Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Талапкерге қанат бітірген

Талапкерге қанат бітірген

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Кейінгі жылдары қашықтан білім алу қалыпты үрдіске айналды. Ал осыдан бес-алты жыл бұрын онлайн оқуды көпшілік аса мойындай қоймаған еді. Сол уақытта батыл қадамға барып, білім саласына білек сыбана кіріскен жастың бірі – Жұлдызай Мұсаева. Қазір ол негізін қалаған «JUZ40» компаниясы бүгінде еліміздегі ең ірі «EdTech» жобалардың біріне айналды. Аталған компания жыл сайын мыңдаған талапкердің ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинап, қалаған оқу орнына грантқа түсуіне жол ашып келеді.

«Біздің осы жолдағы басты мұратымыз – білім мен тәрбиені қатар беріп, саналы ұрпақ қалыптастыру», дейді Жұлдызай Мұсаева. Бәлкім, содан да шығар жыл сайын ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140, 139 балл алатын оқушылардың дені – осы компанияның түлектері.

Бір қызығы, кейіпкеріміздің өзі 2015 жылы тестілеу тапсырғанда нәтижесі жаман болмаған. Бірақ грантқа бір балы жетпей қалыпты. Уни­вер­ситеттің алғашқы курстарын ақылы негізде оқығанымен, 3-курста грантқа ауысқан. Әрине, оның қадірін грантқа бір балы жетпеген талапкер ғана шын түсінеді. Бұл сезім олимпиадада төртінші орын алған спортшының күйіндей шығар, бәлкім. Мұны жақсы білетін Жұлдызай оқуға түсуге бір балы жетпеген оқушыларға жыл сайын өз атынан грант тағайындап келеді. Осы күнге дейін ол берген 34 грант 34 оқушының сөнгелі тұрған үмітін қайта жақты.

Жұлдызайдың жас та болса екі жарым мыңнан астам маманды жұмыспен қамтып, дәл қазір қырық мыңға жуық оқушыны тестілеуге дайындап отырған ауқымды жобаның тетігін ұстауы – үлкен жауапкершілік. Бұл – құр статистика емес, әр санның артында мыңдаған отбасының үміті тұрғанын көрсететін нақты факт. Ел дамуы­на ешқандай дабырасыз, үнсіз ғана үлес қосып жүрген Жұлдызай секілді жігерлі һәм жасампаз жастар қашанда үлгі.

Пайдасы көпке тиген жобаның жүйесі де мықты болса керек. Ұжымның басым бөлігі жас­тардан құралған. Көпшілігі бір кездері осы жобада өзі де оқып, кейін сол ортаға қызмет етуді таңдаған. Сондықтан олар талапкердің көңіл күйін, қарқынын, қай тақырыпта қиналатынын жақсы біледі.

«Дарынсыз шәкірт болмайды, дарынды аша алмайтын мұғалім болады. Балаға сенім артып, шырағын жаға білуіміз керек. Біздің онлайн жүйеде қызмет етуіміз де оқушының әлеуетін толық ашуға бағытталған. Біріншіден, бұл талапкердің уақытын үнемдейді. Жолға кететін уақыт қысқарған соң, оқушы апта сайын қосымша 3-6 сағатты дайындыққа арнай алады. Екіншіден, нәтиже көзден таса қалмайды. Әр тестілеуден кейін жүйе қай жерде қате кеткенін, қанша уақыт жұмсағанын, қай тақырыптың әлсіз екенін өздігінен шығарып береді. Үшіншіден, оқу материа­лы әрдайым қолжетімді. Бейнежазба, теория, тапсырма тәулік бойы ашық тұрады, бала қажет болса бір бөлімді қайта-қайта қарап, бекіте береді. Ең құнды артықшылықтың бірі – географиялық шектеу де жойылады. Маған бұл өте маңызды, өйткені мықты мұғалімнің сабағына тек қала­дағы бала ғана емес, елдің кез келген өңіріндегі талап­кер де қол жеткізе алуға тиіс. Бұл ауыл мен қала арасындағы білім алшақтығын азайтуға қызмет етеді», дейді ол.

Компанияның алдағы көп жоспарының бірі – 9-10 сынып оқушыларына арналған JUZ40 олимпиадасын өткізу. Мұндағы мақсат ҰБТ-ға жақындағанда ғана қамшы баспай, баланың қабілетін ертерек байқап, олардың бағытын дер кезінде айқындауға көмектесу.

«Егер білім беру тек бағдарлама мен тапсырмадан тұрса, ол жай ғана пән болып қалар еді. Ал балаға ең алдымен қолдау қажет. Бізге оқушылар көбіне мектепте немесе үйде таба алмаған қолдау үшін келеді. Олар кураторлармен ашық сөйлесіп, өз қиындықтарын жасырмай жеткізе алады. Сондықтан біз үшін ең маңыздысы – тек білім беру емес, оқушының жанында болып, оны түсіне білу», дейді Жұлдызай Мұсаева.

Соңғы жаңалықтар

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Ауылдан шыққан әлем чемпионы

Спорт • Бүгін, 08:55

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30

Атриенің тұңғыш кітабы

Әйел әлемі • Бүгін, 08:25

«Amazon»-да жұмыс істейді

Әйел әлемі • Бүгін, 08:20

Өз ісінің маманы

Әйел әлемі • Бүгін, 08:15

Гүл сыйлау әдебі

Қоғам • Бүгін, 08:10

Аудармашының еселі еңбегі

Қоғам • Бүгін, 08:05

Серіктестік сұлуларына ілтипат

Мереке • Бүгін, 08:00

Қазақстан құрамасы дзюдодан Австриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды

Қазақстан • Кеше

АҚШ Ирандағы мектепке жасалған соққыға қатысы бар екенін мойындады

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:247
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Наурыз 2026 09:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see131

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see122

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары