Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

ШҚО да ақтүтекте жол аршыған жандар бар

ШҚО да ақтүтекте жол аршыған жандар бар

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шығыс Қазақстан облысында апта бойы аяз тұр. Күн райының бұзылуына байланысты жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл күндері жол қызметкерлеріне дамыл жоқ. Олар күн, түн демей жолдарды тазалап, қар құрсауында қалып қойған жолаушыларды құтқарып жатыр.

Өзіне сенген осындай жүргізушілер алысқа кетпейді. «112» қызметінің ескертуін елемей кеткендер әдетте діттеген жеріне жете алмай, қар құрсауында батып қалады. 

Осындай жандарға бірінші болып көмекке келетіндердің бірі - Райымхан Нұрбаев. Ол Алматы-Өскемен тас жолындағы №30-шы жол пайдалану учаскесінің бригадасын басқарады. Бұл бағытпен күніне 8 мың көлік қатынайды.

Райымжан Нұрбаев, №30 жол пайдалану учаскесінің аға шебері:

- Әуежайға, вокзалға асығатын жандар болады. Тіпті шұғыл түрде ауруханаға баруы керек адамдар болуы мүмкін. Осы жандардың жолдары ашық тұрсын деп біз күндіз-түні жұмыс істеп жатырмыз.

Ол үшін ауа райының құбылуы жұмысқа шықпауға себеп емес. Райымхан Нұрбаев бригадасымен бірге боранда жол тазалап, батып қалған жолаушыларды құтқарады. Кей кезде өздерінің техникасы сынып қалады. Әріптестері оны жауапты маман ретінде таниды.

Дәурен Серікқанов, №30 жол пайдалану учаскесінің бас инженері:

- Райымхан аға жол саласында 22 жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Тұңғыш ұлын осы салаға жетелеп, оның кәсіби жолын ашқан. Өз іс шебері ретінде ҚазАвтоЖол ұжымы ішінде сыйлы, беделді азаматтардың бірі.

Нағыз еңбек адамы екі жыл бұрын зейнет жасына толды. Бірақ жұмыстан қол үзген емес. Қазір жылдар бойы жинаған тәжірибесін жастардың бойына сіңіріп, білгенін үйретіп жүр. Жалпы облыстағы республикалық бағыттарда жүзден аса маман қызмет етеді.

Еркін Итжанов, «ҚазЖарСервис» ЖШС ШҚОФ инженері:

- Жолдарға 100 бірлік техника жұмылдырылған. Одан бөлек 150 адам тәулік бойы қар тазалауға шығады. Олар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Синоптиктердің болжамы бойынша, өңірде 40 градустық аяздар әлі сақталады. Одан кейін қар жаууы ықтимал. Бұл ретте жол қызметкерлері тұрғындарға алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Әнел Есенбердина, Жігер Бабақанов

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 09:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары