, басқа кім дем бермек?

Қазір екі қызым Атырауда, үлкенім аудан орталығында, ауылдан шамамен 100 шақырым жерде тұрады. Үшеуі де тұрмыста, өз тіршілігі бар. Олар мұнда жиі келе алмайды, мен де оларды мазалай бермеймін. Сөйтіп, қол қусырып отыра бермейін деп, ағаш егу ісін қолға алдым. Басында бес-алты талдан ғана бастаған едім. Құм басқан жерде өсімдік шығару оңай шаруа емес, бірақ алғашқы егілген талдың көктеп, жайқалғанын көрген сайын, шабыттанып, үсті-үстіне еге бердім. Әуелде тек терек отырғызғанмын, кейін жеміс ағаштарына да көңіл бөле бастадым. 

– Қазір аулаңыз тұнып тұрған жасыл желек. Бұл жердің жалпы көлемі мен егілген ағаштардың түр-түрін өзіңіз қалай таңдайсыз? Әрбір талдың артында бір естелік бар сияқты, солай ма?

– Иә, аулама қонақтап келген жандардың барлығы таңғалып жатады. Ауламда бүгінде алма мен шиенің бірнеше түрі, сондай-ақ алмұрт, анар және айва ағаштары өсіп тұр. Мұнымен шектелмеймін, жер жетеді. Шамамен 2 гектар. Әлі де ағаш егу жоспарда бар. Ауламда қазір 2 000-нан астам шырша, 2 000-ға жуық жеміс ағашы және 1 000-нан аса терек бар. Шыршаларды биыл ғана отырғыздым. Әрине, олардың бірден өсіп кетпейтіні белгілі. Бірақ соңына дейін шыдап, күтіп-баптап, барынша дұрыс қарап, өсіріп шығаруға ниеттімін. Ағаштар бірден жайқалып шыға қалмайтыны айдан анық. Бірі жер ауысқан соң «ауырады», енді бірі климатқа көп уақыт бой үйретеді. Мал да жер ауыстырса, түрлі дертке ұшырайды ғой. Сондықтан шыдап бағып, асықпай баптаймын. Егу бір басқа, ал оны өсіру тіптен бөлек. «Осы жақсы өседі-ау» дегенің келесі жылы шықпай қалады. Асықпай, аптықпай күтіп, келесі жылы басқа жерге егемін. Шықпай қалғандардың орнын жыл сайын толықтырып отырамын. Жыл сайын наурызда 100-200 түп алып келемін. Олардың бой үйретуіне 2-3 жылдай уақыт кетеді.

– Түгел бір бақты суарып шығу қиын емес пе?

– Әлбетте, қиын. Мұның бәрін бір күнде суару мүмкін емес. Үшінші күні түгел алқапты суарып біткен соң, ертесі қайтадан бастаймын. Қалың құмның ортасында тұрған соң су тұрмайды. Тез сіңіріп алады. Жаздыгүні 50 градус аптап ыстық болғанда үш күнге бөлмей, күн сайын суару керек болады. Кейде түскі ас ішпейтін кездерім бар. Таңғы шайдан кейін үйге кешке ғана кіріп, шай ішіп, «құлаймын». Неге екенін білмеймін, қарным мүлде ашпайды. Су ішіп жүре беремін. Тамақ туралы тіпті ойламаймын. Бәлкім, өз қолыңмен еккен дүниеңнің өсіп, жемісін беріп жатқанына тамсанып, көңілім тоқ болып жүргеннен болар.

Ауламдағы 2 құдықтан су алу қара күшті талап етеді. Бүкіл алқапқа құбыр тартып, бір-біріне жалғап, суарамын. Күніне бірнеше мотор үздіксіз тоққа қосулы тұратындықтан, жарыққа төлейтін қаржы қымбат. Алдағы уақытта бұл жұмысты оңай әрі оңтайлан­дыратын бассейн қазсам ба деген жоспарым бар. 10 шақты КамАЗ-бен тас түсіріп, ірі су қоймасын соқтырсам деген мақсатты көздеп жүрмін. Құдықтан әр жерге құбыр тартып жүргенше, сол бассейннен барлық жерге су тарайтындай болса, шіркін.

– Кейде бәрін тастап кеткіңіз келген сәттер болды ма? Сондайда өзіңізді қалай қайрадыңыз?

– Жалғыздық деген оңай емес. Басына түспеген адам білмейді. Басында қатты қи­налдым. Жалғыз адамға ас-ауқат та батпайды ғой. «Өтпейтін өмір жоқ, сын­байтын темір жоқ» демекші, өзімді қолға алмасқа амал болмады. Тірлікке аралассаң, ой да, көңіл де басқа жаққа бөлінеді ғой. Онымен қоса, 5-ақ үй тұратын ауылда өзің­ді-өзің қамшыламасаң, басқа кім қамшылайды?!

– Егер мүмкіндік болса, ауылда тағы қандай жобаны қолға алғыңыз келеді?

– Қаланың күйбелең тіршілігінен ауылдың тыныштығын аңсайтындар көп. Сондай жандарға арнап аптаның соңында бала-шағасымен табиғат аясында, таза ауада демалыс күндерін өткізетін демалыс орталығын ашқым келеді. Әрине, әзірге тек қиялым ғой. Күйеубалаларым мен қыздарымның арасында осыны қолға алатыны болса, қуана қолдар едім. Себебі қазір балалар смартфонда өсіп жатыр, шынайы өмірде жеміс қалай өсіп-пісіп шығатынын білмейді. Бала-шағасымен келетін жандарға арнайы жеміс жинатып деген сияқты, неше түрлі іс-шаралар ұйым­дастыруға болар еді. Мектеп оқушыларына бір күндік практика есебінде биология сабағында ұстаздары алып келіп жатса, қуана-қуана бақшамды көрсетер едім. Жастар табиғатқа бет бұру керек, табиғи жолмен өсірілген жеміс-жидектер – жанның саулығы. Соны түсінген жастарға тек алғыс айтамын.

– 10 жылдан кейін осы бақты қалай елестетесіз?

– Бойымда күш-қуат барда бақшамды үлкейтуді тоқтатпаймын. Себебі ағаш егу – менің жан сүйіспеншілігім, өмірімнің мәніне айналған іс. Әр көктем сайын жаңа көшет отырғызып, олардың өскенін көрген сайын бойыңа қуат бітеді. Адам қимылдап, еңбек етіп жүргенде ғана өмірдің қызығын сезінеді. Алла өмір берсе, он жылдан кейін бұл жер көлеңкесі мол, саясы қалың жасыл баққа айналады деп сенемін. Құстар ұшып келіп, ұя салып, ағаштар жеміс беріп тұратын мекен болады. Бәлкім, балаларым мен немерелерім де осында жиі келіп, сол жемістерден дәм татып, туған жердің иісін сезініп қайтатын орынға айналар. Тірі тұр­сам, 10 жылдан соң тағы сұхбат аларсыздар.

– Аға, еңбегіңіз жемісті болсын!

Әңгімелескен 

Әсет ҚАЛИ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 05:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары